Рынок не нәрсесіз әрекет ете алмайды? Жеке меншік және бәсеке.
Рынок не нәрсесіз әрекет ете алмайды? Жеке меншік және бәсеке.
Сабақтың тақырыбы: Рынок не нәрсесіз әрекет ете алмайды? Жеке меншік және бәсеке.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бәсеке, жеке меншік туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық сұрақтар арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа ,еңбек сүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Қызығушылықты ояту
Сабақтың барысы:
- I. Ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға бәсеке, монополия туралы түсінік беру
а) Бәсеке деген не?
ә) Өндіріс деген не?
б) Еңбекті бөлудің тиімділігі неде? Мысал келтір?
в) Кәсіпкерлік деген не?
г) Өнімділік деген не?
III. Үй тапсырмасын қорытындылау.
- Мемлекет экономикаға қалай қатысады?
- Қоғамдық игіліктер дегеніміз не?
- Рынок дегеніміз не?
- Экономикалық мағыналы сөз шығуы үшін әріптердің орнын ауыстыр:
ӘСБЕЕК__________________________________________________________
ПАМНИКОЯ______________________________________________________
ӘКІСРЕККІЛГІ____________________________________________________
- Негізгі бөлім. Үлестірмелі тапсырмалар.
- Сенің ойыңша экономикалық түсініктер беретін сөздерді сыз:
Денсаулық, фирма, ферма, қала, математика, монополия, табыс, мемлекет, экология, ғарыш, өнеркәсіп, қаржы, несие, халық, кеден, ел, орман, сауда, нокаут, бәсеке, шектеулілік, рынок, музыка, қажеттілік, бижутерия, диаграмма, армия, ресурстар
- Өз таңдауыңды дәлелде. Өзің таңдап алған экономикалық мағыналы сөздерді пайдалана отырып, екі сөйлем құрап, жаз. Әр сөйлемге экономикалық түсініктерді көбірек пайдалан.
1.Рынокта тауарлар бәсекесі көп
Ойлан, сұрақтарға жауап бер
Сенің үйіңде тұрған телевизорды қай компания шығарды?
Керегін сыз.
Sony Panasonic
LG Phillips
Daewoo Басқа фирма
Әртүрлі фирмалардың телевизорлары бір-бірінен немен ерекшеленеді?
- Сенің қандай телевизор алғың келеді?
- Телевизор сатып алуда сенің таңдауыңа не әсер етеді? Қажеттісін сыз.
- Тауарды сатып алуға әсер ететін факторлар.
- Пайдаланылған материалдар сапасы
- Өндіріс технологиясы
- Техникалық сипаттамасы
- Телевизордың сыртқы түрі (дизайны)
- Жарнама
- Достарыңның пікірі
- Баға
- Тұтынушы бәсекеде ұта ма? Неге?
- Логикалық тапсырма. Экономикалық кроссворд құра!
Көлденеңінен бос торларға экономикалық мағыналы сөздерді жаз, олардың мағынасын түсіндір.
Б
| ||||||||||||||||||
Ә | ||||||||||||||||||
С
| ||||||||||||||||||
Е
| ||||||||||||||||||
К
| ||||||||||||||||||
Е
| ||||||||||||||||||
Көшедегі автобус кімдікі?
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
АҚШ- тағы барлық кәсіпорындардың 80%- ке жуығын жеке және отбасылық кәсіпорындар құрайды. Жеке кәсіпкерлік 15 миллионға жуық адамды қамтиды, олардың қолында бизнесте әрекет ететін қаражаттардың 14%- ке жуығы шоғырланған. Шағын кәсіпорын саны жыл сайын 10%- ке өсіп отырады.
Логикалық тапсырма. Ағайынды Әлібек пен Әлиханның бір- бір табын жылқысы бар. Әлібектің табынының жартысы Әлихан табынының үштен біріне тең. Қайсысы байырық және неше есеге?
- Үйге 16-20 бет. Экономикалық терминдерді қайталау.
VII. Бағалау.
VIII. Сабақты қорытындылау.