Химиялық элементтердің атом құрылысы.Атомдағы электронның күйі.Энергетикалық деңгейлер бойынша электрондардың таралуы.
Тақырыбы | § 1,3.1,4. Химиялық элементтердің атом құрылысы.Атомдағы электронның күйі.Энергетикалық деңгейлер бойынша электрондардың таралуы. | уақыты |
Білімділік мақсаты:
дамытушылық
тәрбиелік: | Оқушылардың атом құрылысы,атомдағы электрондардың күйі,энергетикалық деңгейлерді толтыру заңдылықтарын,период нөмірі мен энергетикалық деңгейлер арасындағы байланысты ашу,кванттық теорияның маңызы химиялық туралы алған білімдерін жетілдіру; энергетикалық деңгейлерді толтыру,атомдағы электрондардың қозғалысының материалдық негізін аша білу білік- дағдыларын дамыту; сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. | |
Сабақ типі: | Жаңа сабақ түсіндіру. | |
Сабақ өткізілу түрі: | фронталды әңгімелесу,қорытынды жасау,жаттығулар орындау, кітаппен өзбетінше жұмыс істеу, 10-ЕТЖ-1, | |
Құралдар мен реактивтер: | Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ , 10-ЕТЖ-1. | |
Ұйымдастыру кезеңі: | (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.) -сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ; -оқушыларды психологиялық дайындау. Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету. | 1-2 |
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: | Сабақтың білімділік мақсаты: -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ; -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою. 1.мына қосылыстарды (тақтаға жазу)ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру. | 1-2 |
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
| 1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау. Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімділік міндеттері: -оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру. -оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға; — оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі. 2.Оқыту проблемалары: 3.Білімді жаңғырту. (Актуализация ): Электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша таралуы: 10-ЕТЖ-1 тексеру жұмысын жүргізу (20 бет,) 3нұсқа -№1,2,4; 4нұсқа-№2,3,4. | 5-6 |
Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі: | Білімділік міндеттері: -оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету; -нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу; — оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету; -түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету; -оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз Мұғалімнің толықтыруы 1.Берілген тақырыпты кітаппен өз бетінше оқу — 2.3 ( 55-56) жоспар бойынша: Оқу және айтып беру: 1. Корпускулалық екі жақты қасиеті. 2. Орбиталь. Энергетикалық деңгейлер. 3. Бас квант саны. 4.Қорытынды. Мұғалімнің толықтыруы. Â Энергетикалық деңгейлер Атомның орбитальдарының мөлшері әр түрлі. Электрон ядроға неғұрлым күшті тартылса, яғни ядромен неғұрлым берік байланысса, соғұрлым орбиталь мөлшері азаюы керек. Мөлшері жуық орбитальдардан электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер қалыптасады. Энергетикалық деңгейлерді ядродан қашықтығына қарай нөмірлейді: 1,2,3,4,5,6,7. Кейде оларды сәйкесінше әріптермен белгілейді: K, L, M, N, O, P, Q. (2.4 сурет). Электрондардың энергия қоры және ядро өрісіндегі олардың қозғалысының сипаты – атомдағы процестерді сипаттайтын, математикалық теңдеулерді шешкенде шығатын кванттық сандармен анықталады. Â n бас квант саны Электрондардың энергиясын сипаттайтын бүтін сан n бас квант саны деп аталады. Ол электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің нөміріне тең. Бірінші энергетикалық деңгейдің электрондарының энергиясы аз, олар ядроға күшті тартылады. Келесі деңгейлердің электрондары үлкендеу энергия қорларымен сипатталады, олар ядромен әлсіздеу байланысқан. Сыртқы деңгейдің электрондары ядроға тым әлсіздеу тартылатыны анық. Атомдағы энергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең: І период атомдарында – бір энергетикалық деңгей, ІІ периодта – екі, ІІІ периодта – үш және т.с.с. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың максимал саны (V периодқа дейін) мынадай формуламен анықталады: мұндағы N – электрон саны, ал n – деңгей нөмірі немесе бас квант саны. Осы теңдеуге сәйкес, 1-энергетикалық деңгейде екі электрон: 2-де – 8,3-де – 18, 4-де – 32 электрон бола алады. Энергетикалық деңгейлер деңгейшелерден тұрады.Әрбір деңгейше бір-бірінен энергия қоры арқлы ерекшеленеді. Деңгейшелер саны бас квант санының мәніне тең. Деңгейшелер әртүрлі формадағыорбитальдардан тұрады: s,p,d,f. Бор теориясын электронның толқындық және басқа элементар бөлшектердің қасиетін есепке алатын кванттық теория алмастырды. Кванттық механика күрделі математикалық аппарат, сондықтан біз,тек атом және молекула құрылысына байланысты сұрақтарды түсінуге болатын жақтарын ғана қарастырамыз.Маңыздысы атомдағы электронның қозғалысы квант сандарымен сипатталады: А) бас квант саны —n Б) орбиталь квант саны-l В) магнит-m Г) спин-s. А). Бас квант саны сол орбитальда қозғалған электронның жалпы энергиясын анықтайды;олар кез келген бүтін санға тең болады 1 (п=1,2,3,….). Б). Орбиталь квант саны арқылы электронның қандай деңгейшеде болатынын көрсетуге болады: Мәндері: 0 1 2 3 4 Орбитальдар: s p d f g. Орбиталь: электрон бұлты болатын кеңістік Орбитальдардың пішіні орбиталь квант санымен анықталады. В). Магнит квант саны : Ядро өрісінде қозғалатын электрондар магнит өрісін туғызады,оларың өзара әсерлесуі кеңістіктегі орбитальдардың бағытын анықтайды . z z z x x x y y y Г). спин квант саны: электрондардың өз осінде қарама-қарсы бағытта ұршық тәрізді айналу қабілеті бар екені анықталды.Мұндай қасиеті«электрон спині» ( айналу)деп аталады. Атомның барлық қасиетін толықтай түсіндіру үшін 1925жылы году электронның спиндері туралы гипотеза ұсынылды. Ол z осінде екі мәнді: m =+ m = — =Қорытынды А)Ядро маңындағы кеңістікте қозғалғанда электрондар белгілі бір орбитальдар құрайды. Б)Мөлшері жуық орбитальдар атомда энергиясының өсуі бойынша орналасқан энергетикалық деңгейлер құрайды. В)Энергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең. | 12-13 |
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын алғашқы тексеру кезеңдері: | Білімділік мақсаты: — оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; — кеткен кемшілікті жою жұмыстары; Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу. | 7-8 |
Білімді жүйелеу және қорытындылау | Білімділік міндеттері: — оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; — кеткен кемшілікті жою жұмыстары -тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу; -оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау. Жаттығу орындау №4-6 (63) | 3-4 |
Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері | Білімділік міндеттері: — оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау; -алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау; — кеткен кемшілікті жою жұмыстары; 1. Жаттығуларды тексеру | 4-5 |
Үй тапсырмасын беру кезеңі: | Білімділік міндеттері: -оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету 1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар. Параграф 1,3.1,4 -оқу , 1-3(1 деңгей);№7-10 (2 деңгей)жатт.жазбаша 2. Күнделікке жазғанын тексеру. | 1-2 |
Сабақ қорытынды сын шығару кезеңі. | — жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. | 1-2 |
Рефлексия кезеңі: | Білімділік міндеттері: —оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру. -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай? | 1-2 |