Ковалентті байланыс. Лабораториялық тәжірибе №3 «Молекула модельдерін жасау»

Тақырыбы§2.1. Ковалентті байланыс. Лабораториялық тәжірибе №3 «Молекула модельдерін жасау»Уақы   ты
Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

Химиялық байланыстың түрлері,ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау,  ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру;                                                                                                       Заттардағы  химиялық байланыстың типін анықтай білу,коваленттік байланыстың түзілу схемасын құрастыра білу ,қорытынды жасау,салыстыру,білім-білік дағдыларын дамыту;                                                                                                                       сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. 
Сабақ типі:Жаңа білім беру сабағы. 
Сабақ өткізілу түрі: Мұғалімнің түсіндіруі,кітаппен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, кестемен,сызбанұсқамен жұмыс, фронталды әңгімелесу, 
Құралдар мен реактивтер:Кітап,  дәптер, интерактивті тақта . Түрлі түсті шариктер, таяқшалар. 
Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)                                                                      -сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;                                                             -оқушыларды психологиялық дайындау.                                                       Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:  Сабақтың  білімділік мақсаты:                                                                                              -үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;                                                   -білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ; -кеткен кемшіліктерді жою.        1.Жаттығуды тексеру.5-7
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

— оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

    Ковалентті байланыс

3.Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):          

1.Фронталды әңгімелесу:(нашар үлгерушілермен жұмыс)

Байланыстың қандай типтерін білесіңдер?

Қандай химиялық элемент атомдары арасында ковалентті байланыс түзіледі?

3-4
Жаңа сабақ түсіндіру.Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;

— оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;

-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;

-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.

Жаңа сабақ материалын түсіндіру:

Атомдар өзара әрекеттескенде химиялық байланыс түзіледі:

ковалентті байланыс

Ортақ электрон жұбы арқылы түзілген байланыс ковалентті байланыс деп аталады. Ковалентті  байланыс полюсті және полюссіз деп екіге бөлінеді.. Ковалентті полюсті  байланыс электртерістігі бірдей атомдар арасында түзіледі. (Н2О2, С12).  Молекуладағы атомдар өзара байланысқанда электрон бұлттары жақындап,өзара қаптасады. Ковалентті байланыстың пайда болуын сутек молекуласының түзілуі арқылы түсіндіруге болады.Н+Н=Н2   0=- 436кДж/моль

Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп,ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі.Ортақ ядролардың тығыз теріс аймаққа тартылуы оларды жақындастырып,тұрақты сутек молекуласы түзіледі де,энергия ұтымы болады.

#
#
E

Қарама-қарсы спиндері бар жұптаспаған электрондар өзара қосылуы арқылы ковалентті полюссіз байланыс түзіледі.Ол былай жазылады.

+

s1               s1         1s2

 

Ковалентті полюссіз  байланыс электртерістік шамасы аз ажыратылатын атомдар арасында түзіледі.Бұндай байланыс түрі жиі кездеседі.Бұл жағдайда электрон жұбы электртерістігі көп элемент атомына қарай ығысады,мысалы су молекуласында оттек атомына қарай ығысады:

 
Н2 О,

Коваленттік байланыс химиялық элемент атомдарын энергиялық тиімді ,тұрақты конфигурацияға ауыстырады.

Коваленттік байланыс еселігі ортақ электрондық жұптың санына  тәуелді.  Хлор, сутек молекулаларында бір байланыс; оттекте -екі байланыс;азотта –үш еселі байланыс.

:N +N: = N :::  N

 

ПолюстіПолюссіз
Электрондық бүркесу аймағы электртерістілігі үлкен атомға ығысқан.Мысалы:  хлорсутек молекуласы,  электрон жұбы сутекке қарағанда электртерістілігі үлкен хлор атомына қарай ығысқан.Ковалентті полюссіз  байланыс электртерістік шамасы бірдей атомдар арасында түзіледі

Мысалы: екі атомды молекулалар.

Коваленттік байланыс электрондық орбиталдардың бүркесу тәсілі бойынша ерекшеленеді.Егер байланыстың электрондық бұлты атомдардың ядроларын қосатын түзуде жатса,онда берік  s-байланыс  алынады.

Р-орбитальдар бүйір жақтарымен бүркескенде берік емес  p— байланыс түзіледі.

Лабораториялық тәжірибе №3: су молекуласын жинаңдар.

Коваленттік байланыстың маңызды екі сипаттамасы бар:байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді.Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса,соғұрлым химиялық байланыс берік болады.Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажетті энергияға тең. Ол кДж/моль –мен өлшенеді.

16-17
Жаңа сабақты қалай қабылда- ғанын  алғашқы тексеру кезеңдері: Білімділік мақсаты:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

Кітаптағы №1-3 жаттығуды орындау,33 бет.

4-5
Білімді жүйелеу және қорытындылау

 

 

 

 

 

Білімділік міндеттері:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

— кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау

1.Қорытынды жасау:

*коваленттік байланыс- екі атомның электрондық бұлттары бүркесуі арқылы түзіледі , ядролардың арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар электрон бұлттары түзіледі;

* Ортақ ядролардың теріс аймаққа жақсы тартылуы оларды жақындастырады да ,тұрақты молекула түзіліп ,энергия ұтымы болады ;

*КПБ бір элемент атомынан тұратын молекулаларда түзіледі;

* Полюсті молекулада электрондық бүркесу аймағы  электртерістілігі үлкен атомға ығысқан ;

*Еселі байланыстар бүркесу тәсілі бойынша s-және pбайланыс деп бөлінеді .

*КБ негізгі сипаттамасы байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді.Байланыс ұзындығы неғұрлым қысқа болса,соғұрлым химиялық байланыс берік болады.Байланыс энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажетті энергияға тең. Ол кДж/моль –мен өлшенеді.

2-3
Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдері.Білімділік міндеттері:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

— кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Соңғы берілген жаттығулар мен есепті тексеру

Үй тапсырмасын беру кезеңі:Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф   2.1   оқу -4 (33бет) –жазбаша

2. Күнделікке жазғанын тексеру.

1-2
 Сабақ қорытындысы— жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.1-2
Рефлексия кезеңі:Білімділік міндеттері:                                                                                                                       оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.                                  -оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Сіздерге сабақ қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?