Химиялық элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы.

Тақырыбы§ 1.8. Химиялық элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы.уақыты
Білімділік мақсаты:

 

дамытушылық

 

тәрбиелік:

Химиялық элементтердің ПЖ орнына байланысты  қосылыстарының қасиеттерінің периодты  түрде өзгеруі туралы алған білімдерін қалыптастыру;

сөздік қорын молайту,қорытындылай  білу,көңіл аудару,есте сақтау білік- дағдыларын дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

 
Сабақ типі:Жаңа сабақ түсіндіру. 
Сабақ өткізілу түрі: фронталды әңгімелесу,қорытынды жасау,жаттығулар орындау,  кітаппен өзбетінше жұмыс істеу, 10-ЕТЖ-1, 
Құралдар мен реактивтер:Кітап, дәптер, интерактивті тақта . Д.И.Менделеевтің ХЭПЖ , 10-ЕТЖ-1. 
Ұйымдастыру

кезеңі:

(Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)

-сабақта  қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

-оқушыларды психологиялық дайындау.

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың  жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2
Үй тапсырмасын тексеру кезеңіСабақтың  білімділік мақсаты:

-үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

-білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

-кеткен кемшіліктерді жою.

1.мына қосылыстарды (тақтаға жазу)ата: айналымға берілген үй тапсырмасын тексеру.

1-2
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

 

 

 

 

 

 

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын  айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің  практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.

Білімділік міндеттері:

-оқушылардың  білім алуға деген    ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды  білім алудың мақсаттарын анықтауға;

— оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

 2.Оқыту проблемалары:

Элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығы.

3.Білімді жаңғырту.  (Актуализация ):

1Фронталды сұрақтар:   (нашар үлгерушілермен жұмыс)

·        Валенттілік деген не?

·        Қандай  электрондар валентті  деп аталады?

·        Тотығу дәрежесі,атом радиусы, деген не? Олар қалай өзгереді?

5-6
Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:Білімділік міндеттері:

-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;

-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;   — оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;       -түсініктер,заңдар,ереже-ді философиялық тұрғыдан түсінуге,талдауға көмек ету;         -оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз ету.   Оқу 1.Берілген тақырыпты кітаппен өз бетінше оқу –параграф 1.8оқу ( 28-30) оқып, сұрақтарға жауап беру.1,4 кестемен жұмыс істеу 28 бет.

12-13
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын  алғашқы тексеру кезеңдері: Білімділік мақсаты:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс өз мәнінде қабылдағанын анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

— кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Жаттығу орындау

Жат 1-4 .кітаптың 30беті  (4 тапсырма– 4 нұсқа)

7-8
Білімді жүйелеу және қорытындылауБілімділік міндеттері:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

— кеткен кемшілікті жою жұмыстары

-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау.

1. Дәптерге қорытынды жазу:

·         Периодтылық тотығу дәрежесінің өзгеруі химиялық қосылыстардың құрамының периодты түрде өзгеруіне әсер етеді.Бұны алғаш  Д.И.Менделеев элементтердің сутекті және оттекті қосылыстарынының жалпы формуласын ХЭПЖ  бойынша топтарға орналаст

·         Периодта солдан оңға қарай типтік металдан типтік бейметалға өткенде оксидтердің негіздік қасиеттері әлсіреп қышқылдық қасиеттері артады.

·         Периодта солдан оңға қарай типтік металдан типтік бейметалға өткенде гидроксидтердің негіздік қасиеттері әлсіреп қышқылдық қасиеттері артады

Түсіндіру:3 период элементтерінің оксидтерді мен гидроксидтерінде екі химиялық байланыс түрін байқауға болады: иондық,коваленттік. Металлдардың оксидтерді  мен гидроксидтері–ионды қосылыстар,  бейметаллдар –ковалентті.

*гидроксидтердің қышқылдық, негіздік,амфотерлі түрде диссоциациялану қабілеттілігі Н-О, О-Э байланысының салыстырмалы полюстілігіне тәуелді .

* 1,2 топтың металдарынан түзілетін сутекті қосылыстарын гидридтер деп атайды және олардың  иондық сипатты бар, бейметалдардың сутекті қосылыстары ұшқыш газдар.  Олардың химиялық қасиеттері сумен әрекеттескенде  көрінеді.Ол заттар ерігенде,қышқылдар мен сілтілер түзіледі.

*қышқылдардың күші атом ядро зарядының өсуімен артады.Топтарда сутекті қосылыстардың қышқылдық қасиеттері жоғарыдан төмен қарай артады,атом радиусы артқан сайын Э-Н байланысы әлсірейді.

·         2. 10-ЕТЖ-1жұмыс істеу (21), 1-нұсқа.

3-4
Бақылау және өзбетінше бақылау кезеңдеріБілімділік міндеттері:

— оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

— кеткен кемшілікті жою жұмыстары;  1.Жаттығуды тексеру

4-5
Үй тапсырмасын беру кезеңі:Білімділік міндеттері:

-оқушыларға  үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

Параграф 1.8 -оқу ,№ 5 жазбаша 2. Күнделікке жазғанын тексеру.

1-2
 Сабақ қорытындысын шығару кезеңі. — жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.1-2
 Рефлексия кезеңі:Білімділік міндеттері:

оқушы мен мұғалім арасындағы дұрыс қарым қатынасты тудыру.

-оқушылардыңөзін өзі басқару және басқа адамдармен дұрыс қарым –қатынас принципін үйрету.Өздерің сабақта не істеп үлгердіңіздер?Сыныптастарыңызға немен көмектесе алдыңыздар. қызықты болды ма? Білгендеріңнің маңызы қандай?

1-2