Туған өлкем
Тақырыбы: Туған өлкем
Сабақтың мақсаты: 1)Балғын жастарға туған өлке тарихын зерделеуге,таным
түсінігін кеңейтуге көмектесу. Асты-мұнайға,үсті-адами
рухани құндылыққа толы қасиетті,киелі өлке туралы
білгендерін ортаға салғызу.Туған жердің тарихына үңіле
білуге,болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген
түсінік қалыптастыру.Елін,жерін,тілін,әдеп-ғұрпын
құрметтейтін,өз Отанын сүйетін тұлға қалыптастыру
2)Тілін дамыту,ойын жеткізе білуге үйрету.
3)Оқушыларды саяси саналылыққа ,өз елін,жерін
қорғауға,құрметтеуге,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Жұмағалиевтың суреті, сызба, слайдтар
Сабақтың бөлімдері | Сабақтың жүрісі | ||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру бөлімі | -Оқушылардың назарын сабаққа аудару *Поэзиялық минут -Ана тілің, арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! -Бізге қазір қандай сабақ?
| ||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру | -Үйге қандай тапсырма берілді? Тест сұрақтары арқылы білімдерін тиянақтау
1-сұрақ: Қарабатыр қандай қиыншылыққа кездесті? А.Оны ұрлап кетті. Ә.Ол адасып кетті. Б.Ол ауырып қалды 2-сұрақ: Қай құс оның жанына бірінші болып келді? А. Қарға Ә.Сауысқан Б. Қарлығаш 3-сұрақ: Баланың өтінішін қай құс орындады? А. Қарлығаш Ә. Аққу Б.Сауысқан 4-сұрақ: Ол еліне қалай хабар берді? А. Өз елінің таңбасын қанымен салды. Ә.Көйлегін жыртып, құстың мойнына байлады Б.Хат жазып жіберді (Барлығында да «А» жауабы дұрыс болуы керек)
Қысқаша үй тапсырмасына шолу: -Егер бала өз елінің таңбасын білмейтін болса, не болған болар еді? Ол еліне хабар бере алар ма еді ? -Бала неге елін сағынды деп ойлайсыңдар? -Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер? -Біз туған жер туралы қандай шығармалармен таныстық?
| ||||||||||||||||||||
Жаңа сабақ | -Барлығымыз да өзіміздің туған жерімізді жақсы көреміз.Біреулер туған жерін жақсы көргенде оған арнап өлең шығарады, біреулер ән салады, біреулер сурет салады. -Бүгін біз сондай туған жеріне деген махаббатын өлең түрінде жеткізген тамаша ақын ағамыз Қайрат Жұмағалиевтың «Туған өлкем» атты өлеңімен танысамыз. 1.Автормен таныстыру Сызба арқылы таныстыру
-Біз бүгін «Туған өлкем» деген өлеңімен танысамыз.
| ||||||||||||||||||||
Өлеңмен жұмыс | -Мұғалімнің оқуы 2.Іштей оқу 3.Дауыстап оқу Сөздік жұмысы Өлеңде келтірілген түсініксіз сөздермен жұмыс 1-шумақта: кермиық Далам- кең дала мағынасында Түнек-қараңғы 2-шумақта: ықылым- ерте заман арда теңіз- асау, толқыны қатты теңіз 3-шумақта: Қиырсыз түз-шеті жоқ елсіз дала.
Өлең оқылып болған соң, ондағы күрделі сөз тіркестері немесе сипаттауларды таптыру: өр тау, қызыл құм, арда теңіз т.б. | ||||||||||||||||||||
Сергіту сәті | Шаршағанда туған жер туралы өлең тыңдап, сергігенге не жетсін.
| ||||||||||||||||||||
Дәптермен жұмыс | Дәптерлеріне күннің жадын жаздыртып, тақырыпты да жазу -Біз де өз өлкеміз туралы тебіреніп, шығармашылық жұмысқа кірісейік. Шығармашылық тапсырмалар: 1-қатар: Маңғыстау сөзін септеу 2-қатар: Маңғыстау сөзінен жаңа мағынаға ие сөздер туғызу 3-қатар: Маңғыстау сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеу
| ||||||||||||||||||||
Бекіту | Туған өлкем -Өлең сендерге ұнады ма?
Ой толғау: Мына сөздер қай өлке туралы айтылған? ( Асан Қайғының Маңғыстау өлкесі туралы айтылған сөзі келтіріледі)
| ||||||||||||||||||||
Қорыту | Үйден туған жерлерің туралы шығарма жазып келіңдер. -Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
-Енді қолдарыңдағы дөңгелекті мына қалташаларға салыңдар:
|