Ойынның тақырыбы: «Жұлдызды сәт»

Ойынның тақырыбы: «Жұлдызды сәт»

Мақсаты:

а) Білімділік: физика пәні бойынша алған білімдерін қорытындылау,физикалық құбылыстардың практикалық маңызын ашу,өмірде ,тұрмыста қолдана білуге үйрету;

ә) Тәрбиелік: алған білімдерін жүйелеп отыруға тәрбиелеу,өзара жолдастық көмек көрсете білуге және жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу;

б) Дамытушылық: зейіні мен зердесін дамыту,белсенділіктері мен қабілеттіліктерін арттыру, шығармашылыққа жетелеу.

 

Ойынның жүру барысы:

1) Баяндама. »Физиканың өмірдегі маңызы»

2) І тур. «Ғалымдар»

3) ІІ тур. «Құралдар»

4) Музыкалық үзіліс.

5) ІІІ тур. «Формулалар»

6) ІV тур. «Өлшем бірліктер»

7) Көрермендермен жұмыс.

8) Vтур. «Жеңімпаз»

9) Марапаттау.

 

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, физиктердің портреттері,физикалық құралдар,сигналдар,т.б.

 

Нәтижесі:

1.Ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.

2.Білім сапасы көтеріледі.

3.Оқушылардың физика мен техника сырын үйренуге деген қызығушылығы артады.

4.Оқушылардың есте сақтау қабілеті артады.

5.Болашақ мамандығын дұрыс таңдауға ықпал етеді

  1. Баяндама.»Физиканың өмірдегі маңызы»

Бізді қоршаған дүниеде толып жатқан қызықты сырлар жатыр. Мүмкін, сендер,адам баласының қолымен жасалған, мысалы,машиналар және олардың двигательдері туралы көбірек білгілерің келетін шығар.Қандай двигательдер тәуірек? Және оны кім ойлап тапқан? Біздерді қоршап тұрған заттар қалай  жасалады? Автоматтар қалай жұмыс жасайды?

Cендерді табиғатта болатын түрлі физикалық  құбылыстар да қызықтыратын шығар.Неліктен жаңбыр жауады? Жаңбырды адамның қалауынша жаудыруға болмай ма? Жануарлар қыстың қатты суығына қалай шыдайды?

Физика пәнін оқығанда  жүздеген,мыңдаған ‘‘қалай’’,’’кім’’, »неліктен» деген сұрақтар алдарыңнан шығады.

Физика тек ғалымдарға емес,баршаға:  жұмысшы мен техникке,инженер мен конструкторға, дәрігер мен агрономға да керек. Физиканы білгенде ғана үйлерді,заводтарды, машиналарды,электр станцияларын жобалап салуға болады. Тракторларды,теледидарларды,космостық  аппараттарды жасау үшін,тіпті жай ғана киім пішіп,азық-түлік дайындау үшін де физиканы білу қажет.Оптикалық приборлардың, көзілдіріктер мен телескоптардың, фотоаппараттар мен киноапараттардың жасалуы, физиктердің жарықтың ауада және шыныда қалай тарайтынын зерттеп білгендіктен ғана мүмкін болып отыр.

Кемелердің,  самолеттердің, ауа шарларының  конструкцияларын құру және жасап шығару, сұйықтар мен газдар және олардың  ішінде қозғалатын денелер бағынатын заңдылықтарды  білуге негізделген. Біздің үйлеріміз физикалық приборларға толы. Ол приборлар бөлмелерді жарықтандырады, тағамдарды  дайындауға және сақтауға, пәтерді жинастыруға көмектеседі.Сағат,телефон,шаңсорғыш,теледидар — бұлар да физикалық приборлар.

Физиканың өмірдегі осындай маңызды ерекшеліктерін ескеріп,оны әрі қарай ұғыну,түсіну үшін бүгін біз »Жұлдызды сәт»ойынын  өткізбекшіміз.

2.Ортаға ойынға қатысушыларды шақырамыз.

  1. Енді ойын шартымен таныстырайық:

Бұл ойынға 5 оқушы  қатысады. Ойын 5 турдан тұрады. Әрбір сұрақтың жауабына 10 с. уақыт беріледі. Сұрақ оқылып болғаннан кейін, дұрыс жауаптың нөмірін сигналдарды көтеру арқылы көрсетеміз.Әрбір  дұрыс жауапқа бір  жұлдызшадан қосылып отырады. Ең соңында финалға жұлдызшасы көп  2  оқушы шығады. Финалда бір физикалық шама немесе физикалық сөз алынады.1 мин. уақыт ішінде осы екі оқушының қайсысы  берілген сөзден көп сөз құраса сол оқушы жеңіске жетеді. Нөмірді бір рет қана жоғары көтеру керек.

  1. I Тур.»Ғалымдар»

Мына  тақтада ғалым-физиктердің портреттері тұр. Төменгі жағында осы ғалымдардың  аты-жөні жазылған және олар рет саны бойынша нөмірленген.

1.Попов А. С.     2.И.Ньютон       3.Г. Галилей

4.М.В.Ломоносов       5.Н.Е.Жуковский

Енді  ойынға қатысушыларға қойылатын сұрақтар:

1.Орыстың бірінші  академигі, ғалым-энциклопедист. Ақын, суретші, тарихшы,астроном.Осы ғалым арқасында Россияда  физика ғылымымен шындап айналыса бастады.                                                                  (жауабы 4)

2.Денелердің  құлап түсу заңдарын және маятниктің тербеліс  заңдарын ашқан.Ол инерция құбылысы бар екенін алғаш  көрсеткен ғалым.(жауабы 3)

3.Радио  байланысты алғаш рет ойлап тапқан орыс ғалымы.           (жауабы 1)

4.Авиацияны дамыту үшін көп еңбек сіңірген орыс ғалымы.

(жауабы 5)

5.Ағылшын физигі және математигі. Ол денелер қозғалысының негізгі  заңдарын және тартылыс заңын ашқан.                                              (жауабы 2).

  1. II Тур. »Құралдар»

Мына үстел үстінде және тақтада  физикалық құралдаркөрсетілген.Төменгі жағында құралдың аттары мен нөмірлері жазылған.

1.Мензурка.     2.Термометр.     3.Динамометр.       4.Манометр.      5.Таразы.

 

Ойынға қатысушыларға қойылатын сұрақтар:

1.Күшті өлшеуге арналған прибор.                                                    (жауабы 3)

2.Сұйықтық көлемін өлшеуге қолданылатын өлшеуіш цилиндр

(жауабы 1)

3.Температураның жоғары-төмен екендігін анықтайтын құрал.

(жауабы 2)

4.Өте  кішкене  денелердің  массасын өлшейтін  құрал.

(жауабы 5)

5.Атмосфералық қысымнан артық немесе кем қысымдарды өлшеуге арналған құрал.                                                                                                    (жауабы 4)

  1. Музыкалық үзіліс.
  2. III Тур.’’Формулалар.’’

Тақтада нөмір бойынша формулалар берілген.

  1. =s/t 2.  =m/v    3.A=F•s     4.F=g v       5.p=F/S

Ойынға қатысушыларға қойылатын сұрақтар:

1.Денеге әсер ететін механикалық жұмыстың формуласы.

(жауабы 3)

  1. Сұйық немесе газ ішіндегі денені кері итеруші күш формуласы.

(жауабы 4)

3.Заттың тығыздығының формуласы.                                             (жауабы 2)

4.Қысымның формуласы.                                                                (жауабы 5)

5.Дененің қалыпты қозғалысындағы жылдамдықтың формуласы

(жауабы 1)

  1.  IV Тур. «Өлшем бірліктер»

Тақтада карточкалар қойылған.Онда нөмір бойынша өлшем бірліктер жазылған.

1.г,кг,м

2.Н,Кн

3.Па,кПа,гПа

4.Вт,кВт,МВт

5.м,дм,см,км

Оқушыларға қойылатын сұрақтар:

1.Қуаттың өлшем бірлігі                                                             (жауабы 4)

2.Күштің өлшем бірлігі                                                               (жауабы 2)

3.Ұзындық      бірліктері.                                                             (жауабы 5)

4.Масса      бірлігі                                                                         (жауабы 1)

5.Қысым     бірлігі                                                                         (жауабы 3)

 

  1. Көрермендермен жұмыс.

4 м шпагат жіп.Осы жіпті 3 және 1 метрге бөлу.

Жауабы:  Екіге бүктеу,содан соң бір жағын тағы екіге бүктеп бөлу.

  1. V Тур. «Жеңімпаз»

Үстелдің екі жағына финалға шыққан екі оқушы отырады.

Сосын  физикалық сөз алынады. Мысалы,  »Температура’’.   1мин.                             ішінде кім осы сөзден  көп сөз құраса, сол жеңіске жетеді. Мысалы.Темп,тур,метр,парта,пар,перат,ура,терме,тура,тума…

  1. Жеңімпаздарды құттықтап,ойынға қатысушыларға сыйлықтар тарату