Молекулалық- кинетикалық теория негіздері (МКТ) тақырыбын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қайталау
Молекулалық- кинетикалық теория негіздері (МКТ) тақырыбын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қайталау
Мақсаты:
- Білімділік. Оқушылардың молекулалық- кинетикалық теория негіздері тақырыбында алған білімдерін жүйелеп , өз бетінше тұжырымдауға дағдыларын қалыптастыру.
- Дамытушылық. Заңдылықтарды өзара салыстыра отырып ажырату, формулаларды еске сақтау дағдыларын дамыту.
- Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты , сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, броундық қозғалыс және кристалдық тор моделі, электронды оқулық 10 сынып, бағалау парағы.
Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, сайыс.
Жүргізуші:
І Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Физикаға қызығушылар
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар
ІІ Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар
І Есепті түрлі түрлі шығарамыз
Арасында ойын ойнап жарысамыз
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар
Әзіл есепке де отырамыз
ІІ Олай болса бұл не тұрыс
Кешімізді бастайық
І Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалайтын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
ІІ Шын жүйрік шабысынан танылады
Нақты білім терең ой сыналады
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады
І Жалпы бүгінгі өтетін сайысымыздың ретін атап өтсек, сайыс 7 кезеңнен тұрады: атап айтсақ
1 таныстыру,
2 өрнекті тап,
3 өнерлі өрге жүзеді,
4 полиглот
5 виртуальды тәжірибе
6 ғалымдар өмірінен
7 топ басшылар сайысы «физикалық құрал»
ІІ Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
І олай болса 10 а сынып оқушылар мен 10 ә сынып оқушыларының командасын ортаға шақырамыз
ІІ І кезең «Топты таныстыру» Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып өтеді, сондай ақ таңба мен тақырыпқа сай плакаттары бағаланады.
І Әділқазылар алқасы І кезеңнің бағаларымен таныстырып өтсе екен
ІІ ІІ кезең «Өрнекті тап», бұл кезеңнің шарты Молекулалық кинетикалық теория негіздері тақырыбы бойынша өрнектерді интерактивті тақтада жылдам әрі дұрыс жаза білу. Әр топқа 12 сұрақ беріледі, топ мүшелері 2 сұраққа жауап беруге ғана құқылы
Салыстырмалы молекулалық масса
| Заттың мөлшерін молекулалар массас арқылы өрнектеп жаз
| Газдың МКТ негізгі теңдеуі |
Больцман тұрақтысы неге тең | Температура орташа кинетикалық энергияның өлшеуіші | Молекуланың жылулық қозғалысының орташа жылдамдығы |
Бойль – Мариотт заңы | Шарль заңы | Сутегінің мольдік массасы неге тең |
Жылдамдық проекциясының орташа жылдамдығы | Изотермиялық процесс графигі | Изохоралық процесс графигі |
Авогадро тұрақтысы неге тең | Абсолют температура неге тең | Газ қысымы температураға n-шоғырына тура пропорционал | |||||
Күй теңдеуі | Гей – Люссак заңы | Менделеев – Клапейрон теңдеуі
| |||||
Мольдік масса |
Зат мөлшерін молекулалар саны арқылы жаз
| Судың мольдік массасы неге тең | |||||
Мольдік масса мен салыстырмалылық молекулалық масса арасындағы байланыс формуласы
| Изобарлық процесс графигі | Изохоралық процесс графигі |
І ІІ кезеңде алған әр топтың бағаларымен әділқазылар алқасы таныстырып өтсе екен
ІІ ІІІ кезең «Өнерлі өрге жүзеді» деп аталады . Олай болса әр топтың өнерін тамашалап көрейік.
І Өнерлерің өрге жүзсін дейміз. Әділқазылар осы сайыстың бағасымен таныстырып өтсеңіздер
ІІ ІV кезең «Полиглот» деп аталады. Елбасымыз болашағымыз жарқын болуы үшін, дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында үштілді меңгеру саясатына көшіп отырғанымен бәріміз таныспыз. Олай болса біздің Идеал газ және нақты газ командаларының мүшелері осы үш тілді қаншалықты меңгергенін байқайық!
1 Броундық қозғалыс, броуновское движение Broun’s
2, Диффузия құбылысы, диффузия, difusia
3 Больцман тұрақтысы, постоянноя Больцман, the constant of Bolsman
4 Авогадро тұрақтысы, постянная Авогадро, the constant of Avogadro
5 Идеал газ, идеал газ, ideal gas
6 Нақты газ, реал газ, real gas
І әділқазылар алқасы өздерінің қойған бағаларын атап өтсе дейміз!
ІІ V кезең «Виртуальды тәжірибе» деп аталады. Алдымен екі топқа екі есеп беріледі. Ол есепті топ бірге шеше отырып қорытынды жауабын шығарады. Алдымен топтың бір мүшесі шығып есептің берілгенін, шығару жолын тақтада жазады, содан кейін нәтижені виртуальды яғни компьютердегі тәжірибемен тексереді, онда болып жатқан құбылысты түсіндіреді.
- Ыдыста қысымы 100 кПа және температурасы 300 К-ге тең 1 моль идеал газ бар. Егер осы ыдыс көлемі тұрақты болып қалып, ал температурасын 150К-ге арттырса, қысым қалай өзгереді? Жауапты есептеп, компьютерде тексер, графикті түсіндір.
- Идеал газды 300К температурадан 750 К-ге дейін тұрақты қысымда қыздырады, нәтижесінде көлем 27 дм3-ге артты. Бастапқы көлемді есепте, жауабын тексер, графикті түсіндір
І Әділқазылар алқасы осы кезең бойынша біздің Идеал газ және Нақты газ топтарын қалай бағалады екен? Таныстырып өтсеңіздер екен!
ІІ VІ кезең «Ғалымдар өмірінен» осы Молекулалық – кинетикалық теорияның дамуына үлес қосқан ғалымдар жайлы мәліметтер беріледі.
Идеал газ тобы: Менделеев-Клайперон
Нақты газ тобы: Ван-дер-Ваальс
І Әділқазылар алқасы өздерінің қойған бағаларын атап өтсе дейміз!
ІІ VIІ кезең «Физикалық модель» деп аталады. Бұл сайысқа әр топтың басшыларын шақырамыз. Берілген физикалық модельдің мағынасын ашып , түсіндіріп берсе екен дейміз.
Кристалдық тор моделі
Броундық қозғалыс моделі
І Бүгінгі кешіміз мәресіне жетті. Әділқазы алқасы әр топты толық бағалап, қорытындысымен таныстырып өтсе екен