Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Сабақтың мақсаты:
. Білімділік: Тербелмелі қозғалыс жайлы жан-жақты түсінік беру, қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау, есеп шығару қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, серіппе, қима қағаздар
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
Физикалық диктант орындату
- Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі ———— деп аталады.
- Кг* м/с ————— өлшем бірлігі.
- Жердің ең алғашқы жасанды серігі ———— жылы ұшырылды.
- Е= mgh ——— энергия формуласы.
- Импульстің сақталу заңы —————— жүйеде орындалады.
Формулалар сөйлейді:
Формула | Физикалық атауы | Өлшем бірлігі |
P=mυ | ||
Күш импульсі | ||
Импульстің сақталу заңы | ||
Е=m*υ2/2 | ||
E= mgh | ||
F=ma | ||
Ek1+ Ek2= Ep1+ Ep2
|
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
20-жаттығуды тексеру
ІV. Жаңа сабақ
Тербеліс деп дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтапқайталанып отыратын қозғалысын айтады.
Гармоникалық тербелістер деп ығысуға пропорционал және оған қарама-қарсы бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер
VІ. Сабақты бекіту
21- жаттығуды орындату
VІІІ. Жаңа сабақты қорытындылау
Оқушылардың алдына таратылып берілген беттер бойынша қорытындылау
- Тербеліс амплитудасы
- Тербеліс периоды
- Тербеліс жиілігі
VІІ. Оқушы білімін бағалау.
№ | Диагности-калық карта
Аты — жөні | Физикалық диктант | Формулалар сөйлейді | Жаңа сабаққа есеп шығару | Қорытындылау | Қосымша сұрақ | Жалпы ұпай | |||
1 |
VІІІ. Үйге тапсырма беру: §24,25 оқып түсінгенін айту, дидактикалық материалдан есеп