Абай шаңырағы ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:       Абай шаңырағы.

Сабақтың мақсаты:             1Білімділік: Абайдың кемеңгер ақын екенін

түсіндіріп, оның өлеңдерін қара сөздері

арқылы оқушылардың сана сезімін ояту.

Абай шаңырағының ерекшелігі туралы

мағұламат беру.

2Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін жетілдіру,

ой-өрістерін дамыту.

3Тәрбиелік: Оқушыларға Абай ата өмірін үлгі

ету,ұлы ақынға деген құрмет сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, ой шақыру.

Сабақтың типі:    жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:  1Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық.

2Үй жұмысын тексеру.

-Суретте не көріп тұрсыңдар?

-Мәтінде қандай ақыл, нақыл сөздер айтылған?

3-Жаңа сабақ

Кәмен Оразалин өмірбаяны.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойлап босқа күлуге…

2)  Абай кім?  (топтастыру)

3)Абай туралы суреттер топтамасы.

4)Абай шаңырағы

Суретпен жұмыс ( Абай шаңырағының негізгі бөліктерімен таныстыру)

5)Оқулықпен

1-бөлім   2-бөлім   3-бөлімдермен жұмыс.

6) Мәтінді кезекпен жалғастырып оқу.

-Әр бөлікке ат қою.

7)Қиын сөздермен жұмыс

8)Абай үйіне сипаттама беру.

9) Поэзия минуты

10) Абай әлемі

-Абай қай жылы дүниеге келді?

-Абайдың ең сүйкімді баласы кім?

-Абайдың табиғат лирикасын байланысты жазған өлеңдерін ата?

-Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?

-Күлжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

4Бекіту

Сабақ үнады ма? Нені білдік?

Білемін. Білдім. Білгім келеді.

5Қорытындылау

-Үйге тапсырма: Абай шаңырағы

-Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-бөлім

Абай үйін өзінің көзі тірі кезіндегі қалпынан өзгертпей ұстау міндетін  Күнжан алды.Қыс бойы уық, керегесінің кеткенін қайта жөндетті. Ағашын қызыл күрең сырмен боятты.Шымшилерді тоқыттырып, бауларын ызғызды. Біркелкі ақ жүннен киіз басқызды. Басқұр, дөдеге, желба, таңғыштарды шебер әйелдердің қолына берді. Жаз келіп, жайлауға шыққанша бітірулерін тапсырды.Үйдің сыртқы жабдығын реттетті. Алаша, сырмақ сияқты төсеніштердің де таңдаулыларын іріктеді.Жаңадан жасалатын бұйымдарды да Абайдың ұнататын өрнек-бояуларымен көркемдеуді ескерді.Осындай жабдықтарды әзірлеткен  Күнжан Абайдың сүйікті қонысы Ботақан ошағына көшіп, қонаға жетіп еді.

 

 

 

 

 

2-бөлім

Күнжан қонақтарға тігілген үйлер мен шатырларды аралатты. Келе жатқан Әуез, Кәрім, Кәкітай,Мекайіл, Зәкендерді көрді. Олар жақындаған кезде, Кәкітай өз ойын Күнжанға естірте сөйледі:

-Өз ауылымды өзім танымай қалдым ғой.  Жақсылық атаулының бәрін кейінге іркіп жүрген екенбіз. Кәкітай үйді айнала бір жүріп, бір тоқтап рақаттанды:

-Абай ағаның  жақсы көретін ою-өрнек, бояуларын да ұмытпағаныңыз жөн болған. Рақмет сізге!-деді Күнжанға.

Қасындағылардан  әлдеқайда зор, әрі бітімі тұтас тұлғалы келген Кәрім Кәкітайдың сөзін қостай түсті:

-Тек осындай көрікті үй абай ағамның атына ғана лайық деп, басқасын да ұмытпасақ,-деді.

Бұл сөздерге Күнжанның да көңілі жай тауып,үйдің ішіне кірулерін өтінді. Кәрім Әуезге жол беріп, әлгі ойын жалғастырды:

-Нағашы, бұл үйдің шаңырағын өзіңізге көтерткен жеңешеме біз разы боп, алғыс айтып жатырмыз.

 

 

 

3-бөлім

Үй ішіне кіргеннен Әуез де көпке дейін үнсіз бір орында тұрып қалды. Оң жақта қаттап жиналған сүйек төсек тұр.Одан жоғары орналастырылған кітап шкабы мен үш ішекті домбыра, әсіресе, Әуездің көзіне жылы ұшырап, ыстық көрініп кетті.

Төр алдында жазылған қызыл күрең кілемнің үстіндегі жеке- жеке қонақ көрпелер мен дөңгелек үстел  Абайдың да алыста  жүрмегенін аңдатқан сезім құшағына бөледі.Қазір, қазір-ақ Абайдың:

-Нағашы, төрлетіңіз!- деген қоңыр даусы естілетін сияқты. Қатты толқуға түскен Әуез:

-Алда, қарағым, Абайжан-ай!-деп қалды.

Үлкен адамның қобалжыған күйін аңғарған Кәрім:

-Ау,-деп сөз аралатты,-нағыз сахараның ақ күмбезі ғой мынауыңыз.

Көз талдыра жан-жағына қарасқандардың үнсіздігін әлден соң Әуез бұзды:

-Қайырлы болсын! Біз бұдан артық не тілейміз, бәріңе де рақмет!

Осылайша тілек еткен Әуез төрге шығып жайласқан еді.

 

 

.