Абай шаңырағы
3-сынып
Ана тілі
Тақырыбы: Абай шаңырағы. Кәмен Оразалин
Мақсаты: Оқушыларға Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» әңгімесін оқыту арқылы Абай өмірі жайында мәліметті толықтыра отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету;
Дамытушылық: Топпен жұмыс,әңгіме кестесі бойынша болжау стратегияларын пайдаланып,оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге,ізденуге үйрету.
Тәрбиелік: сөздік қорын, тіл байлығын дамыта келе; үлкенді сыйлауға, ізетті болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әңгіме бойынша суреттер,сөзжұмбақ,плакаттар,слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Б.Соқпақбаев кім? Ол туралы не білеміз?
Трамвайда кімдер отыр екен? ( Шал мен бала)
Қарт неге балаға рахмет айтты?
Бала қарт кісіге тағы қандай көмек жасады?
Шал балаға тағы қандай әңгіме айтты?
Қарт Мәуленге неге риза болды? ?
Сол тақыр бас бала кім еді?
Мәтінде қандай ақыл,кеңес сөздер айтылған?
Күлгін түспен ерекшеленген түсініктемеге мән беріп,нақты мысал келтір.
Мәуленді қандай бала дейміз? (әдепті)
Балалар,ендеше «әдептілік» туралы мақал-мәтел айтайық.
«Әдепті бала — арлы бала», «Әдепті бала – ата – анасын мақтар, әдепсіз бала ата – анасын қақсатар», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Үй тапсырмасын қортындылау.Топтастыру стратегиясы.
«әдепті» деп қандай баланы айтамыз.
Балалардың назарын тақтаға аудару. Тақтадағы сөзжұмбақты шешу.
- «Ұшқыш» болғым келеді өлеңінің авторы кім? (Қ.Аманжолов)
- «Мейірім» әңгімесінің авторы кім? (С.Бегалин)
- «Баланың айласы» мәтінінің авторы кім? (Ы.Алтынсарин)
- «Нағыз адам» мәтінінің авторы кім? (В.Сухомлинский)
Ерекшеленген сызықтың бойынан қандай сөз шықты АБАЙ
ІІІ.Мақсат қою кезеңі
1.Сабақтың мақсатын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық
ІҮ.Жаңа сабақ
Каңтардың жиырма бесі
Абай шаңырағы
Кәмен Оразалин (1920 -2008 ж ) — жазушы.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі. «Көктем салқыны», «Кәмен», «Ақжазық», «Абайдан соң» романдарының авторы. Оразалиннің Абай шығармашылығына, абайтану мәселөлеріне қатысты «Данышпан ақын» ,«Абай аулында» «Абай туралы», «Абай» қолжазба журналы туралы» мақалалары мен «Абай аулына саяхат» деген очерктер жинағы жарық көрді. Жазушы еңбектерінде Абайдың қазақ халқы тарихында өшпес із қалдырған жемісті қызметін айтады. Ақын ауылының өткені мен бүгінін, тіршілік-тынысын, көркем табиғатын баяндайды.
Кіріспе. Абай кім? Ол туралы не білеміз? (Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. 1845-1904. Семей өңірінде туған) Қандай өлеңдерін білесің?
Сергіту сәті
Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Әңгіменің мазмұнына тоқталу.
Сөздік жұмыс. (Шымши, ызу, алаша, сүйек төсек).
Абай қайтқаннан кейін оның орнын өзгерпей ұстауды кім міндетіне алды? (Күнжан)
Ол қыс бойы қандай жұмыстар істеді? Кімдер келді?
Кәкітай не деді?
Күнжанға олар не айтты? Әуез қария кімді есіне алды? (Абайды)
Неге Әуез қария толқып кетті?
ҮІ . Жаңа сабақты пысықтау:
- Суретпен жұмыс. Мәтіндегі қызыл түспен ерекшеленген сөздерді тауып оқы. (уық,керегесінің; қызыл күрең сырмен; ақ жүннен киіз; алаша,сырмақ;сүйек төсек; кітап шкабы; үш ішекті домбыра; қызыл күрең кілемнің; қонақ көрпелер;дөңгелек үстел.) Осы сөздерді пайдаланып, суреттегі Абай үйін сипаттап айт.
- Абайдың үйін кім әдемі етіп ұстады? Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?
ҮІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік?
Мәтндегі әр бөлікке ат қой. (Абайдың үйін Күнжанның жабдықтауы.
Қонақтардың бағасы. Әуез қарияның толқуы. т.б. өз еркімен)
Болашаққа болжау. Топтастыру.
Ақын болсам.(қарапайым,батыл,тапқыр,табанды,әдепті,іскер,мейірімді,
шыншыл, әділ,биязы,талғампаз,төзімді.)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұны, Бағалау.