Шығыстың қос жұлдызы
Сабақтың тақырыбы: Шығыстың қос жұлдызы
Сабақтың мақсаты: Ұлы тұлғалардың ел бейбітшілігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз елі мен жері үшін болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақ түрі:Сыныптан тыс шара
Сабақ әдісі:Көрініс көрсету (Ұлы Отан сұрапыл соғысы туралы әңгімелеу.)
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта,Соғыс көрінісі, Н.Ә.Назарбаевтың суреттері,буклеттер,слайдтар
Сабақ жүрісі: Ұйымдастыру. Ән Ұран «Менің Қазақстаным»
І жүргізуші: Жеңіс, иә оның сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап,сағаттап сарыла күтті емес пе?Ақыры олардың үмітімен сенімі ақталды.Тілектері орындалды.Бірақ,сол жеңіс оңтайлықпен келген жоқ.Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп,миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.Жауымен жан аямай шайқасып,ерліктің ерен үлгілерін көрсетті.Біздің Қазақстан да соғыс шарпымаған шаңырақ кемде кем.Жүз мыңдаған ата- әкелеріміздің соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды.Жауға атылған 10 оқтың 9 Қазақстанда жасалады.Осы қан майданда мерт болған елдердің рухына басымызды иіп тағзым етеміз.
Дәл осынау жадыраңқы жай күй.
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,
Есіңе алсаң сол бір апат қайғыны
1 минут үнсіздік
Ат ауыздығымен су ішкен
Ер етегімен су кешкен
Сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз «Шығыс жұлдыздары» Әлия Молдағұлова мен Маншүк Маметова асқан ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапқан.
«Ерлік керек қайда да?»
Іштей айтып осы әнін
Барады Әлия майданға,
Қорғаймын деп Отанын
Қазақ қызы ғажайып,
Мерген болған аты аңыз
Қаhарманы халықтың,
Мақтанышы апамыз.
ІІ-жүргізуші: Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысының Темір ауданында туылған. Ата- анасымен ерте айрылған ол, Алматыға келеді. Сонан кейін Москва мен Ленингратта армияда қызмет ететін ағасының қолында тұрады.1942 жылы аяғында 17 жасар комсомол қыз Ленинградтағы мергендер мектебіне өз тілегімен кіріп, оны өте жақсы деген бағамен бітіріп шығады.
Көрініс: Қаңыраған қираған
Қабырға –ауладан
Плакат тұр қарап,
Тұр қарап дәл маған
Тұрғандай жазалап
Жүзі де сұсты оның
«Сен бүгін азамат»,
Майданға не істедің?
«Не істедің? Не істедің?»
Күткенім осы еді……..
Ақыры келді күн
Военком есігін,
Аттадым мен бүгін…….
Әлия: Жолдас комиссар, мені соғысқа жіберуіңізді өтінемін, — деді жасы орташа келген полковникке кіріп барып.
Комиссар:
- Соғысқа? Қалайша соғысқа?
Әлия:
Иә соғысқа мен кішкентаймын, білемін олай екенін бірақ мен баруым керек.
Комиссар:
Қайдан келдіңіз?
Әлия:
Ленинградтан
Комиссар:
Бұрыннан осында тұрасыз ба?
Әлия:
Жоқ, мен Қазақстанда туып өскенмін.
Комиссар:
Ә, онда қазақ қызы екенсің ғой, Жамбыл атаның қызымын десең болды, бәрін дереу түсінер едім ғой.Өте жақсы, бірақ мен сені соғысқа жібере алмаймын.
Әлия:- Неге?
Комиссар;— Өте жассың баласың
Әлия:- Жоқ, мен бала емеспін
Комиссар:- Жасың нешеде?
Әлия: 17-ге келдім
Комиссар:— Он жеті көп емес қой шырағым. Оның үстіне қыз баласың
Менің де сендей қызым бар.
Әлия:— Мен комсомол мүшесімін
Комиссар: Так,так. Мен де сендей кезімде азамат соғысына қатыстым. Жас жүректің
Жалынды оты қойсын ба? Комсомол тамаша ерлік көрсетеді
Әлия: Мен мылтық ата да, тигізе де аламын
Комиссар: Бұл соғыс тирде атып жүргенді керек етпейді.Қызым менің бір әкелік кеңесімді ал, асықпа.
I-жүргізуші; Әлия комиссардың кеңесін тыңдап, бір жылдан кейін пісіп, соғысқа дайындалып, мергендер мектебін бітіріп, қайтадан комиссар алдына оралады.
Комиссар:-Сен Молдағұлова, осында қаласың, жаңадан қабылданған курсанттарды оқытасың
Әлия:— Жоқ болмайды. Мен майданға кетемін
Комиссар: Бұйрық солай. Осы қабылданған курсанттарды оқытасың да, солармен майданға аттанасың. Өз көзіңмен мергендерді апарып тапсырасың. Қаласаң қайтасың. Қазіргі курстың мерзімін қысқартамыз. Уақыт соны талап етіп отыр.
Әлия:— Жоқ ,комиссар мұнда қалмаймын. Мен фашисттерді өз қолыммен өлтірмесем болмайды. Менен басқа да үздік бітірген мерген қыздар бар ғой.
Олар да жақсы оқыта алады. Оның үстіне менің бойымда кішкентай мұғалім болатын кісіге ұқсамаймын.Ал мерген болуға жараймын. Бұл қалай?
Әлгі таңдағы мұғалімдер мені атағаны ма?Өте қызық, олар мені жақсы көрмеуі тиіс еді ғой…….
— Жолдас комиссар,кетуге бола ма?
Комиссар:- Демек қалатын болдың ғой
Әлия:- Жоқ қалмаймын. Егер майданға жібермесеңіз биік ағаш басына шығамында түспеймін сонда күні, түні отыра беремін.
Комиссар: Шының ба?
Әлия:-Шыным жолдас комиссар
Комиссар; Жібереміз майданға
Әлия:— Отанымыз үшін қызмет етемін!
II-жүргізуші; 1943ж.жазында Әлия майдан мектебіне аттанады: аз уақыттың ішінде мергендер винтовкасымен ол 32 фашисттің басын жояды.1944 жыл Әлия атқыштар бригадасының құрамында жүріп соғысады. Бұл соғыс сұрапыл табан тірескен ауыр ұрыс болды.
Әлия хаттарынан
1-оқырман
Әубәкір аға, алдымен,
Кінәлай көрме сен мені
Кеткесін сонда барлық ел
Меніңде қалғым келмеді
Әйтеуір маған ұрыспа,
Осылай болды ақыр күн.
Өздеріңе мен ұқсап
Сазайын беріп жатырмын.
2-оқырман
Есіңде ме, анау күндері—
«Қорқағым» деуші ең әрдайым
Қөрсең ғой өзің бір келіп,
Қорқағын қазір қандайын
Жүрушең бағып тек мені
Секілді сәби бағып тек мені
Әлия міне бетпе-бет
Аңдасып жатыр жауменен
Ә.Молдағұлова Казачиха деревниясын азат етуге бұйрық алды.Ол жауынгерлерді соңынан ерітіп атакаға шықты.Осы ұрыста Әлияға минаның шарықшақтары тиіп, сол қолы жараланды.Ол жарасын таңып алып, жауға оқ ата берді. Көп ұзамай……..ұрыс басталады.Әлия неміс офицеріне бетпе-бет келіп қалады.Әлия автоматын жауға кезеп береді. Фашист бірінші болып атып жібереді. Әлия бетін қып-қызыл қан жауып кеткеніне қарамастан ақтық күшін жинап автоматынан оқ жаудырады.Гитлершіл сеспей қатады. Алия осылайша қаза табады.
С.Байтерековтың «Әлия » әні орындалады.
Ай өткен, жылдар өткен, ғасыр өткен
Жеңіспен майдан бітіп, жас ер жеткен
Ерлігі ер жүрегін тебіренткен
Ұрпаққа ұран болып Мәншүк кеткен.
М.Маметова 1922 ж. 2 қазанда Орал облысында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылған Маншүк балалық, жастық шағын Алматыда Әмина Маметованың тәрбиесінде болады. Ұлы Отан соғысы басталғанда Алматы мединститутында оқып жүрді.1942 жылы өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант пулеметші Мәншүк ұрыста өзінің асқан мергендігімен және табанды батылдығымен қөзге түсті.
Совет Одағының Батыры М.Маметова анасына жазған хатынан үзінді.
«Қымбатты мама ! Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10 қыркүйегі еді.Өзіме 1-ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет! жолымыз болды.
Ал, қазір алғы шепке пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз. Міне,қалт еткен сәтті пайдаланып
сізге хат жолдап отырмын.
Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім-бірден ұйықтап кетіппін Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп. Қолыңызды қатты құшып сүйемін.Қызыңыз Маншүк. Менің майдандағы жолдастарым сізге сәлем айтып жатыр»
«Мәншүк » әні хормен орындалады.
Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальмен наградталғанның ішінде 96938 қазақ жауынгерлері Кеңес Одағының Батыры атанды.
Қара өлең Ж.Жабаев «Ленинградтық өренім»
І-жүргізуші:
Ешқашан соғыс болмасын!
Аспанымызда соғыс бұлты торламасын!
Аналар жесір,балалар жетім қалмасын!
Бар әлемде бейбітшілік орнасын
Ән «Атамекен»