«Психологиялық өзін-өзі реттеу» тренингі

«Психологиялық өзін-өзі реттеу»  тренингі

Мақсаты:   психикалық өзін-өзі реттеу әдістерін игеру және тұлғалық ресурстарды жандандыру.

Міндеті:

  1. рефлексия дағдысын дамыту
  2. қиялдың творчестволық ресурстарын ояту
  3. өзіне сенімділігін жақсарту және өз ісіне жауапкершілігін сезіндіру
  4. күштену мен негативті эмоцияларды жою
  5. эмоционалды-жағымды тәжірибе жинақтау
  6. бірігіп әрекет ету дағдысын қалыптастыру.

Сабақты жүргізудің негізгі формалары:

  • Ойын (творчестволық, еліктеу – іздену сипаттағы түрде, релаксациялық және т.б.)
  • Үйретуші (өзін-өзі реттеу, аутотренинг) .
  • Творчестволық (арт-терапия және т.б.)
  • Берілген ситуацияларды модельдеп және анализдеуге жаттықтыру.
  • Әңгімелеу, өз ойарын айтып үйрену

Күтілетін нәтижелер: психикалық өзін-өзі реттеу әдістерін игеру және меңгеру

Жүрісі.

  1. «Сәлемдесу»

 

  1. « Наполеонның кейіпі» жаттығу

Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс :

қолды кеуде тұсында айқастыру,

ашық алақанмен қолды алға созу,

түйілген жұдырықты қол  көрсетіледі.

Жүргізушінің «Бір, екі, үш! », командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын). Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.

Жаттығуды орындау:

Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктерңізді көрсетеді. Егер де көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда, бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсеетеді. Жұдрық агрессияны, Наполеон қалыбы – тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.

 

  1. «Шеңберден өту»

Міндет: эмоционалды-жағымды көңіл-күй қалыптастыру, ортақ әрекеттерді үйлестіре білу, ауызбірлік, сенімділік көрсете білу.

Жаттығу сипаттамасы:

Қатысушылар ширенгаға тұрып, қолалыс тұруы керек; шеткі қатысушыға обруч беріледі. Қатысушыларың міндеті – қолдарын ажыратпай, шеңберден «өте» отырып, сол обруч шеренганың соңында болуы керек. Шеңберді беріп жіберуге, немесе керісінше шеңбер арқылы өздеріңізге өтуге болады.

 

Талдау:

Жаттығуды орындауға не көмектесті, керісінше не кедергі келтірді? Тапсырма біреудің жоспарлауымен жүрді ме, әлде әркім өздігінше әрекет етті ме? Шеңберді  бір-біріңе берудің қандай әдістерін табу керек еді?(қолды жоғары көтеру…)

 

 

  1. «Кеден» жаттығуы.

Міндет: кей ситуацияда өзіңнің адалдығыңды дәлелдеу үшін сенімді ұстай білуге жаттығу, «Кеденшілер» үшін  — аңғарғыштық, зеректілікті жаттықтыру.

 

Жаттығу сипаттамасы:

3-4 ерікті «кеденшілердің» рөлінде, олардың міндеті – сұрау, бақылау арқылы басқа қатысушылар арасынан «тыйым салынған заттарды » тасымалдаушыларды анықтау. Бұл заттар (сіріңке қорапшалары) қатысушыларға жасырын беріледі. Осыдан кейін жолаушылар бір-бірлеп «кеденге»  келеді, онда оған «тыйым салынған заттар» бар жоғын анықтау үшін т.рлі сұрақтар қойылады, (тінту жүргізілмейді тек сұрау арқылы ғана анықтау керек).  Барлық қатысушы кеденнен өткесін, «кеденшілер» олардың ойынша «контрабандист» кім екені жөнінде  өз вердикттерін шығарады. Осыдан кейін кімде «тыйым салынған заттар» болса көрсетеді, ол «кеденшілердің» болжамдарын бағалауға көмектеседі.

Талқылау:

— «кеденшілер» өз болжамын неге сүйене жасады?

— Егер қателіктер кетсе, ол ненің әсерінен?

— «Контрабандисттің» жолының болуы немесе болмауының айырмашылығы неде? (сенімділік,байсалдылық, ұстамдылық)

— Егер кім де кім «кінәсіз жәбірленсе», онда ол неге байланысты болды?  Өмірде осындай сәтсіздіктер болса ол адам не істеп және қалай осындай жағдайға ұшырамауы керек?

  1. «Шарлар» жаттығуы.

Міндеті: агрессияны көрсетудің қауіпсіз әдістеріне үйрету.

Жаттығу сипаттамасы :

Мен Сіздерге шар үруді ұсынамын.

— Мына үрілген шарды  —  адам, ал ішіндегі ауаны – ашу мен түршігу деп елестетіңдер.

— Ашуланып, тітіркеніп жүрген адам байсалды салмақты бола  ала  ма?

— ашу кернеп, түршігу шардың ішін толтырғанда шар қандай күйге ұшырайды? (әрине, балалар болса – шар жарылар еді, өйткені олар әлі өз ашуын құрықтауға шамасы келмейді: біреуді ұрып жіберу, айқай шығару, еденге басын соғу)

— Үлкендер өз эмоциясын қолында белгілі бір уақытқа дейін ғана ұстай алады. Сол уақытта шарларыңызды жіберіп қалыңыз, біздің не істейтінімізді сонда көресіз (жан-жаққа аһ ұрамыз, ситуациядан шығу жолдарын іздейміз, долданамыз, ал біреулер соңында депрессияғс ұшырауы мүмкін).

— Ашуды осылай шығару қауіпсіз болуы мүмкін бе? Неліктен?

— Шарды қайтадан үрлейміз, ауа сыртқа шықпайтындай етіп мықтап ұстаймыз.

— Естеріңде сақтаңдар, шар — бұл адам, ал ішіндегі ауа    — кернеген ашу-ыза.

— Біз өз ашуымызды бақылап қолда ұстай алатын болсақ ешкімге зиянымызды тигізбейміз.

— Ал енді шардын кішкене ауа шығарып, қайтадан мықтап ұстаймыз. Сіздер байқадыңыздар ма шардың кішірейгенін?

— Ашуды осылай шығару қауіпсіз деп есептеуге бола ма?

— Өздеріңіздің ашуды ақылға қалай жеңдіресіңдер, ортаға салар әдістеріңіз болса бөлісіп отырамыз.

 

  1. Коллаждар жаттығуы. “Менің  болашағым”. (жайлы музыка қосу)

Міндеті: балалардың мектеп пен үйде эмоционалды комфорт қамтамасыз етуге көмектесетін жағдайларды анықтау, топтық өзара әрекеттерді жандандыру.

Құрал-жабдықтар: фото, журналдар, ватмандар, қайшы, клей, скотч, фломастерлер, карандаштар.

Соңында әр топ өз жобаларын қорғайды.

 

  1. 7. Релаксация музыкалық қолдаумен(презентация пайдалану, фотографиялар)

Мақсаты: релаксация,   эмоционалдық ширығудан арылу.

Құрал-жабдық: ноутбук, проектор, проекциялық экран.

Музыка –  ол да психотерапияға жатады. Сіздер жайланып орынығып, экранға қараңыздар және музыка тыңдаңыздар. (презентация қарау)

 

Сіздерге сәттілік пен ішкі тепе-теңдік тілеймін!