Қарым-қатынас психологиясы.

Сабақтың тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас туралы білімін кеңейту және қарым-қатынас мәдениетін үйрету.

Көрнекілігі:

  1. Ұлағатты сөздер:

«Адамдар бір-бірі үшін өмір сүреді » (Марк Аврелий).

«Адам көп нәрселерсіз өмір сүре алады, тек адам адамсыз өмір сүре алмайды » (Л.Берне).

«Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы » (А.Линкольн).

«Басқа адамның әрқашанда жаман жағын емес, жақсы жағын ізде » (Л.Н.Толстой).

«Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды» (М.Лютер).

 

  1. Сызба:

 

Қарым-қатынас

.

 

 

Коммуникация
Әлеуметтік перцепция
Интеракция

 

 

Паралингвистика, Экстралингвистика, Оптико-кинестетика
Кооперация, конкуренция, конфликт
Идентификация, эмпатия, рефлексия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  2. Жаңа сабақ.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағыдармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажеттілігін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтаратыны байқалып жүр. Сөйтіп қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын айналадағы жұртпен қарым-қатынас жасай білу орасан қажет. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.

Қарым-қатынас ұғымын кім енгізді, және оның бастапқы мәнін ашу. Психологтардың қарым-қатынас туралы көзқарастарын айту, оқушыларға қарым-қатынастың құрлымын, деңгейін көрсету. Лассуэл бойынша коммуникативтік процесс моделін ұсыну.

Қарым-қатынас – екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен хабар алмасу арқылы өзара әрекеттесу процесі. Қарым-қатынастың ғылыми мазмұнын түсіну үшін оны мынадай құрылымдарға бөліп қарастыру керек. Олар: қарым-қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы және перцептивті жағы. Жоғарыда көрсетілген сызбаға назар аударайық.

Қарым-қатынастың коммуникативті жағы – екі жақты ақпарат алмасу поцесі.

Қарым-қатынастың интерактивті жағы – адамдао арасында өзараәрекеттестіктің пайда болуы және оның жүзеге асуы.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдауы және осының негізінде өзара түсіністік қалыптастыру.

 

Оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар.

 

 «Өз үйіріңді тап». Балаларға жануарлар аты жазылған жолақтар таратылады. Көздері байланған қатысушылар осы жануарлардың дыбысын шығарады.

 

«Үндемейтін және сөйлейтін айна» жаттығуы. Бұл жаттығудың авторы Г.И.Марасанов. Жүргізуші топ ішінен өз еркімен шыққысы келетін қатысушыны ортаға шығарады, ол айнаға қарайтын болады. Ойыншының міндеті екі айнаның көмегімен артына келіп тұратын адамды табу болып табылады. Бұл айналар әрине тірі айналар болады. Біреуі үндемейтін: ол қатысушыға артында тұрған адам туралы, оның кім екенін мимика, жест арқылы көрсетеді. Екінші айна – сөйлейтін айна: ол қатысушыға артында тұрған адамнң есімін атамай, онң қандай адам екенін айтады. Қатысушы өз еркімен топ ішінен өзіне үндемейтін және сөйлейтін айна таңдап алады.

Қатысушы таңдау жасағаннан кейін жүргізуші «айналарға» ойын ережесін түсіндіреді.

Айналар қабырғаның жанында тұрады. Негізгі ойыншы олардың алдында тұрады. Қалған барлық қатысушылар оның артқы жағына жайғасады да біртіндеп шуламай оның артына келіп тұрады. Бірінші үндемейтін жұмыс істейді. Егер негізгі ойыншы оның артында кімнің тұрғанын таба алмаса, онда сөйлейтін айна жұмысқа кіріседі. Ол тек бір ғана сөйлем айтады. Егер ойыншы тағы да таба алмаса, үндемейтін айна қайта түсіндіреді. Осылай жалғасып кете береді.Ойыншның мақсаты – артында тұрған адамды неғұрлым тез арада табу.

 

Сыйлық беру. Әрбір оқушы өз сыныбындағы құрбыларна оның жақсы қасиеттерін айта отырып сыйлық береді.  

   

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Сұрақтар қою:

А) Қарым-қатынас дегеніміз не?

Ә) Қарым-қатынастың қандай психологиялық құрылымы бар? Олардың сипаттамалары қандай?

Б) Қарым-қатынас мәдениетін қалай түсінеміз?

 

Үйге тапсырма:

  1. «Мен басқалармен қарым-қатынаста қандаймын?» (Эссе).