Әдептен озбайық

 

Сабақтың тақырыбы:Әдептен озбайық
Сілтеме:1.      Әдістемелік көмекші құрал: «Өзін – өзі тану» Алматы, 2010ж (6 сынып)

2.      Шакузадаұлы Н. «Әдептілік қағидалары». Алматы, 2000ж.

3.      Табылдиев Ә. «Әдеп әліппесі». Алматы, 1997ж

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың қарым – қатынас мәдениетіне әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту арқылы бағытталады.

 

Міндеті:Оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдетіп,  оқушылардың этикалық қарым – қатынасын дамыту арқылы  ізетті, ілтипатты сыпайы болуға тәрбиелейді.

 

Оқыту нәтижелері:1.      Оқушылар қарым – қатынас мәдениеті туралы түсініктері кеңейтіледі.

2.      Диалогтік сұрақтар арқылы оқушылар  сыни тұрғыда ойлана алады.

3.      Салыстыру арқылы топтық  және өзіндік бағалауға дағдыланады.

Жаттығулар:

 

 

 

Әңгімелесу, тренинг: «Мен қандай түсті ұнатамын?», ассоциация: «Әдеп»,мәтін: «Тістелген алма», «Әдеп», тренинг: «Жағымды сөз айту», ой қозғау,ойын: «Әдепті сөздер», диалогтік сұрақтар: «Ойланайық, пікірлесейік», топтық жұмыс: «Дәйексөз», «Мақал — мәтелдер»

 

Тапсырмалар:

 

 

Шағын шығарма жазу: «Жеке адамның бойындағы әдептілік»

 

 

Блум таксаномиясыЖұмыстың атауыМазмұны
 БілімҮлкен шеңберде тұрып, мұғалім оқушылармен бірге Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» өлеңін бірігіп орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке  жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

сұрауы бар судың да.

 

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің

Ақ болар деп ойладым.

 

Қуанышым – арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп  санаймыз.

 

Жалғыз дара – өзіңсің,

Атасының көзісің, Әжесінің сөзісің,

Мен барымды аяман,

Ботақаным, сен үшін.

 ТүсінуСұрақ қою арқылы әңгімелесу:

 

 

 

 

 

Топқа бөлу:

 

 

 

Тренинг: «Мен қандай түсті

                  ұнатамын?»

 

 

Топтық жұмыс: «Әдеп» (сөзіне ассоциация

                                     жасау)

 

 

3 топқа тапсырма беріледі: «Ойланайық, пікірлесейік»

1.      Бұл өлең  кімге арналады?

2.      Сендерді жақсы көретін адамдарға сендер қалай жауап беріп жүрсіңдер?

 

Тақтадағы 3 түсті стикерді әр оқушы таңдап алу арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін

 

Тренингі арқылы көшбасшыны анықтаймын

 

Оқушылар АКТ пайдаланып «Әдеп» туралы материал тауып алып ассоцация жүргізеді.

 

Диалогтік сұрақтар:

1.      Әдеп. Әдеп сақтау

2.      Әдептілік сақтау дегеніміз не?

3.      Әдептілік адамның іс – әрекетінде қалай көрініс табады?

(Осы сөздер туралы түсінік алу үшін синонимдік тәсілді және антонимдік  тәсілді оқушылар қолданулары қажет)

 

Оқушылар өз топтарында қарастырып, талқылағаннан кейін  интерактивті  тақтада берілген жаңа ақпараттағы анықтаманы оқып, өз болжамдарымен салыстырып талқылайды.

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

 

 

 

 

ҚолдануМәтін: «Тістелген алма»  (ел аузынан)Мәтін көлемі үлкен болғандықтан 3 тапқа бөліп, әр топқа сұрақтар дайындауды тапсырады. (Оқушылар мәтінді қысқаша баяндап береді және басқа  топтарға сұрақтар қояды) Сұрақтар:

—          Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?

—          Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?

—          Жігіт пен  бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар?

(Венн диаграммасына орналастырамыз)

Талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтін:  «Әдеп» Ы. Алтынсарин

 

 

 

Мәтін оқылады. Оқушылар кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, өз ой тұжырымдарын, пікірлерін айтады. Оқиғаның қорытындысын, байламын, шешімін айтады. Кез келген оқушы өз пікірін ашық айту үшін мұғалім әрбір айтылған пікірге алғыс білдіріп отыруы тиіс. Мұғалім өзгелердің де пікірін сұрап отыруы керек.
Ойын: «Әдепті сөздер»

 

 

 

 

 

 

Дәйексөз: Ж. Баласағұнидің

              Адамда жақсы қасиет болмаса,

           Оған бақ та, бақыт та қонбайды

Мұғалім оқушылардың күнделікті сөздік қорларында әдептілікті білдіретін сөздерді көбейту мақсатында шеңберге отырғызып, допты лақтырып- қағып алу арқылы бір – біріне әдепті сөздерді айтады.

 

Берілген дәйексөзді көзқарас, себеп, мысал, жалпылау бірізділігін сақтау отырып, талдау оқушылардың өз пікірлерін жүйелі айтуға көмектеседі

 ЖинақтауТапсырма: «Әдептілік туралы мақал –

                     мәтелде» айту

 

 

 

Трениг: «Жағымды сөз айту»

Оқушылар өздерінің білген мақал – мәтелдерін естеріне түсіріп немесе интернеттен қарап тез арада тауып ойларын жинақтайды.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір – біріне жағымды сөздер айтып, ойларын жинақтайды

 БағалауКөшбасшы:

 

 

Үй тапсырмасы:

Шағын шығарма жазу: «Жеке адамның бойындағы әдептілік»

Оқушыларды салыстыру арқылы форматифті түрде бағалайды. Топты бағалаймыз. Көшбасшыны бағалаймыз.