Діни экстремизм: психологиялық аспектілері
Тақырыбы: Діни экстремизм: психологиялық аспектілері
Мақсаты:
- Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
- Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап, жастарға ой салу;
- Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: тренинг -сабақ
Сабақтың әдістері: талдау, жинақтау, әңгімелеу, сұрақ- жауап.
Көрнекілігі: слайдтар, плакаттар, кеспе қағаздар, үнтаспа.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі:
- Теориялық бөлім
- Практикалық бөлім
— “Өзіңді білгің келсе”жобалық тест.
— “Діни көзқарастың психологиялық ерекшелігі” сауалнама
— “Сіздің миыңыздың қабілеті қандай?”
Шығармашылық жұмыс:
- Үш топқа бөліну, әр топ тапсырмаларының жобасын жасақтай отырып, қорғайды.
1-топ Практикаңызда «Діни экстремизмнің алдын- алу» жұмыстарына 7 сұрақтан құрастырылған сауалнама жасақтап, осы сауалнама жұмысыңыздың жүргізілу жобасын( көрсетіңіз) қорғаңыз.
2- топ «Діни экстремизмнің алдын- алу» жұмысын ұйымдастыруыңызда (жүргізілген сауалнамадан ) анықталған оқушылармен жеке жұмыстарының жүргізілу жобасын (көрсетіңіз) қорғаңыз.
3- топ «Діни экстремизмнің алдын- алу» жұмыстарыңыздан анықталған оқушылармен және оның сыныбымен, отбасымен қандай жұмыстар жүргізілген дұрыс болатындығына жоба жасақтап қорғаңыз.
Үлестірме материалдарды тарату.
Қорытынды:
Көкірегіңе түйіп ал!
- Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата — бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа шығармайық!
- Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні екендігн ұмытпайық!
- Дін дегеніміз –ұлы сенім, ғылым анасы
- Ал сенім – адамзаттың тірегі.
- Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық!