Жалынды жастық шақ.

Сабақтың тақырыбы: Жалынды жастық шақ.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екендігін сезіндіру. Мақсаттарын дұрыс айқындауға ықпал  ету.

Міндеттері:

  • Жастық жігерді білім алуға жұмсаудың маңыздылығы туралы ұғындыру;
  • Өз жолын дұрыс таңдаған адамның болашағы жарқын, мақсаты айқын болатындығын ұғындыру;
  • Студенттерді өз өміріне, ойы мен сөзіне, ісі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, шығармашылық жұмыстар, СТО технологияларының әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа  байланысты интернет желісінен алынған деректер, суреттер, аудио материалдар.

Пайдаланылған әдебиет:

  • Өзін-өзі тану пәнінен мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал 10-сынып. Алматы «Бөбек», 2010 жыл;
  • Өзін-өзі тану пәнінен оқулық 10-сынып. Алматы «Бөбек», 2010 жыл;

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, әдеп.

Сабақтың жүру тәртібі:

І. Ұйымдастыру: Студенттермен амандасу,түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

Шаттық шеңбері.

  • Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Күніміз жарық болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Амансыз ба қонақтар,

Амансыз ба әлем

Баршаңызға амандық сәлем!

«Жақсы сөз – жарым ырыс» студенттер бір-біріне бойларындағы жағымды қасиеттерді айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

«Екі сөйлеу – ерге сын» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру.

«Сөз ойла – тез ойла»

Берілген сөздердің әріптерін рет-ретімен қойып, мағыналы сөз шығарып, сол

сөзге байланысты сөйлем құрастыру.

  • Қақита;
  • Робыйа;
  • Бақтым.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.

            Студенттерге жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, қызығушылықтарын ояту.

  1. Жастық шақ дегеніміз қандай уақыт?
  2. Бұл кезде әр адамда қандай мақсат болу керек?
  3. Жастық шақта неге ұмтылу қажет?

 

ІҮ. Мағынаны тану.

Мәтінмен жұмыс.

І. Омаров  «Жастарға хат»

Дәйексөз

«Жастық шағың –

жарқын жаздың бейнесі,

Құтты жаздың ала алсаң,

жок бермесі…»

С.Мұқанов

Назар аударыңдар.

*       *        *

Бір жылдың ішінде бір –ақ жаз болады. Ағаш, шөпте, гүлдер, жапырақтар,бір-ақ рет жарасады.Осы секілді адам басына жастақ екі келмейді.

Жастық біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін күз,қыс келеді. Сол сияқты жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақы кісілер жаздың күні қыстың азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер білім, жақсы мінездерді бойына жинауға тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тіршілік ете алмайды.

М.Дулатов

Сергіту сәті «Жан-жануарлар әлемінде».

Жастық шақ туралы мақал-мәтелдер

  • Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер.
  • Жастық көкке, кәрілік жерге қаратады.
  • Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.
  • Жігітінде жігіт болмаған,
    Өмір есесінен құр қалған.
  • Адам қартайса да, көңіл қартаймайды.

 

Нақыл сөздер

  • Зердесінде бары болса жігіттің,

Қалмас жатып, сыртқа шығар ол екпін

Мақтымқұлы

  • Жас мұраты, білім, тәлім – талабым…

Өнер, оқу – жастың қару жарағы

І.Жансүгіров

 

  • Жастық шақ – даналықты меңгеруге арналған уақыт…

Ж.Руссо

Нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді студенттерге оқытып, талқылау.

 

Әңгіме «Егіннің бастары»

ІҮ. Ой толғау.

Шығармашылық жұмыс.

«Жалындаған жастық шақ» тақырыбында өлең құрастыру немесе сурет салу.

«Бес жол өлең»  әдісі бойынша студенттердің қаншалықты тақырыпты меңгергендігін анықтауға болады. Оқушылар алған ақпаратты түйіндеп айтуға, өздерінің ойларын аз сөзбен, бірақ нақты жеткізуге жұмыстанады.

Топтастыру.

«Жастық шақта…»

 

«Бір айналым сөйлесу» әдісі бойынша оқушылар өтілген тақырып бойынша өз ойларын бір сөйлеммен жеткізеді.

Ү. Қорытынды.

            Дәйексөз

 

Жастық арман. Бұл – сенім. Бұл ерлікке құштарлық. Бұл әрі лирика, әрі романтика. Бұл болашақ жөніндегі үлкен жоспарлар.

 

Н. Хикмет

Жүректен жүрекке.

 

«Шақырады көктем»

Сөзі: Т.Молдағалиев

Әні: Ә.Бейсеуов

Елестеттің көктемді гүл ашқан,

Көздеріңе ғашықпын нұр шашқан.

Алыстарға жетеле, еремін,

Сені ғана бақыт деп сенемін,еркем.

 

Қайырмасы:

Арманымдай алдағы,

Ақ шуақтай таңдағы,

Аялай бер, арманым, аялай бер.

Сандуғаштар жырлаған,

Көктемдерге бір барам,

Шақырады біздерді көкорай бел…

 

Қолыңды бер, жатсынба, арманым,

Сәуледей боп аяла таңдағы.

Шақырады жас көктем гүлімен,

Шақырады жасыл бақ жырымен.

 

ҮІ. Үйге тапсырма:

Жастық шаққа байланысты дәйексөздер құрастырып келу.

«Жастық жігерім – жақсылыққа» тақырыбында эссе жазу