Адами қарым-қатынас ізгіліктері
Тақырыбы: Адами қарым-қатынас ізгіліктері
Мақсаты: оқушылардың адами қарым-қатынас туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- адами қарым-қатынас жасау ізгіліктерін түсіндіру;
- адами қарым-қатынас жасауды ізгіліктерін дамыту;
- адами қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шаттық шеберіне шақырып, олармен амандасып Қ.Салықовты «Бір ауыз сөз» өлеңі оқылады. Бұл өлең жолдары арқылы адами қарым-қатынас жасаудың ізгіліктерін түсіндіруде сөздің қадір-қасиетін ұғындыру мақсатын көздейді.
Сергіту сәті
Сергіту сәтін «Жануарлар әні» жаттығуы арқылы ұйымдастырылады. Жаттығуды ұйымдастырудағы мақсат оқушыларды топқа бөлуіп, жұмыстандыру.
Жаттығу барысы: оқушылар жүргізуші қолынан қағаз суырып, белгілі бір жануардың атауына ие болады. Барлық оқушы өзіні кім екенін анықтағаннан кейін көздерін жұмулы күйде сол жануардың дыбысын береді, сөйтіп олар бірін-бірі тауып алады. Сонымен қатар, оқушылардың жұмыс жасауға деген белсенділіктері артып, көңіл-күйлері де көтеріледі.
Әңгімелесу.
Оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында адами қарым-қатынас жасау неліктен адам өміріндегі бағалы құндылықтар болып табылатынын түсіндіріп, оқушылар назарын сүйіспеншілік сезіміне аударады.
Өз ісіне шын ықыласпен, өмірге сүйіспеншілікпен қарайтын адамдар ғана ұлы жаңалықтар аша алады, қалалар салады, бақтар өсіреді, ұрпақ тәрбиелейді. Сонымен қатар адам сезімінің көрінісі ретінде тамаша әндер мен өлеңдер, ғаламат шығармалар дүниеге келетінін түсіндіреді.
- Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
- Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай?
- Әдепті сөйлеуді адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай?
- Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады?
Назар аударыңыз
Ғ.Мұстафин
Мұраларды ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды.
Зенон
Сөзді бағасы бес белгімен айқындалады: дұрыстық, айқындық, қысқалық, орындылық, әрлеу. Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі, оған тәрбие арқылы жетеді. Айқындық дегеніміз – ойдың мазмұнын дұрыс бере білу. Қысқалық деп мәселені түсіндіруге немесе ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалануды айтады. Орындылық – сөздің айтылар жері мен мерзімін абайлау. Әрлеу – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.
Шығармашылық жұмыс
Әр топқа «Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңыздылығы» тақырыбында коллаж жасайды. Коллажды тақтаға іліп, қорғайды және әр топ бір-біріне сұрақтар дайындап қояды, сұрақтарға өздері қосымша ой қосады.
Тыныштық сәті
Оқушылар ыңғайланып отырып, аңыз ән тыңдайды. Бар ойын сол аңызға аударып, ондағы мағынаны түсінуге ұмтылады. Аңызды мазмұнын талдай отырып, оқушылар қарым-қатынас кезінде сабырлыққа, ашуды ақылға жеңдіруге үйренеді.
Жүректен жүрекке
Оқушыларға шын жүректен мұғалім тарапынан келесідей кеңестер беріледі:
Өкпелей салып, кешіру оңай емес. Дегенмен де мына жағдайларды есіңізге ұстаңыз:
- Кез келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ.
- Қандай да бір шешім қабылдайтын болсаң, өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауға тырыс.
- Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс.
- Өзгені айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түседі.
- Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыдап тұрған адамныңашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұраған кезде екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс.
- Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.