Атамекен-алтын бесік . 7-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы
Атамекен-алтын бесік . 7-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы
Мақсаты:оқушыларға Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы,өміріндегі орны туралы түсініктер беру:
Міндеттері:-Атамекенді қадірлей білу,оған қызмет ету,адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағұлмат беру:
-оқушылардың өз атамекені,туған жері туралы білімдерін кеңейту:
Өз атамекеніне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін,мақтаныш сезімдерін арттыру.
Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, Бауыржан Момышұлының суреті және нақыл сөздері, жүрекшелер, күннің суреті, мақал- мәтелдер, туған жер туралы әндер.
Шаттық шеңбері
Оқушылармен сәлемдесу және оларды шаттық шеңберін құруға шақыру
Атамекен
Сөзі:Қ.Мырза Әлі
Әні:Е.Хасанғалиев.
Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын,көп күлем.
Айдарымнан сипап өткен самалы
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең,атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Жасыл жайлау-түкті кілем,көк кілем,
Көк кілемде көп аунаймын,көп күлем.
Асқар тауың аспанымен таласқан
Қазағымның мәртебесі деп білем
Қайырмасы.
Ән айтылып болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын таныстыру.
Әңгімелесу
Мұғалім:
. «Атамекен» дегенде ойыңа бірінші не келеді?
. Адамның туған жері әрқашан атамекен бола ма?
.Өз атамекеніңді сүйе білесің бе?Оған деген перзенттік парызды қалай өтеуге болады?
.Сенің арман қиялыңда атамекенге қандай орын берілген?
.Біздің туған өлкемізден шыққан қандай азаматтарды мақтаныш етесің?
Мұғалім: Атамекен ата-бабамыздың қоныс еткен,талай зұлмат пен шапқыншылықтан аман алып қалған біздің қасиетті мекеніміз.Адам қайда жүрсе де,қандай биіктерге көтерілсе де,ол үшін ең қасиетті,ең қадірлі өлке-ол Атамекен.
Мәтінмен жұмыс
Оқулық.Ғ.Оралбаев. « Бір шымшым топырақ» әңгімесін мұғалім оқиды.Мәтін соңынан берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу.
Сергіту сәті: «Жақсы» тақырыбындағы ширату ойының ойнауды ұсынамын. (Балалар шеңберде тұрады.)
- Күннің шыққаны жақсы ма? (Күнді бейнелейді)
- Жақсы (Алақандарын соғады)
- Желдің соққаны жақсы ма? (Желді бейнелейді)
- Жақсы (Алақандарын соғады)
- Достарыңмен жүрген жақсы ма?(Адымдайды)
- Анаңды құшақтаған жақсы ма? (Өздерін құшақтайды)
- Жақсы (Алақандарын соғады)
- Туған өлкеде жақсы ма? (Құшақтарын жаяды)
- Жақсы (Алақандарын соғады)
- Үйіміз бар жерде жақсы ма? ( Үйді бейнелейді)
- Жақсы (Алақандарын соғады)
- Биде айналған жақсы ма? ( Айналады)
- Жақсы (Алақандарын соғады)
- Қазақстандық болған жақсы ма? (Бас бармақтарын көрсетеді)
- Жақсы (Алақандарын соғады)
Жаңа ақпарат
Атамекен…Атажұрт…Туған жер…Бұл-ең жоғарғы құндылықтардың,асыл ұғымдардың бірі.
Атамекен-туған халқының,ұлтының мекен еткен,ата-бабасының қоныс тепкен жері.Туған жер-әр адамның дүние есігіе ашып,өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз болашағына,өткеніне ден қоя бастайды.Адамның болашағы да,өткені де атамекенмен тығыз байланысты болады.Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең,олар туған жнрді қасиет тұту-қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған,ана сүтімен дарыған.
Дәйексөз.
«Туған жер-тұғырың, туған ел-қыдырың»
Тақтада жазылған дәйексөзді оқып,мағынасын түсіндіру.
Балаларға арналған сұрақ: «Атамекен,туған жердің адам өмірінде алатын орны қандай?»
Шығармашылық жұмыс.Туған жер, туған ел туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу.
1.Бау-бақша белдер,
Орман,тау,көлдер,
Көрікті шексіз даламыз.
Дәулеті тасқан,
Сәулеті асқан
Көңілді ауыл,қаламыз.
2.Әуел бастан,
Құшақ ашқан,
Әнге бөлеп санамды.
Ақ бесігім,
Бақ бесігім
Шексіз сүйем даламды.
3.Тауға биік
Басымды иіп,
Тұрсам үлкен мәртебе.
Жері сымбат,
Маған қымбат
Өлкемдегі әр төбе.
4.Туған жерім,
Туған елім,
Еркелетіп өсірді.
Бойға көрік,
Ақыл беріп,
Қатемді де кешірді.
5.Көлді ұнатам,
Мөп-мөлдір суы бар.
Белді ұнатам,
Көгілдір нуы бар.
Дананы ұнатам,
Өшпейтін ізі бар.
Даланы ұнатам,
Ақ нанның иісі бар.
Дәптермер жұмыс.
Оқушыларға дәптерде берілген мәтіндерді басшылыққа ала отырып, «Атамекенім-мақтанышым» тақырыбына шығарма жазу тапсырылады.
Түйіндеме.Оқулықтағы Бауыржан Момышұлының «Отан сүйер ұлан бол!» деген өсиет сөзін оқушыларға оқыта отырып, «Атамекен» туралы түсініктерін кеңейту.
Мұғалім: — Көңіл-күйіміз, сабақтың өту барысы ұнай ма?
- Ендеше, осы көтеріңкі көңіл-күйімізді күннің шуағына теңеп, күннің сәулесінен жылу ала отырып, мына тапсырмаларды орындайық.
Тапсырмалар: 1. Туған жер туралы өлең оқып бер.
- Өзіңнің туған жеріңді он жылдан кейін қалай елестетесің?
- Үнтаспада ойналуы бойынша қандай ән екенін тап.
- Өзіңнің
«Мен саған, сен маған»
Туған жерге ,елге, Атамекенге байланысты мақал-мәтелдерді толықтыр. Мысалы:
- Отан оттан да …….
- Туған жердей жер болмас,
………………………………………..
- Өзге елде сұлтан болғанша,
……………………………………………. т.б
Постер бойынша «Атамекен» сөзін талдау.
Жүректен-жүрекке.
Ауылым.
Сөзі:Ж.Бейсенов.
Әні:Т.Базарбаев.
Кіндігімнің жас қаны,
Тамған жерім ауылым.
Шабытымның асқары
Самғаушы еді ауылым.
Қайырмасы:
Жастығымның куәсі
Шұрқыраған ауылым.
Жусаны мен жуасы
Бұрқыраған ауылым.
Биік-биік шың,құзға,
Құмар қылған ауылым.
Бүлдіршіндей бір қызға
Құмар қылған ауылым.
Қайырмасы:
Әнмен таңды атырып,
Ән салдырған ауылым.
Сары қымыз сапырып,
Тамсандырған ауылым
Көк түтінді шұбатып,
Желек созған ауылым.
Ай көрмесем құмартып
Жүрек қозған ауылым.
Қайырмасы:
Әр оқушы алдын-ала дайындалған жүрекшелерге «Атамекенге» арнап тілек жазады.
Жүректен – жүрекке.
Жақсы сөз, жақсы тілекті
Болайық ізгі ниетті
Жақсылық ойлап кісіге,
Тілейік үлкен — кішіге
Оқушылармен бірге шаттық шеңберіне жиналып, « Қазақ елі»
атты әнді орындаймыз.
Сөзі: Ш. Сариевтікі
Әні: С. Бәйтерековтікі.
Қазағым сенсің қазақ — ұлы елім,
Дүрсілдеп сен деп соққан жүрегім.
Мақтанам, қазағым, мақтанышым,
Тәуелсіздік таңы атқан үшін.
Қайырмасы:
Қазақ жері — бұл Қазақстан
Жаса мәңгі гүл Қазақстан.
Келешекке туған елім менің
Қолын беріп тұр, Қазақстан.
Бір мен үшін сенен басқа жер жоқ.
Жер бетінде сенен басқа ел жоқ.
Арманым, тағдырым – қазақ жерім менің,
Әнұраным, туым, қазақ елім.
Қайырмасы:
Назарларыңызға рақмет! Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін
Пән мұғалімі: Жуманбаева М.К.