Достықты аялай біл!

Достықты аялай біл!

Сабақтың  мақсаты:

а) Білімділік. Оқушыларға достық сөзінің мағынасын түсіндіру.

ә) Тәрбиелік. Оқушыларды бір – бірімен дос болуға, сыйлауға, түсінуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

б) Дамыту.Оқушыларға ұлттар арасындағы достық, сыйластық жайлы дүние танымын кеңейту.

  1. Шаттық шеңбері.

Оқушылар шеңберге жиналып, достық жайлы өлең айтады.

Жан досым

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да, жырымызда бітпесін.

  1. Мәтінмен жұмыс

              Бай баласы мен жарлы баласы

                                  Ертегі

Ертеде бай баласы Асан мен жарлы баласы Үсен өмір сүріпті. Екеуі дос болыпты.

Бір күні ауыл жайлауға көшіп кетіпті.Асан мен Үсен ескі жұртта ойнап жүріп қалып қойыпты. Асан не істерін білмей жылайды.Үсен көшкен елдің дөңгелегі ізі қайда барады деп ізімен жүріп отырды. Қараңғы түсті. Үсен үйрек ұстап алды да, пісіре бастады. Асанға ағашты теріп әеел деді. Таң аттты. Екеуі жолға шықты. Төбенің басына шыққанда, олар өздерінің ауылын көріп, қуанып, құшақтасып ауылға жүгірді. Олар басынан өткен қиыншылықтан кейін дос болып қалды.

  • Асан менҮсен неге жұртта қалып қойыпты ?
  • Асан неге жылады ?
  • Үсен үйректі қалай ұстады ?
  • Асан достықтың қадірін қалай түсінді ?
  1. Тыныштық сәті.

Достық жайлы музыка тыңдап, балалар 1 минутқа тынытық орнатады.

  1. Тапсырма

             Қол шатыр

  • Мен сұрғылт түсті аспанды көрдім.
  • Мысық сен не деп тұрсың?
  • Аспан көгілдір, ол көгілдір түсті,- деп қабағын түйді.

Екеуі ойға түсті. Аспанда күн күлімдеді,- деп, мысық басын изеді.

  • Мысық күрсініп үн – түнсіз кетіп қалды.Ол қызық екен өзі, — деп ойланып, бәрін өзі шатастырып айтқанын білген жоқ.

Ал мысық көңілсіз күйде қалды.

  • Мысық пен қол шатыр неге бір – бірін түсінбеді?
  • Олардың ойлары неге әртүрлі болды?
  • Мысық неге көңілсіз күйде болды?
  • Олардың достығы әрі қарай жалғасты ма?

6.Сергіту жаттығуы.

Мұғалім оқушыларды шеңберге шақырып, 2 топқа бөледі. «Немесе, немесе» ойыны ойнатылады.

1.Актер немесе биші

2.Алматы немесе Астана

3.Теңіз немесе орман

4.Раушан немесе жауқазын

  1. Оқу ақпараты

Достық дегеніміз екі адамның арасындағы ортақ түсіністік, ортақ қызығушылығы бар, жастары қатар адамдар арасындағы қарым – қатынас.

  1. Жүректен – жүрекке

Оқушылар шеңберге жиналып, қолдарына жүректі алып, бір – біріне жылы тілектер айтады