2,3,4,5 сандарының +,-, кестесін қайталау

Сабақтың  мақсаты:

 1.Білімділігі: 2,3,4,5 сандарының +,-, кестесін қайталау

 2.Дамытушылығы:

    оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіру.

 3.Тәрбиелігі: оқушыларға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру.

Түрі: қайталау

Әдіс-тәсілдері:

Пәнаралық байланыс:ана тілі,қазақ тілі.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі

 Шаттық шеңбері:оқушылар ортаға шығып, бір –біріне жақсы тілектер айтады.

  • Еліміз мықты болу үшін,біз қандай болуымыз керек?
  • Білімді
  • Дұрыс айтасыңдар
  • Балалар, дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықты жеңе алады.
  • Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған, білімді болуы тиіс.Бүгінгі сабағымызда біз де «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, білім шыңына шығу арқылы өзімізді көрсетейік.Егеменді еліміздің ертеңі үшін өз үлесімізді қосайық.

1 басқыш. Сиқырлы санды сөйлет

12345678
қайталау

1.Ақ ұлпа / қар /

2.Ең жақын адам / ана /

3.Ай сөзіндегі ең соңғы дыбыс / й /

4.2 мен 2-нің қосындысы / төрт /

5.Ініден үлкен / аға /

6.Ешкінің  төлі / лақ/

7.Әліпбидегі бірінші әріп / а /

8.Дауыссыз да,дауысты да болады /у/

2 басқыш.Қайталау-сөздің анасы

Үй тапсырмасын тексеру. /2,3,4,5сандарының+,-, кестесі /

1оқушы- 2+,- кестесі

2 оқушы-3+,- кестесі

3оқушы- 4+,-кестесі

3, 4, 5, сандарының құрамын анықтау

3 басқыш.Оқулықпен жұмыс/ дәптерге орындау

/оқушылар бір-бірден шығып орындайды /

4 басқыш. Ауызша есептеу

10-5     3+5      2+3          7+1   100+0

5+2      5-4        0+10       10-1   20-0

5 басқыш. Сергіту сәті / музыка ырғағымен /

6 басқыш.Қасиетті ұғымдар /шығармашылық тапсырма/

/оқушыларға сандар таратылып беріледі,олар жайлы не білетіндерін   қағаз бетіне түсіреді/

                                                  2     3        4       5

Екі:Сейсенбі,сабағымды білмесең,мені аласың күнде сен

Үш би:Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би, бағдаршамның 3көзі бар/қызыл,сары,жасыл/

Үш арсыз:Ұйқы,тамақ,күлкі

Үш даусыз:мінез,кәрілік,ажал

Үш қадірлі:Ырыс,бақ,дәулет

Төрт тұлға:От,су,жел,жер

Төрт құбыла:Оңтүстік.солтүстік,шығыс,батыс

Төрт маусым:қыс,көктем,жаз,күз

Төрт түлік:Түйе,жылқы,сиыр,қой

Бес қару:Садақ,мылтық,найза,қылыш,айбалта

Бес қатер:От,жау,борыш,ауру,сөз

Бес намаз:Таң намазы,бесін намазы,екінді намазы,ақшам намазы,жашиық намазы

7 басқыш. Конструктор.«Құрастыру»

/берілген фигуралардан кез- келген зат құрастыру /

8 басқыш. Деңгейлік тапсырма

9 басқыш. Тест

Міне, біз Болашақ баспалдағының шыңы «Білім шыңына» жеттік.Өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға біз де өз үлесімізді қостық деп айта аламыз.Көк туды желбіретейік.Берілген тапсырмаларды толығымен орындадық.        Үйге:2,3,4,5+,- кестесін қайталау.  Бағалау.