Атамекеннің адамның өсіп – дамуы
Сабақтың тақырыбы:
Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру.
а)Білімділік. Атамекенді қадірлей білуге, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағұлмат беру.
ә)Дамыту.Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту.
б)Тәрбиелік. Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Электронды оқулық, слайдтар
Шаттық шеңбері
Атамекен
Сөзі: Қ.Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалив
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көк ойнаймын, көп күлем.
Айдармнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем
Қайырмасы:
Қайда жүрсең , атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
Қимай оны батады екен
Әңгімелесу
1) Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді?
2) Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма?
3) Адамда екі атамекен бола ма? Отан ше?
4) Өз атамекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді?
5) Сенің арман – қиялыңда атамекеніңе қандай орын берілген?
Мәтінмен жұмыс
Бір шымшым топырақ
Ғ. Оралбаев.
Жақып ойына алған ісіне жан салып кірісіп,елге дабыра қылмастан,қоймадағы жүн,терілерді,қамбадағы астықтыанда-мұнда жөнелтіп,көңілге тоқ сылдыраған күміс теңге,алтын ділдаға айналдырып жатты.Сөйтіп,айға толмайтын аз күннің ішінде бар жұмысын реттеп алған Жақып соңғы жөнелткен кірісімен қайтыпоралған Жанарға дастарқан басында:
-Жас болса келіп қалды.Әкенің жетегіне еріп келіп, бұл жердің де дәмін татқаныма қырық жылдан асыпты.Жаман болған жоқ,бастан болмаса ,басқадан кемшілік көрмедім.Әкем марқұм: «Сенің қамыңды ойлап,табыс көзін іздеп,атамекен,туған жерден алыстап кеттім.Тойдым екен депатамекеніңді ұмытпа!»-депжиі айтушы еді.Сол әке менің қамымды ойласа,мен кімнің қамын ойлағандаймын.Оның үстіне сырқаттанып та жүрмін.Жан сырқа-тына атамекеннен артық қандай ем болмақ? О,дүниеге екі дертті қатар қатар арқалап аттанғанша,біреуімен аттанғанды жөн көрдім. Жыл құсындай аспанмен ұшып,сызылта әндетпесек те бұл жақты да, өзіңдей қол ұшын берген,көңілге ұялаған адал жандарды дақимай мұңдап,жербетімен жылжып көшіп,кеткелі отырмыз,-деді көзіне жас алып.
Тығыршықтай толық, орта бойлы, шоқша сақалды Жақыптың ішкі ынсаптылығына орай жүзінде тартымды жылылық бартын. Жұлығына шаң қонып,жағасын кір шалмайтын биязы мінезі де қонымды еді.Іштей толқып, егде адамның сөзщі ғана емес,өңіндегі құбылыста жас жігітті елжіретті.
— Әке орнына әке,аға орнына аға болған сізден жырылып қалатын не жөнім бар? Бүйрегім бұрып мазаланатын бауыр ет, жақыным жоқ. Мен сіздермен бірге боламын деді Жапар.
— Жас күнде адам атамекеннің қадір-қасиетін біле бермейді. Алыс кетіп, жас ұлғайғанда ұғады. Көркімен көрінісі көз алдыңнан кет-пейді. Әйтеуір бірөкініш кеудеңді ұлар болып шулайды.Балалықтың базарынан, жастықтың шаттығынан елес беріп тұратын туған жерден артық бауыр ет жақынды менің жасыма келгенде іздеп таппайсың.Жігер-қайратың қайтпаған,арман –үмітің алдағы жассың. «Жақсы ұлың – құлындай, жақсы құлың- ұлыңдай» дейді халық.Арасы жер мен көктей осы екі ұғымды бірлестіріп тұрған нәрсе – ниет пен тілек, адалдық пен сенім емес пе? Сен менің ұлымдай болдың. Сол үшін мұндағы қора-жайды қағаздап, хаттап,өз атыңа көшірдім,-деді.
Ханның қазынасын тонағандай болып, өз-өзінен қуыстанған Жақып тағы да шағын қаладан түн жамылып, ұрланып аттанды. Үш бірдей тоқ жарау ақ боз ат жегілген аса үлкен ақ күйме, төрт ат жегіліп, жүк тиелген ақ шатырлы арба батыс жақты бетке алып, күн шыққанда қаладан ұзап кетті. Жақып еті қызып екпіндеген ат-тардың жүрісін тежеп,қара жолдан бұрылып, домалақ төбе бауыры-нан бұрқылдап қайнаған тас бастауға келіп тоқтады. Шығарып салу үшін салт атқа мініп ерген Жапар аттан түсіп, күйме делбесін ұста-ған Жақыпты қолтығынан демеп, жерге түсірді.
-Жерге түсіңдер. Туған жердің суы – кәусар ғой. Ана тас бастаудан бет шайып,су ішіңдер. Артта қалып бара жатқан туған жерлеріңе көз салып, қоштасыңдар!- Жақып күйменің тепшігін түсіріп.
Зылиқаның соңынан шолпандай жарқырап, күймеден Рауабәну түсті.
Олар артта қалған туған жерге қарап,көздерінен жастөгіп ұзақ тұрды. Зылиқа мұнартып көрінген қаласына қараса, Рауабәну одан арғы көгілдір тауға қарайды. Тас батып, шөгір енген табанымен туған жер топырағының ыстығын дәл қазір жаңадан сезінгендей болды. Арқасынан қабы, желкесінен әкпіш түспеген тұлымды қыз-дың адамнан көрген жақсылығы жоқтың қасы болғанмен,жерден көрген рақаты өзгеше екен. Өзегі талып, қарны ашқанда теріп жеген бүлдірген,қарақатты, кенезесі кепкенде мөлдіріне бас қойып, суын ішкен бұлақты есіне алды.
Жақып орнынан тұрып, Жапарға құқшағын жайды.
-Көптен дәмдес болдық. Әке мен баладай сыйластық. Ниет, құрметіңе құдай алдында ризамын. Не айтайын, өмірлі бол! Бағың жансын! – Жапарды кеудесіне басып, жауырынан қақты. –Қош!- дегенде иегі кемсендеп, теріс айналды.
Зылиқа да Жапарды маңдайынан сүйіп, «қош» айтты.
-Ағажан! – деді Жапардың алдына жетіп барған Рауабәну қына бел қамзолының қалтасынан кестелі жібек орамалды алып: «Мұның ішіндегі бір шымшым топыраққа көзімнің жасы тамған. Анамның басына апарып себіңізші! Жалғызымнан топырақ бұйырды деп аруағы риза болсын. Орамалымды көзімдей көріп, өзіңіз сақтаңыз!» — деп кеудесін басып, құрмет білдірді.
Күйме қара жолға түскенше қатарласып «қош» айтқан Жапар: «Жолдарың болсын! Қош, ақ ниетті ардақтыларым! »- деп,ат басын әрең тежеді. Бір орында аты тыпыршып, Жүрегі де таудай тулап, іші-бауыры елжіреп ұзақ тұрған Жапар күймені көз ұшына дейін ұзатып сап, кейін қарай құйындатып тұра шапты. Омырау қалта-сындағы бір уыс топырақ түйілген орамалды сыртынан қатты басы алды.
1) Атамекеннің адам үшін маңызы қандай?
2) «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар?
3) Өз атамекенің , туған жерің , Отаның туралы айтып беріңдер.
Сергіту сәті.
«Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Оқу ақпараты
Атамекен-туған халқымның,ұлтыңның мекен еткен,ата бабаңның қоныс тепкен жері.Туған жер-әр адамның дүние есігін ашып,өмірге келген жері.
Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жиа бастаған сәттен өз болашағына,өткеніне ден қоя бастайды.Адамның болашағы да,өткеніде атамекенмен тығыз байланыста болады.
Дәйексөз
«Туған жер-тұғырың,туған ел-қыдырың»
Түйіндеме
Отан сүйер ұлан бол!
Мен немере сүйіп отырған адаммын.Балаларды өте жақсы көремін.Сол балалардың,бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын.
Менде адаммын жаралған сүйек,еттен,
Арым бар,намысым бар жер тербеткен
Қазақтың қарапайым бір ұлымын
Жанымды арым үшін құрбан еткен.
Балаларыма,немере,шөберелеріме айтар жалғыз тілегім:Елді сүйер ұлан болыңдар!Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер.
Б.Момышұлы
Дәптермен жұмыс
«Атамекенім-мақтанышым»тақырыбында өз атамекені туралы шығарма жазу.
Мәтіндермен жұмыс
1.Мұхтар туған жер З.Қабдолов
2.Менің аулым К.Нығметова
Тапсырма
Атамекен
М.Айтқожина
Мекен ғой бұл,ел көшкен қия құздан
Қара тастан жас тамып,күй ағызған
Жақсыны да,жаманды көрген далада,
Кеңдігінен кеудеге сыя алғызған.
Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған,
Көкжиектегі жүріпті жүзіп арман.
Домбырадан бір мезгіл күй толастап,
Арулардан нәзік ән үзіп алған.
Жүректен – жүрекке
Қармақшым
Туған жер Қармақшым қазынам
Көрмесем мен сені сағынам.
Қорқыттың киесі дарыған
Қолдасын Марал бабам!
Қармақшым жыраулар мекені
Толқыта ән салып кетеді
Қандай жер өзіңе жетеді
Ғашықпын саған далам.
Қайырмасы:
Ән – жырым дастаным Қармақшым
Аяулы аспаным.
Арайлы ақ таным Қармақшым
Мәңгілік мақтаным