Ақылды тыңдай білу де өнеге

Керімбай атындағы №12 мектеп –гимназия

Күні :18.01.2014ж

№  19 сабақ

Сабақтың тақырыбы: « Ақылды тыңдай білу де өнеге»

Педагог:Хусаинова Айжан

Сынып:4 «Г»

Оқушысы саны: 25

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «  сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық:ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту:

Тәрбиелік: ақыл,өнеге,өсиеттерді тыңдауға,бағалауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  кіріктірілген сабақтар:Өзін өзі тану және музыка.

Сабақта қолданылатын әдістер:пікір алысу, сұрақ-жауап,әңгімелеу

көрсету,түсіндіру

Сабақтың көрнекігі:үнтаспа,оқулық,дәптер, «Сиқырлы қорапшада»,кітап.

Ресурсы: Оқулық,электронды оқулық,www.NewMus…,интернет, Қазақ

Энциклопедия,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен амандасу

ә) Сынып тазалығын тексеру

б) Оқушыларды түгендеу

в) Оқушылардың құрал-жабдықтарын алғызу

г) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақты  жағымды көңіл күймен бастау .

 

Жақсы көрем

Ақыл-ойдын мекені

Ата-әже бар менде.

Айтып түрлі ертегі,

Аялайды әнмен де.

 

Қайырмасы:

Жақсы көрем атамды,

Жақсы көрем әжемді,

Асыл сөзді мақалды,

Екеуі де әдемі.

 

Тыңдап әже атамды,

Берем мен де қол үшін

Жасы үлкен адамды,

Сыйлау білу-борышым.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

«Сиқырлы қорапшада» бірнеше сөздер берілген, осы сөздердің ішінен «Талапты балаға» тән қасиеттерді тауып, тақтаға іліңдер.

ІЗДЕНГІШ, ЕНЖЕР, ҰМТЫЛҒЫШ, ТАЛАНТТЫ, ЖАЛҚАУ, ҰҚЫПТЫ, ҚАБІЛЕТТІ, ЕҢБЕКҚОР, ӨНЕРЛІ, ӘДЕПТІ, САБЫРЛЫ, ТАБАНДЫ.

Үй тапсырмасын бекіту.

Талабы бар адам білімді, өнерді үйреніп меңгереді. Ұлы Абай аталарың айтқандай талап – бес асыл істің бірі. Сол асылды бойымызға дарыта білейік.

Талаптанған адам өз арманына жетеді, қандай қиындық болса да жеңбей қоймайды. Ол үшін адам ерінбей, шыдамдылық, тұрақтылық таныта білу керек екен.

Жаңа материалды меңгерту

  • Мұғалім:Балалар, үлкенге сый-құрмет, кішіге жол көрсет дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Оқушы:Ол үлкенді сыйлай білу, кішілерге үлгі-өнеге болу деген ұғымды білдіреді.
  • Оқушы:Үлкендерге сый-құрмет дегенге кішіпейіл, әдепті, сыпайы болу деген ұғым бар.
  • Мұғалім:Қандай адамды дана деп айтуға болады?
  • Оқушы:Өте ақылды,ақылы асқан адамды дана адам дейді. Яғни менің атам.
  • Мұғалім:Үлкендердің ақыл кенесін тыңдау кере пе?
  • Оқушы: Ия.

 

  • Дұрыс айтасындар, балалар!

Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында бейне таспа көрсету

 

                   Қорада малың болсан, көшеде талың болсын

С.Ақаев

-Балаларына айтқан әке өсиетінің мәні неде?

-Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр.

Дұрыс айтасындар. Әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалар ештеңеден қиындық көрмейді.Ал өсиет тыңдамайтын адамның ісі алға баспай,сол күйі қалады.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкедер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі,адаспайды.Ақылды тындайтын бала да ақылды атанады.Сондықтан да халық.

Ата-ананыңның ақылы-

Сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы-

Сарқырмайтын көлмен тең.

 

 Серіту сәті:

 

«Кірпі»

 

-Атасынан ақыл алса,тентек ұл да жөнделер

 

Бала тәрбиесі –бесіктен дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.

 

Оқушылар:

 

  • Ата-анаңды ренжітпе
  • Түнде суға барма
  • Таңдайыңды қақпа
  • Кісіге қарап кісінеме
  • Дастарханға қарап жөтелме
  • Үлкеннің сөзін бөлме
  • Нанды баспа
  • Табаныңды тартпа
  • Қолыңды төбеңе қойма
  • Ошаққа су құйма,
  • Бас киімен ойнама,
  • Бос бесікті тербетпе
  • Малды теппе
  • Бүйіріңді таянба
  • Кешқұрым ұйықтама
  • Айға қолыңды шошайтпа
  • Үйге жүгіріп кірме
  • Біреудің иығын баспа.

 

 

Жағдаяттарды талдау

Бейне таспа көру.Көре отырып Жағдаяттарды шешеді.Жағдаят бойынша ақыл-кенес беріндер деген тапсырма берілген.

 

 «Қарияға құрмет»

 

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір — қасиеті ше! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау — өз болашағыңды сақтау.
Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

 

«Ата мен немере»

 

Ата-анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған.
Алайда, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада», — демекші, өзінің перзенттік борышын түсінбеген, сөйтіп, ата-анасын жерге қаратып, көкіректерін қарс айырғандар бұрын да болған, қазір де жоқ емес.

 

Әр үлтардың қарияларды құрметтеуі:

 

Қытай халқы,Израил,Кавказ халықтары.

 

 

Дәптермен жұмыс
Сабақты айтылған ойды пысықтау.

Адамдарға ізет білдіріндер!

Түсінбегенінді сұрап ал!

Сөйлеушінін сөзін бөлмендер!

Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліндер!

 

Үйге тапсырма:

Мәтінді әңгімелеу.

 

 

Сабақты қорыту.

 

— Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің, даналардың ақыл-өсиеттерін,даналық сөздерін тыңдап,оларды өмірде қолдана білсек, өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сондықтан қолдан келгенше үлкендердін кеңесін,ақылын құлақ түріп, тыңдаған жөн.

 

 

Тыныштық сәті.