8-ге, 9-ға көбейту және бөлу
Күні:05.12.12
Сыныбы: 3 «Б»
Пәні:Математика
Мұғалім:Ашуханова А.Қ
Тақырыбы: 8-ге,9-ға көбейту және бөлу
Мақсаты: 1. 8-ге,9-ға көбейту және бөлу кестесін ұғындыру.Амалдарды орындау,теңдеулерді шешу,есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін білімдерін кеңейту.
2.Сөз есептер арқылы логикалық ойлауын,есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын тиянақтай білуге қалыптастыру.
- Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке,іздемпаздыққа, сабақ барысында ұжым болып жұмыс істеуге, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:дәстүрлі
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, түсіндіру, ауызша есептеу,теңдеулерді шешу.
Көрнекілігі:түсті қағазда бірліктерді көрсету,слайд.
кезеңдері | Өту барысы |
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Математикалық диктант
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс 1 тапсырма
Дәптермен жұмыс 2 тапсырма (ауызша)
Сергіту сәті
3 тапсырма
6 тапсырма
Қорытынды
Үй тапсырмасын беру
Бағалау
| Көңіл күйіміз оданда жақсы болу үшін менімен бірге мына өлең жолдарын қайталаймыз. Сабағымыз басталды Қосамыз да,аламыз, Көбейтеміз,бөлеміз, Математиканы білеміз Сондықтан да сүйеміз. -Жарайсыңдар, балалар! -Орнымызға отырамыз, қане оқушы қалай отыруы керек… -Қолымыз партада, аяғымыз еденде, бойымыз тік. Жарайсыңдар балалар!. Қазір балалар математикалық диктант жазамыз. 50*10=500 40*2=80 40:2=20 60*20=1200 300*100=3000 600:3=200 200*20=4000 100*10=1000 300:3=100 —Өте жақсы балалар! -Қате жоқтарға-«5» 1-қатесі барларға-«4» 2-қатесі барларға-«3» 4-тен көп қатесі барларға-«2»міне осылай бағаланады.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?Қане үйге берілген тапсырманының шартын кім оқып береді? -Барлығымыз үй тапсырмасын толық орындап келдік пе? Олай болса тексерейік.(есептің берілгенін бір оқушы тұрып оқиды және шығарылуын айтады, ал қалған оқушылар сол арқылы есептерін тексереді). -Өте жақсы балалар! Барлығымызда есептің жауабы осылай шықты ма? -Кімде жауабы дәл осылай шықты орнымыздан тұрамыз. — Өте жақсы -Балалар біз өткен сабақта 7-ге көбейту және бөлу кестесін өткен болатынсыңдар! Олай болса көбету кестесін қайталап жіберейікші 2-7дейін. Өте жақсы балалар көбейту кестесін біледі екенсіңдер! -Қане дәптерімізді ашып 4 тор көзден кейін бүгінгі күнді жазамыз. Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз «8-ге,9-ға көбейту және бөлу». Кітабымыздың 150беттегі № 1есепке назар аудароайық. а)Қоянның әр секіргенде 8 бірлік бар.3,6,8 секіруде қанша бірлік бар. 8-ге көбейту және бөлу кестесін құрастыр және жаз. 8*8=64 9*8=72 64:8=8 72:9=8 8*9= 72 72:8=9
Жарайсыңдар, балалар! Оқулықтағы №1есептің ә-сін орындаңдар! -Ия дұрыс айтасыңдар!
а)Апельсин-8кг-нан 5жәшік ? кг артық Лимон-9-кг-нан 9жәшік
Жауабы: (9*8)-50=22кг
ә)Жиналды-9кг-нан 8шелек Сатылды-50кг Қалды-41кг Жауабы:41кг –Барлығы неше шелек әкелінді? -Жарайсыңдар, балалар! -Ал балалар, тұрайық бойымызды бір сергітіп алайық. Еркін ұста денеңді, Тарсылдатпай еденді, Орнымыздан тұрып ап, Жүгірейік бір уақ. Бір,екі,үш,бір,екі,үш. Аяқты алға созайық, Тік көтеріп, қозғайық. Тым сылбыр да болмайық, Алға қарай озбайық, Бір, екі,үш,бір,екі,үш. -Орнымызға отырамыз. Қане оқушы қалай отыруы керек? -Қолымыз партаның үстінде, бойымызды тік ұстаймыз. -Ал енді 3-ші тапсырмаға назар аударамыз. Бұл есепке тақтаға екі оқушы шығады ,ал қалғандарымыз орнымызда отырып орындаймыз. (11+22+33)+(44+66+77)+(88+99)=440 (450+20+50)+(450-20-50)=900 (45+12+95)-(91+42+19)=0 (350+105+250)-(111+28+459)=107 -Өте жақсы, балалар!Есепті дұрыс шығарыпсыңдар!
Ал, енді балалар6-шы тапсырмаға назар аударамыз. Теңдеулерді шешеміз. 100-x=35 y-78=12 81:y=9 -x=35-100 y=12+78=90 y=81:9 -x=65 y=90 y=9
x*9=72 x=72:9 x=8
-Сонымен біз бүгін сабақта не білдік? -Сабақ сендерге ұнады ма? — Барлығымыз жаңа сабақты түсіндік пе?
-Олай болса үй тапсырмасын жазып аламыз, күнделігімізді ашып 153 беттегі № 7,8,9 тапсырмалар. Сабаққа жақсы қатысып отырған балаларға жақсы деген баға қойылады. |