Қос сөздер

Күні:                                Сыныбы:                         Пән атауы:

Сабақтың тақырыбы:  Қос  сөздер     

Сабақтың мақсаты: 

       І Білімділігі: қос сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру. Қос сөздердің екі түрі сөздің өз ара қосарлануы бір сөздің қайталанып  қосарлануы күшейткіш буын арқылы  қосарланып жаңа ұғым тудыратын ұғындыру .

Сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге оның мағынасын ажырата білуге үйрету.

   ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой – өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін,  өз ойын толық жеткізе білуге  үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.

     ІІІ Тәрбиелігі: Ұжымшылдыққа, адамгершілікке, бір бірін – құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Ойландыру,топтау,талдау,жинақтау.

Көрнекілігі: Қима қағаздар,карточкалар,плакаттар т.б.

Пәнаралық байланыс:  Әдебиеттік оқу, дүниетану.

                                    Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психалогиялық дайындық.

Қазақ тілі өз тілім ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім

Қастарлейді ұл- қызың мәңгі сені

Болашағым бақытым дара тілім

   Үй тапсырмасын тексеру.

Суреттер қима түрінде қиылған, Әрбір оқушы өзі  ұнатқан түсті таңдайды.

Жұмыстың жүргізілуіне қарай топтастырып отырғызу.

Үйге не берілді?

 

5-жаттығу . Сөйлемдерді оқып көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің қайсысы бірге қайсысы бөлек жазылады?

Жарысқа қазақтың қара (көз) қыздары қатысты. Қара(көз) –шығарманың негізгі кейіпкері.

Көшкенде бір (қазан) жұртта қалып қойыпты. Мен хайуанаттар бағынан бір (қазан) көрдім.

(Қара құстың) ұясы бұзылыпты. Жалт қараған Әсет титімдей ғана (қара құсты) көрді.

Үй тапсырмасын оқыту,  тексеру.

   1  топ                   2топ              3топ

Түйеқұсқасқырбірқазан

     

3 топ дәлелдеп шығады.

Біріккен сөздер дегеніміз не?

Біріккен сөздердің жазылуы туралы не білеміз?

Сурет бойынша сөйлем құрап жазу.

Сергіту сәті.

Біз балдырған айдаймыз,

Уықтарды байлаймыз.

Керегені қалаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз.

Жаңа сабақ.

Ребусты шеш.

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Қос сөздер

Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздер қос сөздер деп аталады. Қос сөздің арасына дефис (-) қойылып жазылады.  Мысалы: ата –ана, кәрі жас үп – үлкен, дүркін – дүркін, жарқ –жұрқ, бет –бетімен.

Қос сөздер — сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер. Қос сөздің екі түрі бар: Қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер.

                                                      Қос сөздер

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер.

  

Қайталама қос сөздер                                              Қосарлама қос сөздер

Бір түбірдің қайталануынан жасалған сөздер.Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөздер.
Мысалы: айғыз – айғыз, әлсін – әлсін, түрлі – түрлі және т. б.Мысалы: сарт – сұрт, құлын – тай, киім – кешек, жауын –шашын.
Қора-қора,Тәлім тәрбие, алыс-жақын,
Айта-айта,  алуан-алуанАзық-түлік,

 

  Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу. Э э.

Есте сақтау.

Шаңсорғыш, қосаяқ, тасбақа, балмұздақ, ақбөкен, тырна, қараторғай, саңырауқұлақ, көкқұтан, құрбақа.

Сергіту сәті.

Аспанда самғайды,

Тырналар тізіліп.

Біреуі қалмайды,

Қатардан үзіліп.

 

Оқулықпен жұмыс.

1 – жаттығу.  Төмендегі күрделі сөздерді оқып, мағынасын түсіндір.  Олардың қалай жасалғанын айт.

Алуан алуан, бақа –шаян, үлкен – кіші, жап – жақсы, оқта – текте, былқ – сылқ, бүгін – ертең, көре – көре.

Көру диктанты.

Қоян, жылан, құндыз, қасқыр, борсық, қабан, елік, банан, анар, кірпі, арқар,тиын.

2 – жаттығу.  Сөйлемдерді көшіріп  жазып, қос сөздің астын сызу.                      Қазы – қарта, жал – жая, бұрқ – бұрқ, кірген – мірген, жігіт – желең, кәрі – құртаңдар, тыпыр- тыпыр, азық-түлік, киім – кешек, құрал — сайман, шыбын – шіркей, құрт –құмырсқа.

 Ойын. Өз жұбыңды тап.

3 – жаттығу.  Суретке қарап, заттардың атауын қос сөзбен айт. Сөйлем құрап жаз.

 

құрал – саймандар                   ыдыс – аяқтар                 газет-журналдар

 Сергіту сәті:       

 Қыран құстай самғаймыз,

Әлемді біз шарлаймыз.

Биік-биік шыңға өрлеп,

Тыныштықты қорғаймыз.

Жұптық жұмыс.

Сәйкестендіру.

Алыс            бидай                      сарт                шай                жып         шашым

арпа              жақын,                   ағайын            тәтті               жора         төмен

жоғары         жетпіс                    қант                туған              жауын       ұят

алпыс            төмен                     тату                сұрт                 ар              жылы.

 

 

Топпен жұмыс.

Үлестірмелі қима қағаздармен жұмыс.

Көре-көре  көсем боларсың,

Сөйлей – сөйлей шешен боларсың.

Жүре –жүре арық қазсаң,

Күле-күле  су ішерсің.

Алтын- күміс тас екен,

Арпа- бидай ас екен.

Айналаны қоршаған найзадай, тіп- тік қамыстар жел лебінен судырлайды.

  • Біріккен сөздер мен қос сөздердің қандай айырмашылығы бар?
  • Қос сөздің қандай түрлері бар? Олардың айырмашылығын ата?
  • Бүгінгі сабақта не өтілді? —  Сабақ несімен ұнады?

VІ. Үйге тапсырма:  5 – жаттығу 71 бет.

VІІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды  мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көре-көре

көсем боларсың,

Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.

Жүре–жүре арық қазсаң,

Күле-күле

су ішерсің.

Алтын-күміс тас екен,

Арпа-бидай

ас екен.

Айналаны қоршаған найзадай,

тіп-тік қамыстар жел лебінен судырлайды.