«Әйгерім қуыршақтың атынан балаларға сыйлық»

Тақырыбы:            «Әйгерім қуыршақтың атынан балаларға сыйлық»

Мақсаты:                    Балаларға ойын бейнесін суырып салмалық шығармашылықпен білдіруге талаптандыру. Өлең сөзін қимыл беріп,әнін анық жеткізе білуді үйрету. Музыка мазмұнын түсініп тыңдауға тәрбиелеу.

 

Методикалық әдіс — тәсілдері:     Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, тыңдау, сұрақ-

жауап, ойын.

 

Музыкалық репертуарлар: «Кір қуыршақ» әні: И.Нүсіпбаев

«Музыкалық саты» музыкалы – дидактикалық ойын.

«Қуыршағым әлдиім» әні: А.Меңжанова

«Ойыншықпен билейміз» би қимылы.

«Ойыншықты ұйықтату және ойнату».

 

Көрнекіліктер:            Қуыршақ, «Музыкалық саты» музыкалы – дидактикалық ойын, ойыншықтар, «Ойыншықты ұйықтату және ойнату».

 

 

Әрекет кезеңіМузыка жетекшісінің іс — әрекетіБалалар іс — әрекеті
Мотивациялық қозғаушылықБалаларды музыка ырғағымен жүріс түрлерін жасатып, толық шеңбер бойлап жүргізу. Би қимылды жаттығуларын қайталау.Балалар жүріс түрлері мен би қимылдарын жасайды.
Ұйымдастырушы — ізденушіӘн тыңдау:

«Кір қуыршақ» И.Нүсіпбаевтың әнін тыңдауды ұсынып, оның сипаты мен көңіл – күйін, мазмұнын түсініп, ажырата білуге тәрбиелеу.

—         Балалар, бізге қонаққа қуыршақ Әйгерім келді, ол сендердің өнерлеріңді тамашаламақшы.

—         Ендеше, бізбен бірге болсын келістік па?

 

Есту мен дауысты дамыту:

—         «Музыкалық саты» музыкалы – дидактикалық ойын. Дауыс ырғағын келтіріп, әндете жаттығулар қайталайды.

 

 

 

 

Ән айту:

 

«Қуыршағым әлдиім» әні: А.Меңжанова.

Балаларға жаңа тақырыпты таныстырып, өз нақышында орындап беру. Әннің не туралы, мазмұны мен сипатына көңіл бөле білуге тәрбиелеу.

 

1.     Әлди, әлди ән басы,

Ән өмірдің жалғасы.

Қуыршағым әлдиім,

Өкпелегіш болмашы.

 

Әлди, әлди қуыршақ,

Бола көрме ұрыншақ.

Ертек айтып берейін,

Ұйықтай қойшы тыныстап.

 

2.     Әлдилеймін өлеңмен,

Ұйықтамайсың неге сен.

Шақырсада достарым,

Кетпеймін ғой сенен мен.

 

Музыкалық – ырғақтық қозғалыс:

 

«Ойыншықпен билейміз»

би қимылы.

Қолдарына ойыншық ұстап, би қимылын жасай алуға, музыка ырғағымен сәйкестендіре білуге тәрбиелеу.

 

Музыкалық – ойын шығармашылығы:

 

Ойын арқылы бейнелі қимыл бере білуге, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Музыкаға сай іс — әрекет көрсете білуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

Музыканы тыңдап түсініп, мазмұнына мән беріп, өз пікірлерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

Балалар дауыс жаттығуларын әніне келтіре қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең сөздерін анық, әніне қосылып айтады.

Әннің не туралы екенін түсінеді, өз ойыншықтары туралы айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрсетілген би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынға қызығушылық танытып, ойыншықтармен қимыл береді.

Рефлексивті — түзетушілікБалаларға қуыршақ Әйгерім ризашылығын білдіріп, мадақтайды. Қуыршақ сыйлыққа ойыншық бергенін хабарлау.Балалар алған әсерлері мен қуаныштарын сездіріп, пікір білдіреді.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: — Көңіл – күйді ажыратуды,

— Өлең сөзін әнімен орындауды.

.

Нені игереді:       — Ойыншықпен бірге қимылдар жасауды.

                            — Музыкамен қимылды сәйкестендіруді.

 

Нені біледі:         — Өлеңді әнімен қимыл – қозғалыста орындауды.