Күймен жұмыс жүргізу
5-класс оқушысы Хайролла Аянмен өткізілген ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Күймен жұмыс жүргізу»
Сабақтың мақсаты: оқушыны шығармамен жұмыс істеу білуге , тезірек жаттау әдісін үйрету, музыкалық шығармалар арқылы ой өрісін дамыту, музыканы сезінуге, түсінуге баулу.
Тәрбиелілігі: оқушыны халқының күйлеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, шығармаларды жатқа ойнай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Қайталау: ең алдымен қайталаудан бастаймын.
- Күй дегеніміз не?
- Динаның қандай күйлерін үйрендік? Той бастар.
- Күйдің шығу тарихы туралы сұрау?
- Осы күйді тартқызу. Ойнау барысында динамикалық ерекшеліктеріне көңіл бөлу.
- Б.Ғизатовтың 5 этюдін ойнату, гамма ойнау.
ІІ. Жаңа күй үйрену:
Динаның күйі 8 март
8 март күйі туралы түсінік беру.
- Дина күйлерінің ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.
- Күйдің өлшемі, ырғағы, қағыстары лигалық ерекшеліктерін нотадан қарап, ауызша талдап аламыз.
- Фразаларды , музыкалық бөлімдерді қарындаш арқылы белгілеп аламыз.
- Домбыраны қолға алып, ерекше жерлерді көрсетіп, жаттығу есебінде ойнап аламыз.
- І-соғаны нотаны тікелей оқу арқылы баяу екпінмен тартып шығу,
- Екінші рет нотаны тікелей оқу арқылы мұғаліммен тоқтамай баяу екпінде қосылып орындау.
- ІІ- сағасының І-сағамен ұқсас жерлерін тауып, көрсетіп белгілеу.
ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тыңдап тексеру:
- К.Күмісбековтың «Балалар биі» пьесасының 1-3 бөлімдерін динамикасына, апликатурасына көңіл бөле отырып, нотамен тартып шығу.
- Құрманғазының «Адай» күйін , әр дыбысын анық басып, динамикасына көңіл бөліп, мұғаліммен қосылып жылдамырақ екпінмен ойнау.
- Үйге тапсырма:
- «8 март» бірінші сағасын жаттау.
- «Балалар биі», «Адай» екпін динамикасына көңіл бөліп қайталау.
- V. Еңбегін бағалау.