Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы» тарауын қайталау.
Сабақтың тақырыбы : «Қазақ кәсіби музыка мәдениетінің қалыптасуы» тарауын қайталау.
Мақсаты: сайыс сабақтың әдістерін қолдану арқылы оқушылардың музыкалық білім деңгейін нығайту..
а ) білімділігі: музыкалық сауаттылықтарын жүйелендіру,ой қозғау арқылы білім сапсын шыңдау.
ә ) дамытушылығы: музыкалық терминдерді еске сақтау,музыкалық сауаттарын арттыру, өзін-өзі бағалау арқылы білім деңгейін тексеруге мүмкіндік жасау.
б )тәрбиелілігі:топтық жұмыс арқылы ұйымшылдыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы : Балалармен амандасу,кітап құралдарын түгелдеу.
І . Дәстүрлі емес сабақты түсіндіріп,сайыс сабақпен таныстыру.
ІІ . Сайыс сабақтың шарттары:
1)Анкеталық сұрақтар
2)Әуенін табу.
3 )Мақал-мәтел.
4)Бәйге.
5)жалғасын табу.
6)Жеңімпаздарды анықтау.
ІІІ. Оқушыларды төрт топқа бөлу:До-1,Ре-2, Ми-3,Фа-4
ІҮ.Қорытындылау:(Әрбір шарт түрінен кейін әр топ төменде берілген бағалау кестесінде өз-өздеріне баға қойып отырады,соның жалпы қорытындысын шығарады.)
Бағалау кестесі төмендегідей.
топтар Шарт түрлері
| ДО | РЕ | МИ | ФА |
Анкеталық сұрақтар
| ||||
Әуенін табу | ||||
Мақал-мәтел | ||||
Бәйге | ||||
Жалғасын табу
| ||||
Жеңімпазды анықтау |
Сабақтың барысы:
1.Оқушылармен амандасып, олардың назарын сабаққа аудару,қажетті құралдарын тексеріп, дайындау
2.Сабақтың тақырыбын, мақсатын ерекашелігін түсіндіру.
3.Оқушыларды топқа бөлу: Бірінші топ-«ДО»
Екінші топ «РЕ»
Үшінші топ-«МИ»
Төртінші топ-«ФА»
І шарт
-Балалар, сайысқа дайын болсаңыздар шарт бойынша тапсырмаларды орындайық(Әр топ парақшаға жасырылған сұрақ-тапсырмаларға жауап береді.
-Музыка деген не, музыканы қалай түсінесіңдер?
-Өз қалауларың бойынша халық әнін орындаңдар.
-«Айжан қыз» күйінің ырғағымен қосылып ансамбль құр.
-Шығармашылық қабілеттеріңді көрсетіп,берілген сөздерді пайдаланып,өлең сөздерін құрастыр
——————шарықтайды,
——————қалықтайды,
——————қалыспайды.
ІІ шарт Әр топқа әуендердің алғашқы жолдары ойналады. Сол әуенді табу керек.
ІІІ шарт « Мақал- сөздің мәйегі» Өнер туралы мақал –мәтел әр топ сайысқа түседі.
Өнер алды- қызыл тіл ,
Өнерлі өрге жүзер.
Өнер алды бірлік,ырыс алды тірлік.
ІҮ шарт. Бәйге. Әр топқасұрақтар қойылады.Белгілі бір уақытта тоқталып ұпай сандары есептелеледі.
«До» тобына берілетін сұрақтар:
1.Фермата дегеніміз не? (дыбысты еркін созу)
2.Қазақтың ұлы жазушысы (М. Әуезов)
3.БИ күйінің авторы (А. Жұбанов)
4.Ерлердің төменгі даусы(бас)
5.Еліміздің рәміздері(Елтаңба,Әнұран)
6.Оркестр, хор жетекшісі(дирижер)
- «Абай» операсын алғаш қай жылы қойылды? (1944)
- «Хиросима» балетіндегі ең негізгі әуен (Сакура)
9.Өте жіңішке дауысты, нәзік ашық дыбысты үрмелі музыкалық аспап(флейта)
10.Әзербайжан халкы әншілерін қалай атайды? (амут)
- Ғ . Жұбанованың әкесі.(А. Жұбанов)
- «Соль» нотасы қай сызықта орналасқан( екінші)
13Алпамыс батырдың айттырылған жары(Гүлбаршын
Ре-тобына берілетін сұрақтар:
1.Вибрация дегеніміз не?(дыбысқа жылылық беретін тербеліс әдіс)
2.Қазақтың бұлбұлы(К. Бәйсейітова)
- «Ғасырлар пернесі» кітабының авторы(А. Жұбанов)
4.Ең жоғары деңгейдегі би( балет)
5.Әйелдердің жоғарғы дауысы(сопрано)
- «Сакура» қай халықтың әні?(Жапон)
7.1934 жылы алғаш қойылған опера(«Қыз жібек»)
- «Хиросима» балеті шығармасының авторы (Ғ. Жұбанова)
9.Қазақтың күйші қызы(Д. Нұрпейісова)
- «МИ» нотасы қай сызықта орналасқан?(бірінші)
11.А. жұбановтың бауыры(Қ. Жұбанов)
12.Алпамыс батырдың әкесі(Байбөрі)
- « Ақтабан шұбырынды, Алқагөл сұлама» кезінде туған әндер(« Елім-ай»)
МИ тобына берілетін сұрақтар
1.Реквием дегеніміз не?(көп дауысты қайғылы шығарма)
2.Замана бұлбұлдары» кітабының авторы? (А . Жұбанов)
3.Биші дарынды актриса?(Ш . Жиенкұлова)
4.Ерлердің жоғарғы дауысы?(тенор)
5.Мемлекеттік ұлттық драма театры қашан ашылды?(1926)
- «Біржан-Сара» операсының авторы?(М. Төлебаев)
7.Атақты қобызшы?(Қорқыт)
8.Қырғыз халқы әншілерін қалай атайды?(ыршы)
- «ФА» қай сызықта орналасқан?» (бірінші мен екінші сызықтың арасында орналасқан)
10.А. Жұбановтың әкесі?(Қуан)
- «Скрипка» кілті қай сызықтан басталады?(Соль)
12.Хор дегеніміз не ?(әншілер тобы)
13.Сегіздік нотаның саналуы (1 немесе и)
ФА –тобына қойылатын сұрақтар
1.Қазақ драма театрының жанынан қай жылы музыкалық студия ашылды?(1934)
- «Ақ көгершін» әнінің авторы?(А. Жұбанов)
3.Симфониялық оркестр орындайтын музыка?( симфониялық музыка)
4.Әйелдердің төменгі дауысы (альт)
5.Қазақ хақының ұлы ақыны ( Абай)
6.1 и,2 и-ге саналатын нота ұзақтығы (жартылық)
- А. Жұбановтың өнер саласындағы қызы (Ғ. Жұбанова)
- «СИ» нотасы қай сызықта орна ласқан? (үшінші)
- «Маңмаңгер» кімнің әні? (Ақан сері)
10.Музыкадағы үзіліс(пауза)
- «Гусан» деп қай халықтың әнші композиторларын атаймыз? (Армения)
12.Әнұранның музыкасын жазған кім?(Ш. Қалдаяқов.)
- « Бас» кілті қандай дыбыстан басталады ?(Фа)
Ү шарт.жалғасын тап. Әр оқушы бір-біріненбастаған әндерін әрі қарай жалғатыруы керек.
ҮІ шарт. Балалар өздері бағалаған ұпай сандарын есептеп,жеңімпаз топтар белгіленіп, оқушылардың білім деңгейі салаланады.
ІҮ. Қорытынды . «Қазакстанның болашағы жастардың қолында» , демек тәрбиелі, білімді , саналы ұрпақтарын тәрбиелеп өсіру біздің міндетіміз.,сондықтан халқымызға деген сүйіспеншілігіміз, патриоттық сезіміміз,күш қуатымыз мол болуы керек. Бәріміз тік тұрып ,қолдарымызды кеудемізге қойып , патриоттық сезіммен Әнұранды орындап сабағымызды аяқтаймыз.