Машқар Гумеров «Көк кептер»
Сабақтың тақырыбы: Машқар Гумеров «Көк кептер»
Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді болжап оқиды, талдайды. Кейіпкерлердің іс – әрекеттерінің мәнін ашуға, салыстыруға,өз ойын айтуға үйренеді.
- Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысы қалыптасады. Тіл байлығы , шығармашылық қабілеті дамиды.
- Шығармамен байланыстыра отырып балалар адамгершілік қасиеттерді танып біледі, достықты бағалауға, құстарды қорғауға тәрбиеленеді.
Көрнекілігі: Автор суреті, көгершіннің суреті, зақпының суреті, Венн диаграммасы.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, болжау, талдау, түсіндіру, Венн диаграмасын толтыру, хат жазу, эссе жазу.
Сабақтың түрі: СТО технологиясы
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы
Кезеңдері | Мұғалімнің іс – әрекеті | Оқушының іс – әрекеті |
Ұйымдастыру кезеңі
| Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындау. | Амандасады, сабаққа дайындалады. |
І. Қызығушылықты ояту.
ІІ. Мағынаны ажырату.
ІІІ. Ой толғаныс.
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру. | Автор туралы айту. Сөзжұмбақ шешу. Кептер туралы түсінік беру.
Жаңылтпаш айту. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу. Әр бөлікті болжап, оқып, талдау. Түсініксіз сөзге сөздік жұмысын жүргізу. «Зақпы» сөзін түсіндіру, суретін көрсету.
Тапсырмалар беру. І-қатар. «Құстарды аялайық» тақырыбына эссе жазу. ІІ-қатар. Венн диаграммасын толтыру. ІІІ-қатар. Нүсіпбекке, Аймағанға хат жазу.
Сұрақтар қою. Сонымен балалар бүгінгі сабақтан не ұқтық? Шығармадағы айтпақшы негізгі ой не? Біз осы шығарма арқылы бір – бірімізбен дос болу, достыққа опасыздық жасамау, досын қиын жағдайға қалтырмау керектігін білдік. Сонымен қатар Аймаған сияқты тентек болмай құстарды, табиғатты қорғау біздің борышымыз екенін түсіндік.
Әрбір баланың сабаққа қатысуын бағалау.
Мәтінді мазмұндау. Жаңылтпашты жаттау. | Автор туралы айтады. Сөзжұмбақ шешеді.
Әр бөлікті болжайды, оқиды, болжауы сәйкес келді ме, жоқ па соны айтады, талдайды.
Эссе жазады, оқиды.
Толтырады, салыстырады. Хат жазады, оқиды.
Сұрақтарға жауап береді,өз ойларын айтады.
|
«Көп бейінді №3 мектеп — гимназиясы» КММ
Сабақтың тақырыбы: «Көк кептер»
Сыныбы: 2 «г»
Сынып жетекшісі: Бакиянова Б.Ж