Екі таңбалы санға көбейту мен бөлу
Сабақтың тақырыбы: Қайталау (178- бет)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіру, меңгерту.
Дамытушылық: Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық
қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап,, ИКТ, слайд көрсету арқылы түсіндіру, ойын тех. стратегиясы.
Көрнекілік: интерактивті тақтада слайдтар, Қызыд телпекті қыз, самса
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасын тексеру.
- Графикалық минут: 27 180 саны жазылды.
- Ауызша есептеу: «Ақылды үкімен есептейік»
Слайдтар № 4 – 20 (16 слайд)
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
- Бөлудің қалай орындалғанын талда және түсініп ал:
27180 45 96064 32 33280 52
– 270 604 – 96 3002 – 312 640
18 0 208
– 0 – 0 – 208
180 6 0
– 180 – 0 – 0
0 64 0
– 64
0
- Неліктен бірінші және үшінші мысалдарда бөліндінің мәне үш таңбалы сан болды?
- Ал екінші мысалда неліктен төрт таңбалы сан болды?
- Әр мысалда бөліндінің мәнінде нөл цифры қалай шыққанын түсіндір?
- Көбейтуді орында:
604 х 45=27180
3002 х 32=96064
640 х 52=33280
- Бөлуді орында және оны тексер:
68102 : 34=2003 17710 : 35=506 39420 : 54=730
5.. Ерзат бағасы бірдей 5 кітап, ал Азат 3 кітап сатып алды. Ерзат Азаттан 180 теңге артық төледі. Кітап қанша тұрады? Олардың әрқайсысы қанша ақша төледі?
Ерзат – 5 к, 180 теңге артық төледі
Азат – 3к.
Кітап қанша тұрады?
180:(5–3)=90 (тг) – бір кітаптың бағасы
90×5=450 (тг) – Ерзат төледі
90×3=270 (тг) – Азат төледі
Жауабы: Бір кітап 90 теңге тұрады. Ерзат 450 теңге, Азат 270 теңге төледі.:
- Үкінің тапсырмасы: Қызыл телпекті қызға самса пісіріп беріейік.
1- топ: Қызыл телпекті қызға самса пісіріп береді.
2- топ: Логикалық жаттығу: 179 бет,
Төрт цифрын 4 рет және амал таңбалары мен жақшаларды пайдаланып, 3 санын қалай шығарып алуға болады?
|
Жауабы: (4 х 4 — 4) : 4 = 3 (4+4+4) : 4 = 3
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: №7, 179 бет.