Қысқа қағыспа айтыс.
Сабақтың тақырыбы: Қысқа қағыспа айтыс.
Сабақтың мақсаты
1Білімдік: Айтыстың бір түрі қысқа қағыспа айтыспен таныстыру.
2Дамытушылық: Оқушылардың шешендік өнерін және орындаушылық қабілеттерін дамыту.
3Тәрбиелік: Өмірдегі әр түрлі жағдайлар болғандықтан, адамдарды сынамауға, ренжітпеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі — тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ — жауап, шығарма тыңдау
Сабақтың оқыту формасы: ұжымдық
Сабақтың пәнаралық байланысы : әдебиет
Сабақтың көрнекі — құралдары: домбыра, компьютер, муз.орталық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Оқушылардың сабаққа оқу — құралдарын дайындау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Айтыс деген не?
- Айтысты кімдер бағалайды?
- Айтысты қандай аспаптарымен сүйемелдеп орындаған?
- Айтыстың қандай түрлері бар?
- Сүре айтыс қандай?
- Түре айтыс қандай?
- Қайым айтыс қандай, мысал келтір.
- Домбырада айтыс әуенінің бастапқы буынын ойнату
ІІІ. Жаңа материалды меңгеру.
Ақындардың аяқ астынан бір — бірімен сын — сықақ ретінде ұтқыр жауаптастауын қағыспа айтыс дейді. Қағыспа айтыс ақындардан тапқырлық пен шапшаң ойлап\уды талап етеді. Сондықтан да ақынның ойы ұщқыр, тілі жүйрік болуы қажет.
Біржан сал мен қыздың айтысы: -Біржан сал жолаушылап бір кедей адамның үйіне кездеседі. Сол үйдің қызы қатықсыз қара көже құйып беріп, Біржан ернін ғана тигізіп қайтарады.
Сонда қыз:
-Байлардың жейтін асы жая мен жал,
Шығады нақ кедейден осындай сал.
Қыс аяғы шаруаға қиын болды,
Көжеге кекірмей ерніңді мал!
Біржан салдың жауабы:
-Атанғам ақындықпен Біржан сал,
Серінің күнде думан жүрген жері.
Қарындасым, ағаңа сөзін өтті,
Көжеңді басып — басып әкел бері — деген екен.
Домбырада үйрену:
- Сабақты қортындылау
- Қағыспа айтыс деген не?
- Не себепті қыз Біржанмен айтысты?
- Біржан сал дұрыс істеді ме?
- Біржан сал табан астынан қандай жауап қайтарады?
- Домбырада қайталап ойнау
- Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
VI .Үй тапсырмасы.
- Біржан сал мен қыздың айтысын жаттау
- Балбырауын күйінің екінші буынын жаттау