Алфавит. Жылқы
Пән аты: ана тілі
Күні: 22.01.13
Сабақтың тақырыбы: Алфавит. Жылқы
Сабақтың мақсаты:
1.Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдардың
адам өміріне пайдасын ұғындыру.Алфавит туралы түсінік
2.Оқушылардың еркін сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, көркем
жазу дағдысын қалыптастыру. Өз ойын анық жеткізу,
шығармашылық қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту.
3.Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Шапшаңдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Пәнге деген қызығушы-
лықтарын арттыру.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: суреттер, сөздер жазылған парақшалар, үнтаспа, т. б.
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сабаққа әзірлеу
б) Сәлемдесу
Үлкенге де сіз, ( Оң қолын алға созады )
Кішіге де сіз, ( Сол қолын алға созады )
Сәлем бердік сіздерге ( Екі қолын кеудеге қояды )
Құрметпенен біз. ( Бас иеді )
- Психологиялық дайындық жасау.
Бір, екі, үш
Сынып іші тып – тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты бастаймыз.
- Өткенді пысықтау
Қой атасы- Шопаната
Жылқы атасы – Қамбарата
Ешкі иесі- Сексеката
Түйе атасы- ойсылқара
Сиыр иесі – Зеңгібаба
Үй тапсырмасын тексеру
— Жаңа сабаққа дайындық
Жұмбақ
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр)
Сиыр төлін қалай атаймыз? – бұзау
.Жаңа сабақ Сурет көрсету арқылы жұмбақ құрастыру(жылқы)
Жылқы деп аталады.
Оқулықпен жұмыс Алфавитті оқыту
Оқулықтағы «Жылқы» . 1 Мұғ. Оқуы 2.Оқушылар оқуы
Әңгіме не туралы? –
Сурет бойынша шағын әңгіме құрау. Төрт түлік Жылқы туралы
— Оқулықтан әңгімені тұтас бір-екі балаға оқыту.
Сөздік жұмыс
Жорға –жай жүреді Жүйрік – тез шабады.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
23-жаттығу.
Тақтаға шығып жазады.
*Тақтамен жұмыс
2 Сөлем құрап жаз
*Сурет бойынша сөйлеу
Дыбыстық талдау
Жорға- Құлагер-
Сабақты қорытындылау
Сиырдың суретін құрастыру.
Үйге тапсырма:
ә) 24-жаттығуды көшіріп, жазу жаттау
Бағалау