Шығарманы меңгеру шеберлігі (сазгер Шәмші Қалдаяқов «Ана туралы жыр» үйрену)
Сабақтың тақырыбы: Шығарманы меңгеру шеберлігі (сазгер Шәмші Қалдаяқов «Ана туралы жыр» үйрену)
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Ән өнерінің жарық жұлдызы «Вальс королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, шығарманы меңгеру. Дамытушылығы: Сазгер әндерінің мазмұнына терең тоқтала отырып, аспапта орындау ерекшелігін үйрету, қабілетін дамыту. Тәрбиелігі: Ұлы сазгер шығармашылығы арқылы оқушыны саз өнерін түсінуге, өнер майталмандарының шығармашылығына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаға білімді меңгеру. Табақтың түрі: концерт сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ән айту, көрнекті баяндау. Сабақтың көрнекілігі: І. Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу Сабаққа назарын аудару.
Бойында жататұғын сырлы сымбат, Барша жұрт ән мен ғана сауық құрмақ. Бүгінгі саз өнері сабағында, Сергісін көрермендер ән-жыр тыңдап, — демекші бүгінгі біздің сабағы-мыз күндегіден ерекше өтеді. Оның ерекшелігін сабақ барысында көретін боламыз. ІІ. Үй тапсырмасы: 1. d-moll, h-moll. 2. Ә. Бейсеуов « Сырласу вальсі» жатқа ойнау. 3. А.Жұбанов «Қарлығаш» жатқа ойнау. ІІІ. Актуальдау: Сұраққа жауап беру арқылы күн, құс, гүлді тақтаға жапсырады. 1. Ә. Бейсеуов кім ? 2. А.Жұбановтың басқа қандай шығармаларын білесің ? 3. Орындаған шығармалардан өзіңе қайсысы ұнады, несімен ұнады? Жаңа сабақ Міне, тақтаға күн, құс, гүлді ілгендегі мақсатымыз – біз бүгін әлемнін жа-рығын сыйлаған, құстардың қанатын берген, даланың әсем гүлін жинаған
анасына арнап ән жазған сазгер туралы таныспақпыз. Яғни, ән өнерінің жарық жұлдызы «Вальс королі» атанған, есімі қазақ еліне танымал Шәмші туралы өтпекпіз. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін үйрену. Жосапры 1. Өмір жолы 2. Өнер жолы 3. Шығармалары Өмір жолы Ш.Қалдаяқов Шымкент облысы Отырар ауданында 1930 жылы 15 тамыз-да дүниеге келген. Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінде «Сарыкөл» деген шағын ғана көл бар. Осы көлдің жағасында Қалдаяқ деген ксі ме-кендеген. Татарлардың гармоны, қазақтың қобызы мен домбырасын құй-қылжыта тартатын сері Қалдаяқтың қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді. Ол Шәмші болатын. Туғаннан Шәмшид аталған сол бала жылдар өткен соң Шәмші Қалдаяқов болып өсіп жетіліп, өмірін өнермен өрнектеген. Оны жеңгелері бала кезінде еркелетіп Шәмші атап кеткен. Шәмшінің есімін кедейшіліктен сіңірі тартылып, тағдыр кешкен әкесі « Мың бір түндегі» ақылды хан есімімен Шәмшид деп азан шақыртып атын қояды. Сол Шәмшид отыз жыл өткен соң қазақтың «Вальс королі» атанады. Өнер жолы: Шәмші жастайынан халық әндерімен сусындап өсті. Балаң жігіт кезінде шаруашылық клубында меңгеруші болып қызмет істеді. Сонда әр түрлі ән-күй кештерін ұйымдастырып жүргенде өнерге талпынысы мол жап-жас жігіт еді. Ол шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айна-лысқан. 1956-62 жылдары Алматы консерваториясында оқыған. 40 жыл-дан астам шығармашылық қызметінде Шәмші 300-ге жуық музыкалық туындылар жазды. Шығармалары: Шәмшінің шығармашылығының негізгі тақырыбы лирикаға толы махаббат әндері болды. Оның әнлерінде лирикадан басқа да Отан-ана, жер, сұлулық туралы әндер өзіндік орын алды. Шәмші қазақ-тың М.Шаханов, Т.Молдағалиев, М.Әлімбеков, Т.Айбергенов сынды белгілі ақындарының өлеңдеріне ән жазды.
- Шәмші шығармаларын 1950 жылдың аяғында «Қайықта» деген алғаш-қы әнінен бастады. Қәзір сол «Қайықта» әнін тыңдап көрейік. 2. «Арыс жағасында» әні – сөзі М.Шахановтікі. Бір күні Шәмшіге қара торы жігіт келеді де «мен Қалқожа Жолқожаев-пын» — дейді. – Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша сізге осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады? – Неге олай дейсіз? Ондай сұлу менің қиялымда осы. Арыстың бойында туды.- дейді Шәмші. – Олай болса әндеріңізде неге Арыс жоқ, Ерке өзенінің аруларын неге әнге арқау етпедіңіз? Содан Шәмшінің «Арыс жағасында» әнінің шығуына әлгі жігіт себеп болыпты 3. «Кешікпей келем деп ең» әнінің сөзі М.Шахановтікі. Шәмші шығармашылығындағы лирикаға толы әндерінің бірі «Кешікпей келем деп ең» әнін тыңдап көріңіздер. (өзім қобызда әнімен орындап бе-ремін) 4. «Ана туралы жыр» әні. Шәмшид Шәмші атанып, оның композитор-лық атағы шартарапты шарлап кеткенде анасы Сақыпжамал Бұқарбай-қызы айықпастай дертке шалдығады. Өзінің о дүниелік екекін сезген анасы Алматыдағы Шәмшіні шақыртады. – Балам – деп көздеріне қос тамшы үйіріліп, — Бұл өмірден жас кеттім демеймін, арманда кетсем деймін. Жаратушы маған келіннің қызығын көруді, немере сүйюді бұйыртпапты. Жалғыз тілеуім өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Әнің ұзаққа кетсін. Бақыл бол, балам! –Апа қарыздармын саған. Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату ме-нің қолымнан келмес, бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын – дейді Шәмші. Ананың ақтық лебізін естігенде Шәмші өзінің отызға таяп қалғанын, ән соңында жүріп үй-жай болуды да ескермегенін білді. Ойлап қараса анасы оған әлемнің жарығын, даланың ең әсем гүлін, самсаған құстардың қана-тын мол дүниенің жанатын ұсыныпты. Бұл 1957 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 1961 жылы орындады. Осы жы-лы оның «Ана туралы жыр» деген өлеңі өмірге келді