Музыка майталманы-Е Брусиловский
Сабақтың тақырыбы : Музыка майталманы-Е Брусиловский
Сабақтың мақсаты Оқушыларды сазгер өмірімен және шығармашылығымен таныстыру
Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін-бірі тындай білуге,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Көрнекілік : Оқулық,суреттер
Сабақтың барысы :
Брусиловский Евгений
(1905-1981)
1933 жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933 — 34 жылдары Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми-зерттеу кабинетінде қызмет етті. 1934 — 38 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі, 1939 — 56 жылы Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы, 1956 — 76 жылдары КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1944 — 51 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі, 1944 — 70 жылдары Алматы консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі болды. Брусиловский қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, “Кеңестік Қазақстан” атты кантата, оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500-ден астам әндер мен романстар, сондай-ақ, Қазақстан әнұранының музыкасын (М. Төлебаев, Л. Хамидилермен бірігіп) жазды. Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” балетін жазды. Оның шәкірттері Б.Байқадамов, А.Бычков, К.Күмісбеков, Қ.Қожамияров, Н.Меңдіғалиев, Қ.Мусин, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиевтер — Қазақстанның белгілі композиторлары. Орыс және қазақ тілдерінде “Естеліктер” атты кітабы жарық көрді. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, “Кеңестік Қазақстан” кантатасы үшін), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, “Құрманғазы” атты 6-симфониясы үшін) лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған. Алматы қаласында Брусиловский атында көше бар
Композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық артисі, профессор ССРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол — Н. Бөкейханов, Л. Мұхитов, М. Бөкейханов, И. Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский — алғашқы қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата-ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант. Ол- «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер Тарғын» операларының, «Сары-арқа», «Целинная», «Құрманғазы» симфонияларының, кантаталардың, сюиталардың 50- ден аса әндер мен романстардың авторы. Е. Г.Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е. Г. Брусиловскийдің еңбегі зор.
Бағалау : Оқушыларға тиісті бағасын қою.
Қортындылау: