Оркестр құрамындағы аспаптар
Сабақтың тақырыбы: Оркестр құрамындағы аспаптар.
Сабақтың мақсаты: Балалардың мамандығына кәсіби бағдар беру.
Білімділік мәні : Үлкен ұжым – ұлттық оркестрдің құрамымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан –ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасы: Домбыра мен қобыз аспабының түрленуі.
Жаңа сабақ: Оркестр құрамындағы аспаптар.
Балалар, қандай ұлт аспаптар оркестрін білесіңдер?
Олар Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі, «Отырар сазы»ұлт аспаптар оркестрі . Сендер білесіңдер ме, біздің ауданда саз мектебі жанында Қазанғап атындағы саз аспаптар оркестрі бар.
Үлкен қалаларда халық музыкасын тыңдайтын арнайы концерт залдары бар. Ол- Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің концерт залы. Әндер мен күйлерді жеке аспаптарда және оркестрдің орындауында да тыңдауға болады. Оркестр құрамында көптеген аспаптар болады. Домбыра , қобыз, сырнай, дауылпаз, даңғыра, шертер, жетіген, сыбызғы, шаңқобыз, сылдырмақ, тайтұяқ т.б. аспаптардың әр түрі болады. Бұл аспаптарды 70-ке жуық адам қосылып ойнайды. Мұндай оркестрді дирижёр басқарады.
Музыка сауаттылығы: До, ре, ми ноталары.
Ән орындайық! Халық әні «Еркем- ай» .
Айт дегенде өлеңді аңырмаймын, еркем-ай,
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын, еркем-ай.
Қайырмасы:
Еркем, еркем, еркем-ай,
Бүгінгі күн көркем-ай
Бүгін болған мереке
Болсын тағы ертең- ай.
Қайда жүрсем жақсының жанындамын еркем-ай,
Іздегенмен жаманға табылмаймын, еркем-ай.
Әншілердің серігі домбыра ма, еркем-ай,
Тарта берсең домбыра болдыра ма, еркем-ай.
Домбыраны баппенен қолға алып, еркем- ай,
Шалқыта әнге сал оң бұра да , еркем-ай.
Қорытындылау :
Домбыраны қазақтар «Нағыз қазақ емес, нағыз қазақ домбыра » деп аса құрметтейді. Ал, Қорқытты өлімнен құтқарған аспап қандай, аспап еді? Қобыз болатын. Міне, бұл аспаптар ұлт аспаптар оркестрінің құрамына кіреді.
Үйге тапсырма:
* Оркестр құрамындағы аспаптар. Халық әні «Еркем -ай» .
Бағалау: