Өмірге әнмен сән берген –Кеңес Дүйсекеев

Сабақтың   тақырыбы Өмірге әнмен сән берген –Кеңес Дүйсекеев

Сабақтың  мақсаты  : Оқушыларды   сазгер өмірімен және шығармашылығымен  таныстыру

Тәрбиелік  мәні :                                Оқушыларды  бірін-бірі  тындай  білуге,  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу

Көрнекілік  Оқулық,суреттер

Сабақтың  барысы :

Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев  1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1994 ж.). Алматы консерваториясын бітірген (1974 ж.). 1974-1976 жылдары “Гүлдер” ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен “Тамаша”, “Халық — талант қайнары”, “Шабыт”, “Жастарға арналған музыкалық кештер”, “Музыка әлемінде”, т.б. теледидарлық бағдарламалар шығарылды. 1984- 1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан “Қазақконцерт” гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол – “Толғау” симфониясының (1984), “Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), “О, дүние” кантатасының (1997), “Жыл мезгілдері” романстар циклінің (1991), “Мәди”, “Аққу Жібек” мюзиклінің, “Алдар көсе” опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, М.Жүнісова, А.Мейірбеков, Н.Өнербаев, М.Дәулетбақова, т.б. әншілер орындап жүр.

Жұбайы — Дүйсекеева Баян Кеңесқызы (1947 ж.т.), республикалық медициналық училищесі педагогы. Ұлы — Дүйсекеев Нұркен Кеңесұлы (1976 ж.т.). Немерелері — Дүйсекеев Дәурен Нұркенұлы (2001 ж.т.), Дүйсекеев Дінмұхамед Нұркенұлы (2008 ж.т.).

 

 

 

Бағалау :                                  Оқушыларға  тиісті  бағасын  қою.

 

 

Қортындылау: