Еуропаның атақты опера театры-Ла-скала
Сабақтың тақырыбы : Еуропаның атақты опера театры-Ла-скала
Сабақтың мақсаты : Оқушылардың театрмен танысуы , және
олардың өнерге деген сүйіспеншілігін
арттыру .
Дамытытушылық : Еуропалық опералық өнердің ордасы
атақты театрдың адамзат мәдениетіне
тигізген әсері
Тәрбиелік мәні: Опера театрын таныстыра отырып, музыканың
тәрбиелік маңызына үнілу
Көрнекілігі : Суреттер үн таспа .
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың барысы :
“ЛА СКАЛА” (La Scala, толық атауы — Teafro alla Sckala) —Италиядағы атақты опера театры. 1776 — 78 ж. Милан қаласында “Санта-Мария делла Скала” шіркеуінің орнына салынды (архитектор Дж. Пьер Марины). Алғашқы театр сахнасында опера, балеттермен қатар драмалық спектакльдер де қойылып тұрды. 19 ғасырда “Ла Скала” дүниежүзілік опера орталығының біріне айналып, театр әншілерінің шеберлігі әлемге танылды. “Ла Скала” театрының репертуарын негізінен италиялық композиторлардың шығармалары құрады. Көптеген танымал опералардың премьерасы осы театрда өтті. Опера жанрының шеберлері — Дж.Россини, Г.Доницетти, В.Беллини, Дж.Верди, Дж.Пуччини сынды көрнекті композиторлардың қызметі “Ла Скала” театрымен тығыз байланыста өрбіді. Театрдың музыкалық жетекшісі ретінде дирижер А.Тосканини жұмыс істеген кезең (1898 — 1903, 1921 — 29) театр тарихында ерекше орын алады. “Ла Скала” театрына Қазақстаннан Ж.Баймолдина, А.Сембин секілді бірнеше опера әншілері тәжірибе алмасу сапарына барып, шеберліктерін шыңдады.
Үйге тапсырма :
Бағалау: Баға қою .
Қортындылау :