Ән өнерін паш еткен- Манарбек Ержанов

Сабақтың  тақырыбы:   Ән өнерін паш еткен- Манарбек Ержанов

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік  мәні :         Әншінің  шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

                                        таныту, жан – жақты  білімдерін  арттыру.

Дамытушылығы:    Оқушылардың   музыкаға,  әнге деген  ықыласын  дамыту.                                                        

Тәрбиелік  мәні :       Композиторлардың  музыкалық  шығармалары,әндері  арқылы халықтың

                                   салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.                                     

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу,   әндету , шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                                        

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Бекіту.

4.Жаңа сабақ.

5.Қорытындылау.

6.Үйге тапсырма.

7.Бағалау.

                                          Сабақтың  барысы:

2.Үй тапсырмасын сұрау.

 Қали Жантілеуовтің  өмірі .

3.Бекіту.

а)Қали  Жантілеуов қай жерде дүниеге келді?

ә)Қалидың ұстазы ұстазы кім?

б)Қали қай қомпозиторлардың күйлерін орындаған?

                                               Жаңа сабақ.

 

Манарбек Ержанов Қарағанды облысы, Қарабұлақ деген жерде дүниеге келген.Әкесі темірден түйін түйген шебер,  домбырашы, күйші болса, анасы әнші болған.манарбекті  өнерге баулыған дала музыканты Күсенбай ғажап күйші, әнші болған. Манарбек Әміре Қашаубаевтың өнерін үлгі тұтты. 1936 жылы Мәскеуде өткен  қазақ өнерінің Декадасында  «Қыз Жібек»операсындағы Шегенің ролін сомдап, Мәскеудегі музыканттарды  аузына қаратты.                                        

 Еңбегі еленіп «Құрмет белгісі» ордені,» Қызыл жұлдыз» және  Халық артисі атағы берілді

 

           

 

 

5.Қорытындылау

 

а)Манарбек Ержанов қай жерде дүниеге келді?

 

ә)Ұстазы кім?

 

б)Мәскеуде «Қыз Жібек» операсында кімнің ролін сомдады?

 

6.Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу.

 

 

7.Бағалау