Корей халық театры
Сабақтың тақырыбы : Корей халық театры
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға Корей халық театры музыкасын
таныстыру,тарихын түсіндіру
Дамытушылық : Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту,ән
иірімдерін дұрыс ести білу,мелодиялық ерекше-
ліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Көрнекілігі : Суреттер, үнтаспа, оқулық
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру кезеңі
Республикалық Корей Музыкалық Комедия Театры — мәдени-сахналық мекеме. Ресейде Владивосток қаласында 1932 ж. «Корей өлкелік театры» деген атпен көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде үйымдасты. Қазақстанға 20 ғасырдың 30-жылдарының аяғында қоныс аударып, Корей музыкалық драма театры деген атпен жүмыс істей бастады. 1937 — 41 және 1959 — 68 ж. Қызылорда қаласында, 1942 — 59 ж. Алматы облысы, Үштөбе қаласыннда орналасып, 1968 ж. Алматы қаласына түпкілікті қоныс аударды. Театр репертуарынан корейдің үлттық классикасынан бастап шет ел, орыс (Ли Ден Ним, Ен Сен Нен,Тен Дон Хек, Хан Дин; У.Шекспир, Ф.Шиллер, К.Гольдони, Ж.Б. Мольер, А.Н. Островский, Н.В. Гоголь, т.б.) және казак, қырғыз, өзбек драматургиясының туындылары да (М.Әуезовтің «Еңлік — Кебегі» (1962) мен «Қарагөзін» (1970); Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сұлуы» 1949, 1975; Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-айы», 1965; Қ.Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астындасы», 1967; О.Бодықовтың «Қарақұмтрагедиясы», 1970; Ш.Айт-матовтың «Арманым, Әселім» мен «Ана — Жеранасы» бойынша, 1967, 1972; Х.Хамзаның «Бай мен баты-рағы», 1971; т.б.) орын алды. Те-атр үжымының шығарм. жағынан қалыптасып өсу жолында актерлер Ким Дин, Н.П. Ли, Ли Хам Дек, Ли Гер Су, Пак Чун Себ, Цой Бон До, В.Е. Ким, И.Ким, режиссерлер мен суретшілері Ен Сен Нен, Мен Дон Ук, Те Ден Гу, Тхай Дян Чун, Цай Ен, Г.М. Кан, К.Е. Пак, т.б. мол үлес қосты. Театр үжымы 1966 ж. республикалық театр дәрежесін алды, 1978 жылдан қазіргі атымен белгілі. Театр құрамында «Ариран» эстрада ансамблі (1967 жылдан) мен ұлттық бишілер тобы жұмыс істейді. 1982 ж. театр үжымы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1990 жылдан театрдың көркемдік жағын В.Е. Ким басқарды. Театр үжымы гастрольдік сапармен Ресейде (Сахалинде, Мәскеуде), Өзбекстанда және Қырғызстанда болып, өнер көрсетті
Қорытындылау: Оқушылардың тест сұрақтар арқылы түсініктерін
пысықтау
Бағалау : Үй тапсырмасын ,жаңа сабаққа белсене қатысушы
оқушыларға баға қою
Үйге тапсырма : Тақырыпты үйден оқып келу