Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев.

Сыныбы:  4

Тоқсандық  тақырыбы:  Ұлы ұстаздар көші

Сабақтың  тақырыбы:  Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев.

 

 Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні : Қобызшының  өмірімен  таныстыру

Дамытушылығы:  Өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.                                                      Тәрбиелік  мәні :  Ұлттық өнерді дәріптеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақты  түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                  

 

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сыныпты түгендеу.

Жаңа сабақты түсіндіру : Дәулет Мықтыбаевтың өмірі .

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

                                         Сабақтың  барысы:

                                       Дәулет Мықтыбаев

Дәулет Мықтыбаев (1904-1970) – қобызшы. Қобыз тарту өнерін Ықыластың шәкірті Әбікен Тоқтамысұлынан үйренген. Мықтыбаевтың сазгерлік қырының қалыптасуына қобызшы Түсіпбектің (Ықыластың ұлы) ықпалы көп тиген, одан ол «Кер толғау», «Тоғыз тарау», «Қорқыт» күйлерінің орындалу мәнерін бойына сіңіреді. 1933 жылдан Қарағанды облысы радио комитетінде қызмет істеді. 1937 жылы Қарағанды филармониясының, 1945 – 65 жылдары Қазақ филармониясының және «Қазақконцерттің» қобызда жеке орындаушысы, 1968 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясындақылқобыз класы бойынша оқытушы болды. 1934 жылы Алматыда өткен 1-Жалпықазақстандық халық өнерпаздарының слетіне қатысты. Қазақ радиосының алтын қорында Мықтыбаевтың орындауындағы «Аққу», «Ерден», «Қазақ», «Жолаушының қоңыр күйі», «Қамбар», «Кертолғау», «Шыңырау», «Жалғыз аяқ», «Сарын», «Сары дала» күйлері сақталған. Оның қобыз тартудағы өзіндік жаңа тәсілдері оның орындаушылық стилін ерекше әрі қайталанбас деңгейге көтерді. Мықтыбаев ұлттық муз. мұраны, орындаушылық дәстүрлерін насихаттауға және танымал етуге зор үлес қосты. Дәулеттік әкесі Мықтыбай, оның әкесі Әупік Тыныбекұлы Өксікбайдың қарындасы Маржанағ үйленген екен. Мықтыбайдың өзі де Барақ Таманың қызына үйленіпті. Дәулет өзі жайлы әңгіме айтқанда, оның қобызға құмарлығы нағашы жұртынан жұққан екен. Қарауыл мен Өксікбай қобызшы болыпты.

 

Қорытындылау:

 

  1. Дәулет Мықтыбаев кім, қандай музыка аспабында ойнаған?

 

  1. Дәулеттің алғашқы ұстазы кім?

 

  1. Түсіпбек қобызшының әкесі ?

 

Үйге тапсырма. Дәулет Мықтыбаевтың өмірі мен творчествасы оқу, түсінігін айту.

 

Бағалау.