Әлемге әйгілі Метрополитен-опера театры

Сабақтың тақырыбы :   Әлемге әйгілі Метрополитен-опера театры

Сабақтың  мақсаты  :       Оқушыларға Әлемге әйгілі Метрополитен-опера театры музыкасын таныстыру,тарихын түсіндіру

Дамытушылық:                    Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту,ән иірімдерін дұрыс ести білу,мелодиялық ерекшеліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі :  Жаңа сабақ

Көрнекілігі:                                                  Суреттер, үнтаспа, оқулық

Сабақтың барысы :                              Ұйымдастыру кезеңі

Музыкалық шығармалар өзінің құрылымы,мазмұны, орындалу ерекшелігі мен көркемдеуші құралдары арқылы бір-бірінен ерекшеленеді. Оларды музыка тілінде музыка жанры немесе түрі деп атайды.   Мысалы, хор жанры,ән жанры,т .б.,сондай-ақ симфониялық музыка деп аталатын жанр да болады.Метрополитен   опера  театры  АҚШ  тың   Нью-Йорк қаласының Линкольн орталығында орналасқан.Әлемдегі ең танымал театрлардың бірі.Театрдың көркемдік жетекшісі Джеймс Ливайн,Бас директоры Питер Гельб.Театрды «Метрополитен- опера  хаус компани» акционерлік қоғамы  қаржыландырады.  Театр жылдың жеті айында:қыркүйектен сәуірге дейін жұмыс істейді.Спектакльдер күн сайын өтіп жатады.Мамыр маусым айларында гастрольдік сапарларға шығады.Шілде айында халыққа Нью-Йорк паркінде тегін концерт береді. Театрдың оркестр мен хор ұжымы үнемі жұмыс жасайды.Дирижерлер мен әншілер келісім-шарт негізінде маусымдық кезеңге және спектакльдерге қатысады.Опера үнемі жанды дауыста айтылады.Театр репертуарының негізін әлемдік классика музыкасы,оның ішінде орыс сазгерлерінің шығармалары бар

 

Қорытындылау :              Оқушылардың  тест сұрақтар арқылы түсініктерін

пысықтау

 

Бағалау :                          Үй тапсырмасын ,жаңа сабаққа белсене қатысушы

оқушыларға баға қою

 

Үйге тапсырма:                         Тақырыпты үйден оқып келу