10-ға, 100-ге көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы: 10-ға, 100-ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту мен бөлуді меңгерту.Ұжыммен, топпен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық: Кестелік көбейту және бөлу амалдарымен байланысты берілген есептерді тез және дұрыс есептеуге дағдыландыру. Таным-белсенділіктерін арттыру, қызығушылықтарын ояту. Өздігінен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды белсенділікке тиянқтылыққа, жауапкершілікке, кез-келген қиындытың шешімін таба білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Көрнекіліктер:Бәйтерек суреті, смайликтер, бағалау қағаздары.
Техникалық құралдар: интертақта
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңберге шығу
Сәлемдесу жолдарын көрсету
Тәуелсіз Қазақстанға 22жыл толуына байланысты игі тілектерін тыңдау.
(Оқушылар орындарына отырады).
– Балалар, бүгінгі математика сабағымыз ерекше түрде өтеді. Біз сендермен бірге сабағын ұйымдастырамыз.Ол үшін біз әуелі топтарға бөлініп алайық. Мына жерден қалаған дөңгелекшелеріңді таңдап алуларыңа болады. (Кім қандай түсті таңдаса, сол сондай түсті смайликтер командасы болады. Ал енді сабағымызды бастайық:
Қызығушылықты ояту: «Қағып ал да, жылдам айт» ойыны арқылы балаларды дұрыс айту, есте сақтау, қайта жаңғыртуға машықтандыру мақсатында көбейту кестесі қайталанады.
Үй тапсырмасын тексеру: Тез арада үй тапсырмасын толық орындаған, орындамағандарын тексеремін. Бірнеше балаға дауыстап оқытамын (5мин)
- Жаңа сабақты түсіндіру.
2 өрнек бойынша кесте берілген. Сол өренектер бойынша баған теңдіктерін салыстырамыз орындалу тәртібін қадағалаймыз.
9*10=90 7*100=700
10*9=90 100*7=700
90:9=10 700:7=100
90:10=9 700:100=7
Соған сәйкес 24*10 6*100 50*2 500*2 көбейту мен бөлуге өзара байланысты төрт теңдік құрастыр.(тақтада)
(Оқушылар кезекпен шығып орындайды.Қай топ зерек екенін анықтау. Оқушыларға дұрыс жауап үшін жұлдызшалар тарату).
- Оқулықпен жқмыс: №3 Сөздік есеп шығару
Картоп-300кг
Пияз-? 2есе артық
Ш: 300*2=600 Жауабы: Барлығы 600кг көкеніс.
№4 «… есе артық (кем)» тіркестерін пайдаланып, сурет бойынша 3 есеп құрастыр
а) 1-мата ұзындығы-3метр 3*5=15
2-мата ұзындығы-?5 есе артық
Жауабы: 2-мата 15м
ә) 1-мата ұзындығы-?5 есе кем 15:5=3
2-мата ұзындығы-15м
Жауабы: 1-мата 3м
б) 1-мата-3м неше есе кем? 15:3=5
2-мата-15м
Жауабы: 1- мата 2-матадан 5 есе кем
- Сергіту сәті: Кәне, түзу тұрайық
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте болып қалайық.
- Саяжай жерінің ауданы мен қоршаудың ұзындығын тап:
Ені-10м Ені-10м
Ұзындығы-50м Ұзындығы-70м
Р-? Р-?
S-? S-?
10+50+10+50=120(м) 10+70+10+70=160(м)
10*50=500(м2) 10*70=700(м2)
Жауабы: Р=120м, S=500м2 Жауабы: Р=16м, S=700м2
6 Ізденіске арналған тапсырма «Фишка жинау» ойыны арқылы орындалады. №6
(10²+10²):2=(100+100):2=200:2=100 5²+92+82=25+81+64=170
(7²+9²)+290=49+81+290=130+290=420 500-(10²+8²)=500-(100+64)=500-164=336
6²+(8²-64)=36+(64-64)=36+0=36 1²+10²:20=1+(100:20)=1+5=6
9²-(3²+7²)=81-(9+49)=81+58=139
(19+9²)*7=(19+81)*7=100*7=700
10*(10²-5²)=10*(100-25)=10*75=750
№7 Амалдарды орында:
10*(77+23):10=(10*100):10 =1000:10 =100
10*(32+68):10=(10*100):10=1000:10=100
100*(2+6):100=(100*8):100=800:100=8
Шығармашылық жұмыс:
Кітапханада қазақ тілі, математика және дүниетану оқулықтары бар. Ол оқулықтардың мұқабасы қызыл, жасыл және көгілдір. Қазақ тілі кітабының мұқабасы көгілдір емес, математика пәнінің мұқабасы не көгілдір, не жасыл. Дүниетану кітабының мұқабасы қызыл да , жасыл да емес. Қазақ тілінің кітабының мұқабасы қандай?
—Дүниетану-көгілдір
— Қазақ тілі- қызыл
-Математика-жасыл
- Қорытынды.
Тапсырмаларды орындау үшін не білу керек болды?
(Көбейту кестесі, амалдардың орындалу тәртібін, периметрді, ауданды табу тәсілдері, санның квадратын табу…).
Оқушылардың жауаптарын түйіндеу.
Бағалау: Ал енді әр бала қаншалықты жұлдызша жинағандарын және қай топ жеңіске жеткенін анықтайық.
Тәуелсіздік символы болған бәйтеректің ризашылығы тыңдалады.
Жұлдызшалар жинаған бала 5 алады.
Шаршылар жинаған бала 4 алады.
Үшбұрыштар алған бала 3 алады.
Сабағымыз ұнады ма?
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!