Украин халқының әйгілі гопагі

МУЗЫКА 4-сынып

Сабақтың тақырыбы :      Украин халқының әйгілі гопагі

 

 

Сабақтың  мақсаты :        Оқушыларға әлемге әйгілі

украин гопак биімен  ,музыкасын

таныстыру,тарихын түсіндіру

 

Дамытушылық :                   Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту,ән

иірімдерін дұрыс ести білу,мелодиялық ерекше-

ліктерін сезіну қабілеттерін дамыту.

 

Сабақтың түрі  :                                       Жаңа сабақ

 

Көрнекілігі :                                                 Суреттер, үнтаспа, оқулық

 

Сабақтың барысы :                              Ұйымдастыру кезеңі

 

Адамның музыкалық іс-әрекетінің негізгі үш түрі бар. Олар – шығармашылық (музыкалық шығарушылық), орындау, қабылдау. Яғни автор музыканы тудырса, орындаушы қайта жаңғыртады, ал тыңдаушы оны есту арқылы қабылдайды. Музыканы насихаттау, ғылыми тұрғыда зерттеу, музыка сыны, музыка кадрларын даярлау сияқты іс-әрекеттің басқа да түрлерімен қосыла отырып, шығармашылық, орындаушылық өнер және қабылдау негізінен қоғамның музыка мәдениеті болып қалыптасады. Осы секілді музыка салаларының әрқайсысының өзіндік құрылысы болады. Мысалы, дамыған музыкалық мәдениеттің алуан белгілерімен дараланатын шығармашылық түрлері бар. Олар: 1) Мазмұны жағынан лирикалық, эпикалық, драмалық, қаһармандық, трагедиялық, т.б.; басқаша айтқанда байсалды және жеңіл музыка; 2) Орындаушылық жағынан: вокалдық және аспаптық немесе жеке адам орындайтын, ансамбльдік, оркестрлік, аралас музыка; 3) Өнердің басқа түрлері және сөз өнерімен бірге: театр музыкасы, би музыкасы, бағдарламалы аспаптық, мелодрама (музыка фонында көркемсөз оқу) және сөзбен айтылатын вокалдық музыка; 4) Дыбыс шығару ерекшелігімен байланысты арнайы жағдайда тыңдалатын музыка (мұнда тыңдаушылар орындаушылардан бөлек болады), күнделікті өмірде дағдылы жағдайда көпшілік орындайтын әрі тыңдайтын музыка. Мұның алғашқысы ойын-сауық және концерттік музыка болып бөлінсе, кейінгісі көпшілік-тұрмыстық және әдет-ғұрып музыкасына жіктеледі. Осы 4 түрлі жанрлық топтың өзі одан әрі ойын-сауықтық музыка, яғни музыкалық театр, драмалық театр және кино музыкасы; концерттік – симфониялық, камералық және эстрадалық музыка; көпшілік-тұрмыстық – ән және би музыкасы; әдет-ғұрыптық – дін және дәстүрлі музыка, т.б. болып дараланады. Ал көпшілік-тұрмыстық музыкасынан ішінара ән (гимн, бесік жыры, серенада, т.б.), би (гопак, вальс, полонез, т.б.) және марш (сап маршы, қаралы марш) жанрлары бөлініп шығады; 5) Композициялық түрі және музыкалық тілі жағынан (орындаушылық тәсілдерімен қоса) бір бөлімді және циклдік жанрлар болады. Мысалы, ойын-сауық музыкасы: опера, балет, оперетта, т.б.; концерттік музыка: симфония, сюита, увертюра, поэма, аспаптық концерт, оратория, кантата, трио, квартет, т.б. Әдет-ғұрып музыкасынан хорал, месса, реквием, т.б. бөлінсе, осы жанрлардың әрқайсысы ішінара жанрлық түрлерге жіктеледі: Мысалы, опера, оперетта, оратория, кантатада; ария, ансамбль, хор, балетте – адажио жеке биленетін вариация; симфония, соната, камералық-аспаптық ансамбльде анданте және скерцо, т.б. кездесед

Қорытындылау:               Оқушылардың  тест сұрақтар арқылы түсініктерін

пысықтау

Бағалау :                          Үй тапсырмасын ,жаңа сабаққа белсене қатысушы

оқушыларға баға қою

 

Үйге тапсырма :                        Тақырыпты үйден оқып келу