Кел, күлейік! « Қуыршақ театры »
Кел, күлейік! « Қуыршақ театры »
Әйтеке би кенті
Ханша: — Алдар аға, бүгін біздің тойды жандандырып, қонақтарымызға керемет көңіл – күй сыйладыңыз ғой. Бүгінгі той — думанымызды жалғастырып, балалармен бірге біздің Күлмес ханшамыз ойынға шықса қалай болады?
Алдар көсенің ойындары:
« Ал, алма! ». ( Күлмес ханшамен )
« Есекпен жарыс » ( балалармен )
« Жұп – тақ әуенді – қимылды ойын »
( тәрбиешілермен )
Ханша: — Құрметті бүгінгі Хан сарайына жиналған қонақтар, кішкене бүлдіршіндер және де апайлар! Біздің Күлмес ханшамызды күлдірген Алдар көсенің қоржынынан шыққан сыйлықты қабыл алыңыздар!
Хан: — Ертең тағы келіңіздер, біздің сарайда қызымның көңілі үшін баршаңызды отыз күн ойынға, қырық күн тойына шақырамыз! Жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Әуен сазымен екі уәзір шығады:
Уәзір: Келіңіздер, келіңіздер! Бүгін хан сарайында
керемет ерекше кеш болмақшы. Күлмес ханшаға арналған ән мен би, ойындар ұйымдастырылмақшы. Кімде кім Күлмес ханшаны күлдірсе Ханның дайындаған сыйлығына ие болады.
Батырлар биі орындалады.
Хан: — Тыңдаңыздар! Бүгінде менің сараймда ойын-сауық өткізіп тойлаңыздар, өнерлеріңізді көрсетіп сыйлық алыңыздар!
Ханша: — Көтеріңкі көңіл –күй,
Сыйлаңыздар әрине.
Той-думанда барлық үй,
Ат салыссын баріне.
Өлең айтып, би – биле,
Ойын ойнап көңілді.
Әзіл айтып тамаша,
Өткізейік бүгінді.
Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :
- Бізге қонаққа сонау бір алыс шахардан Тазша бала келіпті, өзінің осы тойға арнап дайындаған өтірік өлеңі бар екен, қабыл алыңыздар.
Тазша бала : « Өтірік өлең » орындайды
Ханша: — Рахмет, Тазша бала! Біздің тойдың төрінен
орын ал, төрлетіңіз.
( Хан рахаттанып күліп алады да, қайта мұңайып )
Хан: — Мм, болмады, қызыма ұнамады! Енді кім
бар екен.
Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :
- Хан ием көрші ауылдағы Қаңбақ шал кемпірімен келіпті, көрсететін өнерлері бар екен.
Қаңбақ шал мен кемпірі: « Мазақтама » әнін
орындайды.
Ханша: — Төрлетіңіздер! Біздің тойдың құрметті
қонағы болыңыздар! Келесі қонақтар кім болды екен ?
( Хан рахаттанып күліп алады да қызына қарап мұңайып қалады, ал қызы күлмеген күйі отыра береді )
Хабаршы: — Келесі қонағымыз дарияның арғы бетінен
келген Мақта қыз бен мысық, олар бізге көңілді билерін тарту етпекші. Қабыл алыңыздар:
Мақта қыз бен мысық: « Көңілді би » орындайды.
Ханша: — Қайтеміз, жоғары шығып, төрлетіңіздер!
Хан: — Енді қайтеміз шынымен де ешкімнің
қолынан келмегені ме, бүгінде ешқандай әсері болмады ма ?!
Ханша: — Енді кім бар хабаршы, алде болды ма?
Хабаршы: — Жоқ, Хан ием! Тек бір аты шулы Алдар
көсе келіп тұр, қабылдайсыз ба?
Хан: — Шақыр, шақыр, келсін. Мүмкін бір септігі
тиер.
( Осы кезде Алдардың әуені ойналып, ортаға келеді. Алдар ханды алдап кетеді де, Ханның алданғанына Күлмес ханша әбден күледі. Ашуланған хан қызының күлгеніне таң болып Алдарды кешіреді )
Ханша: — Хан ием, сен алданып қалғаныңмен қызыңа Алдардың септігі тиіп жүзіне күлкі үйрілді ғой, сен оған ашуланба! Оны шақыртып тойымыздың қонағы етіңіз, дайындаған сыйымызды берейік!
Хан: — Хабаршы Алдарды алдырыңдар мен кешірдім! Келсін менің дайындаған сыйымды алсын!
Алдар келіп ханның сыйлығын алады.
Алдар: — Байеке, рұқсат етсеңіз мен келген қонақтарға жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрап көрсем қалай болады?
Хан: — Бүгін сен не айтсаң бәріде орындалады! Қалағаның болсын!
Алдар көсе балалар мен тәрбиешілерге жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрайды.