Ұрмалы аспаптар тобы

Сабақтың  тақырыбы: Ұрмалы аспаптар тобы.

Сабақтың  мақсаты

Симфониялық музыка туралы жан- жақты  мағлұматтар беру.

Білімділік  мәні :   Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.

Дамытушылығы:  Өнерлі болуға, жан- жақты болуға , ой-өрістерін оданәрі дамыту.

Тәрбиелік  мәні :Симфониялық шығармалар  халық өмірін , тарихи шындықты, табиғат көріністерін баяндайтын шығарма екендігін жеткізе білу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақты  түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                   

Ұйымдастыру.

Үй тапсырмасы:  Оркестрдегі  жезді аспаптар .

Актуалдау.

Симфониялық оркестрдің құрамында қандай аспаптар болады?

Жаңа сабақ.

          Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан.Аң аулау алдында тасты  тасқа ұрып дайындалатын болған. Сөйтіп, ұрмалы аспап пайда болды. Уақыт өте келе тас ауыр болғандықтан ағаштан, теріден ұрмалы аспаптар жасай бастады.Кейіннен ұрмалы аспаптар  музыкалық емес,хабар беруші аспаптарға айналды.

Ежелгі  мұндай  ұрмалы музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.даңғыра. Әуелі қолмен, кейін дыбысын күшейту үшін таяқпен ұрған. Ұрмалы аспаптарды аңға шыққанда, діни жоралғыларды, жауынгерлік жорықтарда пайдаланылған.Ал, қазіргі уақытта музыкалық аспаптар түрленіп, оркестрлерде ойналады.

Ал, біз бүгін симфониялық оркестрдің құрамына   кіретін ұрып ойнайтын аспаптар: цимбал, үшбұрыш, дабыл,кіші барабан,үлкен барабан, литавра  жатады., жезден жасалатын сапаптар жайында өтеміз. Олар труба, тромбон, туба, цимбал, үшбұрыш.

Жаңа ән:Гүлжазира Қазақстан. Әні И. Нүсіпбаевтікі.

Асқар тауым, шалқар көлім, өзенім,

Бәрінен де махабатты сеземін.

Ен далада еркін жүріп мақтанам,

Бұл менің сәулетті өз елім.

Алатауым, ай сәулелі астанам

Осы жерден таралады асқақ ән.

Ғарышқа Байқоңырдың төрінен,

Батырлар сапарын бастаған.

Гүлжазира  бау- бақшалы, егінді,

Мекендеген менің байтақ жерімді.

Барлық адам жасап жатыр сәулетті.

Көрікті, бақытты өмірді.

Қорытындылау:

Біліміңді тексер

1.      Жезден жасалған  үрмелі аспаптарА.  Сыбызғы
2.      Ағаштан жасалған, үріп ойнайтын аспапӘ. Барабан, литавра, дабыл, үшбұрыш, цимбал.
3.       Ішекті ұлттық аспаптарБ. Кларнет, гобой, флейта, фагот, валторна, труба.
4.       Ысқышпен ысып ойнайтын музыкалық аспаптарВ. Скрипка, альт, виолончель, контрабас.
5.      Ішекті аспаптарГ.  Труба, тромбон, туба, волторна
6.      Үрмелі аспаптарҒ.  Домбыра , қобыз, шертер
7.      Ұрып ойнайтын аспаптарД.   Қобыз, қылқобыз. скрипка

 

Үйге тапсырма:  Ұрмалы аспаптар тобы. Гүлжазира Қазақстан. Әні И. Нүсіпбаевтікі.

Бағалау.