Сабақтың атауы Шара Жиенқұлова
Сабақтың атауы Шара Жиенқұлова
Сілтеме | А.Жайымов, Б.Ысқақов, 6сынып оқулығы 18-19 бет, Слайдтар. | |||
Жалпы мақсаты
| Оқушылардың Шара Жиенқұлова туралы білімдерін кеңейту,бұрынғы біліммен жаңа білімді ұштастыру,Ш.Жиенқұлованың қазақ мәдениетіне сіңірген еңбегі туралы мәлімет беру, оқушылардың алған білімін тиянақтау. | |||
Міндеттер:
| 1. Шара Жиенқұлова туралы ақпарат беру және оның өмірбаянымен таныстыру. 2. Оқушылардың музыкалық білімін, сауатын шығармашылық белсенділігін арттыру,ырғақты сезіну,есту есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Оқушыларды іздемпаздыққа, өнерді бағалауға,сыпайылыққа, достыққа тәрбиелеу. | |||
Сабақта туындаған негізгі идеялар | 1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне сүйену 2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін және топпен жұмыс жасау амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау | |||
Күтілетін нәтиже Мұғалімнің іс әрекеті | 1.Шара Жиенқұлова туралы ұғым, білімді қалыптастыру. 2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа тақырып жайлы түсінік қалыптастыру; 3.Оқушылардың бірін бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығуы. 4.Оқуға бағыттап отыру. 5.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау. | |||
Тапсырмалар wiki беттерінен жүктелген дереккөздер
| Музыка оқулығы және Интернет фотосуреттер. | |||
1 сабақ. Тақырыбы: Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығы. | ||||
Бишінің өмірі мен шығармашылығы. | Белгіленуге арналған түйінді сөздер: Биші,актер . | Шара Жиенқұлованың басқа биші, актерлармен байланысы | Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығының арасындағы байланысты, айырмашылықтарын анықтау | |
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады. Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0, 5мин | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СТО сұрақтары | Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың маңыздылығы не? -оқушылар не алады? -бұрынғы білімін қалай пайдалана алады? -өмірден алған тәжірибесінің әсері? -сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар? | Мұғалімнің іс әрекеті;-оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпты ашу -тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу І. Психологиялық дайындық. /1 мин/ 1-слайд
Білімге әркез талпынтқан, Ұстазым менің армысың! (Балалар ұстазына бас иіп амандасады) Бірге оқып, бірге жүрген Сыныптпстар армысың! (Балалар бір-біріне бас иіп амандасады) Шаттық шеңбер құрайық, Шаттанып кеп тұрайық. Шара Жиенқұлованың билері арқылы топқа бөлу. 1-топ Қамажай биі (қызыл түс) 2-топ Қаржорға биі (көк түс) Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі Оқушылар! Сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Сендерден ұйымшылдықпен көтеріңкі көңіл күймен сабаққа қатысуды сұраймын. Мақсатымыз — білім алу, Міндетіміз — еңбектену. Еңбек етіп жұмыла, /5-ке/ қолды жеткізу. -Үй тапсырмасы: Күлаш Байсейітованың «Ақ дариға» әнін қайталату. ІІ.Қызығушылықты ояту. Слайд 2
Миға шабуыл. Ойлан тап (дидактикалық ойын)./ 2мин/ Тор көздегі әріптерді рет-ретімен қойып бүгінгі сабағымыздың тақырыбын ашайық.
Мұғалім сұрақ:Ойлан тап дидактикалық ойыннан, қандай сөз шықты? /Шара Жиенқұлованың билері /
|
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер -еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды? -өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? | -әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту -алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу -білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету ІІІ. Мағынаны тану Слайд 3,4,5,6 / 5мин/
Бишінің өмірбаяны Слайд 3,4,5,6 Ендеше біз биші және актер жайлы не білеміз? Шара Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматыда дүниеге келді.Азан шақырып қойған аты- Гүлшар.Шара 16 жасында Биші қыз атағын жеңіп алды.Қазақстанның халық артисі-Шара Жиенқұлова-қазақтың кәсіби өнеріндегі дара дарындардың бірі.Ол драма театрында актер,одан соң опера театырында биші болған.Сонымен бірге Ш.Жиенқұлова-кино өнерінде де еңбек сіңірген дарынды актер.Ш.Жиенқұлова «Тәттімбет» , «Айжан қыз», « Қара жорға» т.б билерді дүниеге әкелді.
Ой ашар .5мин.слайд 7 /8мин/ Мұғалім сөзі: Ал не білмейміз? Шара Жиенқұлова туралы? (мәтін тарату ) карточкамен жұмыс, пікір алмасу. Шара Жиенқұлованың биінен үзінді көрсету /Видео/ | |||||||||||||||||||||||||||
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат) -оқушыларды белсе-не қатыстыру -стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру) -оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу -оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу Толғаныс (рефлексия) -сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру -жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу жауап шешімі осыған байланысты жұмыс-тар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру
| Ш. Жиенқұлованың биіндегі музыкасын тыңдату. Слайд8 Сергіту сәті . Би билеу. Ш.Жиенқұлованың « Қамажай» « Қара жорға» Осы биден қандай әсер алдыңдар? Бидің мазмұнында не айтылған? -Шағын топта талқылаймыз, әр топ өз аттарын қорғау. /3 мин / Тапсырма :Карточкамен жұмыс. / 2мин/ Талантты және дарынды оқушылар үшін.Слайд 9 ВЕНН –диаграмасы .
Сұрақ: Олардың айырмашылығы неде? Талқылау /5мин/ ІУ. Ой толғаныс. Слайл 10 «Би падишасы» тақырыбына эссе жазу./5мин/ Әр топтан үздік жазған эссені автор орындығына келіп оқиды./8мин/
| |||||||||||||||||||||||||||
У. Ой қорытынды Сонда біз бүгін не туралы өттік? Тақырып не туралы болды? Шара Жиенқұлова өмірі мен шығармашылығы / 5 мин/ | ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау (түрлері) -оқушының өзін-өзі бағалауы -топтың өзін-өзі бағалауы -мұғалімнің бағалауы -жалпы бағалау -критерийлер арқылы бағалау | Бағалау: /3мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
|
-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау |
|
Сабақты аяқтау түрлері -бір пікірге келу… -өз пікірін дәлелдеу… -үйде жалғастыру… | Слайд 6/2 Үйге тапсырма жазып ал /1мин/ Шара Жиенқұлова эссені аяқтау . Кәзіргі бишілермен бұрынғы бишілердің ұқсастығы.
45 мин. Сабақтың соңы |
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер -оқушы алған білімінің деңгейін қандай дәлел арқылы білуге болады? — оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба? -мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма? | Оқушы алған білімінің деңгейі; Оқушылар сабақта белсенді қатысты, бірігіп жұмысты жасап, ынтымақтастық атмосфера болды деп ойлаймын.Оқушылар психологиялық дайындық арқылы «Қамажай » «Қара жорға » би тобына бөліп, сабағымызды «Ойлан тап » дидактикалық ойын арқылы тақырыпты аштым .Тақырыбым Шара Жиенқұлова туралы болғандықтан бишінің өмір баянымен таныстырып , әр түрлі билердің өмірге келгені туралы да тоқталдым .Ой ашар бөлімінде бишінің өмірі туралы не білмейміз ?әңгімесіне мәтін тарату арқылы карточкамен жұмыс жүргіздім . Бұл тапсырмада балалар өздерінің Шара туралы білмеген толық мәліметтерін видео, мәтін арқылы ортаға салып қызу талқылап екі топ қызу пікірлерін жеткізе білді . Сергіту сәті бойынша екі тап өз топтарының аттарын қорғап «Қамажай » « Қара жорға » билерінің шығу тарихына тоқталды . Талантты және дарынды оқушылар үшін ВЕНН диаграммасы бойынша Шұғыла мен Шараға топтастыру жұмысын жүргізіп олардың айырмашылығы мен ұқсастығы тапты . Ой толғаныс бөлімі бойынша «Би патшасы » тақырыбына эссе жазып ең үздік жазылған шығарманы автор оқыды .Оқушылардың сабақтан алған білімдерін ортаға сала отырыпсұрақ –жауап арқылы сабақты қорытындыладық Бұл сабақ әдебиетпен тығыз байланыста болғандықтан сауал қоя білу , талдау жасау , баяндау ,өз ойларын қызу талқылау , бірлесіп, топпен жұмыс жасау сыныпқа өте ұнады . Оқушылар сабақта өз белсенділіктерін көрсете білді . Сабақ менінше жақсы өтті бірақ бүгінгі сабағымдағы кемшіліктерім ,уақытты ұтымды пайдалану , әрбір кезеңде уақыттың жетіспеуі ол оқушылардың топпен жұмыс жасауға әлі дайын болмауы .Ал жалпы сабақты алғанда сабақ жақсы өтті. Әлі де кемшіліктерімді дұрыстауым керек . |
-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) | 1.Топтарды бөлу . Би атауымен . 2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар деңгейлік болды. 3.Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс ./картчкамен/ |