Домбыра аспабында ойнаудың әдіс-тәсілдері

Домбыра аспабында ойнаудың әдіс-тәсілдері

Алғашқы перне

Әр ұлттың өзіндік болмысын ерекшелейтін тұстары салт-дәстүрі, тұрмыс тіршілігі – осыған орай бедернелетін мәдениеті, өнері. Қазақ халқы тарихта  да, танып білуімізде де көшпенділер қатарында. Өнері аттың жалында, түйенің қомында, қарияларымыздың көкірек жан сарайында, найзаның ұшында, көсеудің сабында, ауыздан ауызға, қолдан қолға құлақтан құлаққа жетті деп ұғындырды.

Ұлы Абай айтқандай дүниеге өлеңмен кіріп, өлеңмен жер қойнына  еніп, тал бесіктен, жер бесікке дейін әнге бөленіп, күйге тербеліп саналы ғұмыр кешкен дана халық.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Қазақ нағыз қазақ емес

Нағыз қазақ домбыра, —

деген Қадыр ақын өлең жолдары осы ойымызды дәлелдей түспей ме? Домбырадай тұңғиық, домбырадай шежіре, домбырадай абыз құдірет қайда бар? Домбыра қазақцхалқын тарихын оның өнерін дүние жүзіне танытты.

Ұлттық өнеріміз оның ішінде аспаптық музыка – қасиетті күйлеріміз.

Домбырам – мұрам, ал балам?

Мүлкім осы қалдырған, —

деп Жамбыл атамыз жырлағандай домбыра өзінің қарапайым құрылымымен кең тараған аспап, әр қазақ баласының өмірлік серігі, өнер тарихының шежіресі – ұлтымыздың төл құжаты.

Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде1980 жылдардан оқытыла басталды. Бұған дейін музыка мектептерінде, колледждерде дәріс берілді.

Домбыра өнерінің , оны үйрену, үйретудің ұзақ ғұмырнамалық тарихы бар. Ол сонадан жеткен дәстүрлі құйма — құлақ әдісі.

Кәсіби домбырашы болу бәріне міндет емес, бірақ домбыраны білу бар қазаққа қажеттілік.

Әдістемелік  түсініктемер

 

Домбырашының отырысы және аспаптың орналасуы

 

Дыбыстың таза әрі құлаққа жағымды шығуы домбырашының отырысына және аспаптың дұрыс орналасуына тығыз байланысты.Домбыра үйренушілеріне орындықта дұрыс отыру мен аспапты дұрыс ұстауды үйрету өте мән берелік жұмыс. (2-ші сурет)

Домбырашыны орындықтың  алдыңғы жартысына, оң аяқты сол аяқтың үстіне қойып (ұлдар үшін: сол аятың тізесінің үстіне оң аяқ тобығының сәл жоғарғы тұсы оргаласуы керек) отырып ойнайды. Қыз балалардың  отырысының ұлдарға қарағанда сәл өзгешелігі бар, бұл ұлдар мен қыздардың киім ерекшелігіне байланысты. Үйренуші аспапты қысылмай, қымтырылмай меңгеруі үшін киімі денеге тар болмай, емін- еркін отыруы қажет. Әсіресе екі иықты түсіріп, еңкеймей, тік отыруға  жаттыққан жөн.Орындықта дұрыс отырмау, мысалы, еңкіш отыру, шалқақ отыру немесе қырын отыру домбырашыға ыңғайсыздық тудырып, сол қолдың дұрыс орналаспауына, оң қолдың білезік буынының дұрыс қалыптасуына, шынтақтың  денеге қысылып, иықтың бір-бірінен жоғары  болуына әкеп соқтырады. Домбырашының сол аяғы еденге нық басылып, денесін тік ұстауы керек. Алғашқы үйрену кезінде басын аздар алға қарай еңкейткені жөн, өйткені орындаушы домбыра пернелерін және өз отырысының  дұрыс немесе терістігін қадағалап отыруы керек.

 

Домбыраның  басы сол иықтың деңгейіне дейін көтеріліп, шанақтың төменгі бүйірі оң аяқтың үстіне  орналасады да, ал жоғарға бүйірі кеудеге тақалып тұруы керек. Оң қолдың шынтағы қақпақтың ішекке дейінгі бөлігіне тиектің сыртқы жағынан орналасады. Домбыраның сабы (гриф) сол қолдағы сұқ саусақтың үшінші буыны мен бас бармақтың екінші буынынның аралығында ұсталып, бас бармақ екінші (ортаңғы) саусақтың тұсына дәл келіп тұруы керек. Бұл жағдай домбырашының негізгі отырысы болып есептелінеді.   Кейде отырыстың биік немесе аласалығына байланысты негізгі отырыстың өзгеріп кетпеуі үшін, домбырашының, орындығы бойына лайық (төмен немесе жоғары) болуы шарт.Оң және сол қолдардың жеңіл де әрі жылдам қозғалыстары аспапты дұрыс ұстауға тығыз байланысты.

 

 

Оң және сол қолды аспапта орналастыру тәртібі

 

 

Оң қолдың  шынтақ буыны домбыраның жоғары бүйіріне, ішекке дейінгі жерге қақпақтың бетіне орналасады. Оң қолдың білек буыны сәл иіліп 60 градус шамасында бұрыш жасап орналасады. Бас бармақ сұқ саусақпен ұштасып, бос ұсталады да, қалған саусақтар сұқ саусақтың бағытымен бір-біріне бос жалғасып жатады.

Саусақтар мен алақанның арасында сәл қуыс қалуы керек. Саусақтарды бытыратып немесе бір-бірінен алшақ ұстағанда дыбыс өте әлсіз шығады. Себебі  қағыс қағуға тек бармақ пен сұқ саусақтың күші жеткіліксіз, сондықтан қалған саусақтар сұқ саусақпен жалғасып, қосымша күш беруі керек. Оң қолдың бұлай орналасуын қос ішекті бір мезгілде ойнағанда пайдаланады (3-сурет), ал әрбір ішекте жеке-жеке ойнағанда оң қол сәл басқаша орналасады (4,5-суреттер). Оң қолдың басынан шынтақ буынына дейінгі бөлігі қақпақтың бойынан ішектің үстіне

 

 

 

 

орналасады да, ал шынтақ буыны қақпақ пен шанақтың қырына таяу орналасады. Бас бармақ үстіңгі көлбеу орналасып, ал сұқ саусақ сәл бүгілген цкүйінде орналасады.

Шертпе дәстүріндегі күйлерді орындағанда оң қолдың жоғарыда айтылған позициялық қалпы сәл өзгеріп, сұқ саусақпен қағыс қаққанда алақан жазылып кетеді.Мұнда саусақтардың шашырамай, бірге жүргенін қадағалау қажет.

Сол қол шынтақ буынынан бүгіліп, сол қолдың басынан иыққа дейінгі аралықта 60 градус шамасында бұрыш жасап, домбыраның сабына (грифке) орналасады. Домбыраның сабы сұқ саусақпен бас бармақтың ұсталып, ал қалған саусақтар сұқ саусақтың бағытымен қос ішектің үстіне бос орналасады.

Жалпы оң

 

қолдың саусақтары қалай жиналып тұратын болса, сол қолдың саусақтары да солай орналасуы керек.

Айырмашылығы: оң қолдың саусақтары төмен, ал сол қолдың саусақтары жоғары қарай бағытталған (суреттерге қараңыз)

Домбыраның сабы сол қолдың алақанына тимеуге тиіс, домбыра сабы меналақанның арасы қуыс болуы шарт.Егер домбыраның сабы алақанға тиіп тұрса,  сол қолдың білезік буыны қысылып қалады да, саусақтардың қозғалысына кедергіжасайды. Пернелерді басқанда сол қолдың саусақтарының тырнаққа жақын жеріндегі жұмсақ етімен және перненің дәл үстінен баспай, пернеден сәл төмендеу жерінен дәл басу керек 6-шы және 7-ші суреттер).

 

 

 

 

Бұл дыбыстың таза, әрі сапалы шығуын қамтамасыз етеді.

 

Оқушының отырысындағы жиі кездесетін кемшіліктер

  1. Домбыра пернесіне алдынан қарау.
  2. Домбыраның мойынын кейін тарту.
  3. Сол қолдың шынтағын көтеру.
  4. Сол иықты көтеру
  5. Білезік буын көтеріледі.
  6. Саусақтар домбыраға толық қойылмайды, кейін ысырылады.
  7. Төменгі ішектегі әлсіз дыбыстар осыдан шығады.
  8. Бармақтың пернеден аса бүгілуі.
  9. Оң аяқ төмен түседі.
  10. Оң қолдың шынтағы домбыра түймесіне тіреп төмен ұстайды.
  11. Оң қол білезік буыны көтеріледі.
  12. Салмақтың бәрі оң шынтақта қалады.
  13. Домбыраның басы сол иықтан жоғары көтеріледі.
  14. Оқушының оң жаққа қисаюы омыртқа жүйесі, дене бітімі бұзылуына әкеліп соғады.

 

 

Ырғақтық суреттерді меңгеру тәсілдері

 

Ырғақтың музыкада алатын орны ерекше. Домбырадан сабақ беру барысында ырғақты түсіндіруге өте көп көңіл бөлінуі қажет.

Оқушыны ырғаққа тәрбиелеу – жалпы шығарма екпінін сезінуді жетілдіру, тактідегі ұзақтықты тез қабылдауды қамтиды. Оқушыны сабақ кезінде біртіндеп жаңа  ырғақтық суреттерді меңгере беруі керек. Мысалы, бірінен кейін бірі келіп отыратын ширектік, сегіздік, оналтылық ноталарды, затакт, пунктирлі ырғақ, синкопалықырғақ т.с.с. түсініп ойнау қажет. Осымен оқушы өзінің ырғақ жөніндегі түсінігін қалыптастырады. Оқу жоспарын жасау барысында оқытушы бұл жұмысқа сабақтың көпшілік уақытын бөлуі керек.

Бастапқы оқыту барысында оқушының дәлме-дәл санап ойнауын қадағалап отырған жөн. Ырғақты қалыптастыру кезеңінде оқытушы оқушының қандай кезде дұрыс санамай отырғанын ескеріп оны тез түзетуге шара қолдануы керек. Оқушының әсіресе пауза санамауы, нота ұзақтығын қысқартып ойнауы, дуоль, триоль, т.с.с динамикалық тәсілдерді пайдаланбауы, шығарманы ойнау кезінде жылдамдатып немесе жәйлатып қалуы, синкопада немесе шығарманың қиындау жерлерінде мүдіріп қалуы, шығарманың әрбір фразаларын аяқтауды  жылдамдатып кетуі – міне осылардың барлығы ырғақты дұрыс меңгере алмауынан болады. Сондықтан ән-күйді алғаш талдағанда өте жәй екпінде, бір қалыпты санатып үйреткен жөн. Сондай-ақ, оқушының орындаушылық тәсілдерді меңгеру барысында сан түрлі ырғақпен жаттыққаны жөн. Мысалы, тремоло, пицикако т.с.с. штрихтары бар шығармалар екпіні жағынан да жәй, жылдам немесе орташа болып дамуы керек. Қорыта айтқанда, домбырашының техникалық өсуі дегенді — әртүрлі штрих, ырғақ, екпінді еркін меңгерген шеберлік жиынтық  деп түсіну керек.

 

Музыкалық шығармамен жұмыс

 

Музыкалық шығарманы талдау, композитордың ойын, тілін, түсіндіру оқытушы үшін үлкен міндет. Оқытушы ең алғаш шығарманы талдағанда композитор жөнінде, не халық ән-күйлерін жеке аспаптарға лайықтап өңдегендер жөнінде оқушыға түсіндіріп беріп, оны өзі аспапта ойнып көрсетіп берсе, ол үлкен ұстаздық жетістік болып саналады.

Оқушысын аспапта дұрыс меңгерумен қатар өз бетімен дайындалуға үйретіп, музыкалық қабілетін үнемі арттырып, орындаушылық өнерге ынталандыру оқытушы үшін нәтиженің көзі болып есептелінеді. Оқушыға өзіндік дайындалу кезінде ең алдымен онта текстін дұрыс игеру жүктелуі керек. Ол үшін оқушыға жәй екпінде, ырғақ жағынан дәл ұстап, шығарманың қиын жерлерін бөліп алып дайындалу т.с.с. тапсырмалар жүктеледі. Міне осы тапсырмалар иггерілген мезгілде ған шығармамен жұмыс істеу басталады. Бұл: оқытушының түсіндіруі, композитор жөніндегі түсінік, динамикалық теңеулер, музыкалық шығарманың формасы,құрылысы, тональдік өзгерістерді т.с.с. көптеген факторлардан тұрады. Оқытушы бұл факторларды музыкалық шығармаларда талдау, музыкалық форма, гармония, методика т.б сабақтарға үлкен көңіл бөлу арқылы оқушыға дұрыс жеткізе білуі керек. Музыкалы шығарманы үйрету барысында бірден орындауға қиын тиетін жерлерін меңгеру үшін оқытушы тарапынан нақтылы әдіс-амалдар көрсетілгені жөн. Сондай-ақ, шығарманы құрылымдық — фразалық құрамына сәйкес әуелі жеке-жеке дайындап, сосын ғана толық орындағаны өте тиімді. Тіпті кейбір қиын тұстарына арнайы жаттығулар берілгені дұрыс. Міне, осы жаттығулар орындалғаннан кейін, шығарманың негізгі желісін түсініп, шарықтау шегі мен көркемдік мәнін ашуға кірісу керек. Бұл жерде оқытушының өзіндік орындау шеберлігі іске асуға тиіс. Оқушыға шебер орындаушылардың таспадағы жазбасын тыңдатудың да мәні зор.

 

Оқушының үй жұмысы.

Оқытушының басты міндеттерінің бірі – оқушының үйдегі дайындығын ұйымдастыру. Үйдегі дайындық күнбе-күнболгуы шарт. Бір күн демалыс жіберуге болмайды.Алғашқы кезде күнбе-күнгі дайындық оқушы үшін өте қиын болады. Сондықтан, оқушының ынтызарын аудару үшін жеңіл меңгеретін, оның түсінігіне ыңғайлы тапсырмалар берген жөн.Жұмысты өте ауырлатып жіберуге болмайды. Егер оқушы тапсырманы орындамаған жағдайда, сол тақырыпты қайталап, тереңірек түсіндіру – оқытушының үлкен міндеті. Оқушының үйдегі жұмысының орындалу барысын сабақ сайын сұрап, қанша уақыт және қандай тәртіппен дайындалғанын біліп отыру керек.

Оқушының әр шығарма туралы өз көзқарасы, түсінігі болады. Оқытушы үшін мұны біліп отыру өте маңызды. Өз бетінше жұмыс істеуге оқушының жеке талғамы, өзіндік ой тұжырымы әрқйашан қолдап, жебеп отыруды қажет етеді. Оқушының ішкі сезімі, шығармашылық қабілеті үйдегі дайындық барысында айқын көрінеді. Сондықтан үй тапсырмасын бергенде оқушының табиғи қабілетіне, мүмкіншілігіне, ой-өрісіне, талғамына аса назар аудару керек.

 

Нотаны бірден оқып, үйрену

Нотаны бірден оқуға жаттығуды домбырашының дұрыс отырысы меңгеріп, екі қол қозғалыстарын қалыптастырғаннан кейін бастаған жөн. Бұл жаттығу берілген ноталық үлгіні әрі жәй екпінде, әрі ырғақты сақтап, санап ойнағанда ғана нәтижелі болады. Бірден оқуға жіберілген ноталар ойнауға, әрі санап отыруға ыңғайлы болып, оқушы білетін қағыстармен орындалады. Шығарманы бірден оқып, ойнау барысында гармониялық үндестікті бұзбай, аппликатуралық ерекшеліктерін өзгертпей, берілген мінездемеге сәйкес орындауға тырысу керек. Шығарманы бірден оқып, ойнауға басты мән біріліп, оған ұстаз тарапынан арнайы уақыт бөлінуі қажет. Үйге берілген тапсырмалардың ішінде бірден оқып, үйренуге арналған шағын ән-күйлердің ұмытылмағаны абзал. Осындай ән-күйлерге оқушы өзінің аппликатурасын, қағыстарын қайтып орындаса, әрі қызықты, әрі әсерлі болары сөзсіз.

Домбыра үйрету әдістері

Бұл жинақ  Домбыра өнері сұранысының үйрету бағыттарының, сұраныстың әр қилы болуына байланысты үш арнада қарастырылды.

  1. Домбыраны сан жүйесімен үйрету. Домбыраны үйрнеуді ниет еткен, рухани тектілігі, таудай талабы бар жандарға сан жүйесімен үйрету. Есте сақтау қабілеті қалыптаспаған үйренушіге тиімді әдіс. Бұл тез үйренумен қатар нота сауатын қажетсінбейтін домбырашыға арналады. Сонымен қатар жас балаларға үйрету кезеңінде нота уақыт алады.
  2. Құйма-құлақ бұл дәстүрлі күй үйрету мектебі. Құйма — құлақ әдісі жалпы домбыра үйрету мектебінің өзегі. Бұл қасиет музыка маманының әрқайсысында болу шарт, көбінесе табиғаттан беріледі.Құйма –құлақ әдісін ғасырлық тарихы бар. Ол заманда да, қазірде күй ғұмыр боп өскен ауыл баласы құлақпен қабылдаған, қолын қойып ешкім үйретпеген. Үйрету әдісінің қиыны , бірақ ең тиімдісі.
  3. Кәсіби,нота сауаты. Домбырашы мамандығын қалаған әрбір азаматтың үйрену жолы. Музыка мектептерінің ұстанар бағыты, дәстүрлі құйма-құлақ әдісі нота сауаты мен қатар жүргізіледі. Әдістердің қайсысы болса да ешбір маманға кедергі келтірмейді. Кәсіби жүйе үшін нотамен үйренту қажет.

 

Домбырада  қолданылатын негізгі қағыстардың түрлері

Домбырада қолданылатын қандай қағыстың түрі болмасын, бәрі дерлік дыбыс шығарудың тәсілдері болып есептелінеді. Домбырадағы қағыстардың өзіндік атаулары бар. Мысалы: төмен және жоғары қағылатын қағыс «алма кезек» (немесе «қара қағыс») қағыс, тұтып ойнайтын қағыс «тұтпа қағыс» деп аталады. Қағылу мінезіне байланысты қағыстардың көптеген аттары кезігеді. Мысалы, «ілме қағыс», «сипай қағыс», «түйдек қағыс», «түрікпен қағыс», «бөгеме қағыс»т.с.с

Домбырада қағыстарды қағылу бағытына қарай белгілейді. Төмен бағыттағы П – белгісімен, ал жоғары қағылғаны V– деп белгіленеді. Қағыстардың сан түрі осы екі белгі арқылы белгіленіп, әр күйдің басында көрсетіледі. Мысалы: пvv;ппv; ппvv;пvvv… .

Домбырада күрделі шығармаларды орындауға байланысты классикалық аспаптардан алынған қағыс түрлері де қолданылады. Олар жалпы «штрихтар» деп аталынып, бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, пицикато, тремоло, қос тремоло т.с.с.

Дара ішекте сұқ саусақпен төмен-жоғары бағытта немесе бас бармақпен төмен қағылатын әдісті «пицикато» деп атайды.

Осы өте жиі алынған түрін «тремоло» деп атайды, ал ноталарды үзбей, жалғастырып орындау үшін қолданылады. Бұл әдіс білезік буынның көмегімен қос ішекте де орындалады.

Шығармадағы әр нотаны бөліп-бөліп қысқа тремоломен орындалуы – деташе штрихы деп атайды. Домбырада қолданылатын әдістердің ішінде акцент, глиссандо, стаккато, портаменто сияқты штрихтар да бар.

 Акцент – көрсетілген дыбысты жеке, бөліп (салмақ түсіре) орындауды берілсе, глиссандо – екі нотаның арасын тремоло арқылы жалғастыра, домбыра сабымен жылжыта ойнауды көрсетеді. Стаккато – дыбысты өте қысқа, бөліп-бөліп орындауды көрсетсе, ал, портаменто – дыбыстардың арасын үзбей, сол қолды көтермей орындау екрек екенін білдіреді.

Домбырашының оң қол шеберлігі осы әдістерді меңгеруге байланысты болады. Оңай қағыстан күрделі қағыстарға қарай біртіндеп жаттығу керек. Оң қол шеберлігін арттыру үшін арнайы жаттығу, этюдтер қолданған жөн. Домбыра үнінің сапасы, дыбыс көркемдігі тікелей оң қол шеберлігіне де байланысты, сондықтан оқушы бұл әдістерге мұқият дайындалуы керек.

Оқушы шеберлігінің өсіп, даму жолдары

Ең дауапты да, қиын жұмыстың бірі оқушының сол қол саусақтарының шеберлік жылдамдығын өсіру. Бұл үшін күнбе-күнгі сабақта гамма, этюд, әртүрлі жаттығуларды пайдалану керек. Әр музыкант үшін қол жүгірту, жаттығу күнделікті әдетке айеалуы тиіс.

Жаттығулармен дайындық. Оқудың алғашқы кезеңінде арнаулы жаттығулармен міндетті түрде дайындалу керек, себебі, бұл жаттығуларсыз оқушы дұрыс дыбыс шығара білуді, қолдың буындарының дұрыс қозғалысын қалыптастыруды жақсы меңгере алмайды. Бір ескертетін жәй: оқушының сол қол буындарының бір қалыпты жылжып, ретпен қозғалысын қадағалау, гамма, арпеджиомен жаттығу техникалық өсудің бірден –бір жолы. Гамма және арпеджиомен жұмыс жасағында дыбыстың таалығына, құндылығына, ритмикалық дәлдігіне үлкен көңіл бөлген жөн.

         Мұғалімнің негізгі міндетінің бірі әрбір оқушының жеке оқу жоспарын жасау.ол баланың қабілет ерекшеліктеріне сәйкес күйлері мен пьесаларды дұрыс таңдап алуға негізделеді.Домбыраны ойнаудың осы күні екі орындаушылық дәстүрі бар: 1.күй орындау дәстүрі.2. фортепианоның сүйемелдеуімен ойналатын көркем шығармаларды ойнау дәстүрі. Оқушылардың орындау шеберліктерін арттыруға күй сипаты жаттығулардың, әр түрлі қағыстарға, гаммалар және арпеджиолар ойнаудың әсері мол. Оқушының үлгерімі, көбінесе, оның үйдегі дайындық жұмысының дұрыс ұйымдастыруына тікелей байланысты.

Бағдарламада оқу жоспарында көрсетілген көркемшығармалардың мазмұны, орындау әдістері әрдайым тиянақты талданып отырады, шеберлікті жетілдіретін түрлі жаттығулар гаммалар, т.б техникалық шығармалар біртіндеп,сатылап үйретіледі. Музыкалық сауатын кеңейтіп теориялық білімімен орындау мәдениетін қалыртастыра түседі. Оқушы орындайтын шығармаларды бірте-бірте күрделендіріп оларды кідіріс жасамай ойнайтындай  дәрежеге жетуі керек.