16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты салтанатты шараның бағдарламасы
16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған
«Тәуелсіздік толғауы» атты салтанатты шараның бағдарламасы
Шараның мақсаты: Елдігімізді, өткен тарихымызды дәріптеу, бірлігіміз бен ынтымағымызды әспеттеу, халықтың тәрбие тағылымын игерген, рухани бай, ел болашағын ойлайтын тұлға қалыптастыру, білім алушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.
Өткізілу барысы:
I бөлім.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы бейнеролик, колледж студенттерінен құралған хордың орындауында «Желтоқсан желі» тыңдалады.
I жүргізуші: Еске алсақ өткен сол күнді,
Желтоқсан боп жазылған алтынменен зор күнді.
Алапатпен басталып, ғаламат боп қалды ғой,
Ызғары да кеудемде, ұмытпа, халқым, ол күнді.
Жаңа ғана өздеріңіз көрген деректі фильм «мың өліп, мың тірілген» қазақтың өрімдей жастарының тоталитарлық жүйеге қарсы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына биыл 27 жыл толып отыр. Желтоқсан оқиғасы –жастар қозғалысы, болашаққа үміт артқан ұрпақ қозғалысы. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының күрескер халық екенін танытты,бостандық үшін жанын пида етуге даярлығын көрсетті. Ол бүкіл елдің өміріне әсер етті, ұлттық сананы өсірді, ұлттық рухты жандандырды. Сондықтан да өрімдей жастардың ерлігі тарих төрінен орын алып, қошеметке бөленуі – ел парызы. Бүгінгі жас өркен, мына біздер сол жастар ерлігіне мәңгі қарыздармыз.
II жүргізуші: Сегодня в будущее смотрим смело
И верим-все, что сделано не зря.
Но многое ,чего уже достигла,-
Когда—то начиналось с декабря!
II бөлім.
I жүргізуші: Армысыздар, ағайын! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт – тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және Қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз. Сондықтан бүгінгі салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
II жүргізуші: Добрый день, дорогие друзья, уважаемые преподаватели и гости праздника! Мы рады приветствовать Вас в нашем торжественном зале.
16 декабря наша Республика отмечает знаменательный праздник – День
Независимости!
Гимн ойналады.
II жүргізуші: 16 декабря весь наш народ Казахстана отмечает праздник «День независимости». Независимость — это политическая самостоятельность, отсутствие подчинённости. Это верно, страна самостоятельно решает трудные вопросы политического, экономического, социального направления.
I жүргізуші: Атыңнан айналайын егеменді ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын,Тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер!
Құттықтау сөз кезегі колледж директорына беріледі.
I жүргізуші: Отан… Атамекен… Атажұрт… Тарих… Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес біліп, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды. Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Ендігі кезекте бүгінгі таңдағы егемен еліміздің тәуелсіздік алғалы 22 жыл ішіндегі алған асулары мен биік белестері туралы колледж студенттерінің баяндамасын ден қоя тыңдалық.
II жүргізуші: Родина – это самое важное, самое дорогое и всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина. Под этим словом мы понимаем свою семью, свой прекрасный город, всю нашу огромную Республику Казахстан.
I жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Сахнаға «Құқық қорғау қызметі» мамандығының студенті Нұх Әйгерім шақырылады.
II жүргізуші: Казахстан – это имя народа,
Казахстан – это имя весны,
Казахстан – это имя свободы,
Казахстан – это солнечный свет,
Казахстан – это имя побед,
Казахстан – это крылья народа.
I жүргізуші: Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерінен құралған «Шашу» би тобының орындауында би «Әке толғауы».
I жүргізуші: Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық
«Адай» күйі. Орындайтын — шарамыздың қонағы Кубаев Бекнұр.
II жүргізуші: Более двадцати лет государственной независимости Казахстана — это годы упорного, напряженного труда по формированию новой политической и правовой системы, созданию демократических институтов и форм с учетом опыта высокоразвитых стран мира и особенностей собственного исторического развития. Неоценима в этом заслуга действующей Конституции, устанавливающие основополагающие принципы деятельности республики: общественное согласие и политическая стабильность, экономическое развитие на благо всего народа, казахстанский патриотизм, решение наиболее важных вопросов государственной жизни демократическими методами.
I жүргізуші: Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өтіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
Жұбан Молдағалиев «Мен-қазақпын».
Оқитын — Жақсығалиева Мөлдір
I жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, —деп Қасым Аманжолов
ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Ән-«Қазақтай ел қайда?» Орындайтын- кешіміздің қонағы, Шамекеев Асқар.
II жүргізуші: Моя страна, где солнце всходит
Растёт душистая полынь,
Где степь вся красками исходит,
И в ней душа и наша жизнь.
I жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ән — «Қазақстаным». Орындайтын-«Құқық қорғау қызметі»
Мамандығының студенті Сиражов Елжас.
II жүргізуші: Казахстан встал на новый путь развития, воплотил вековые мечты народа о свободе. И сегодня каждый гражданин Республики гордится
своей независимостью. Независимость нашей страны – это самое святое приобретение нашего народа.
I жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрін де айтам.
Ән: «Қазақ елі осындай» Орындайтын: Жақсығалиева Мөлдір
II жүргізуші: Наше знамя – независимость.
Наша цель – мир и благоденствие.
«В этом мире у нас есть лишь одна Родина. Это – Казахстан», — это слова Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева. Каждый человек, живущий на планете, испытывает чувство гордости за свой народ, за свою страну, свою землю и историю. И нам сегодня надо помнить о прошлом, знать настоящее, чтобы построить будущее. И мы призываем всех своих сверстников, всех молодых людей, посвятить себя служению Родине – Республике Казахстан.
Ән- «Қазақ елі». Орындайтын-«Аударма ісі» мамандығының студенті Жардемгалиева Лейла.
I жүргізуші: Тәуелсізбіз, іріміз, іргеліміз,
Көгіміз –нұр, көңіл — шат, гүл — жеріміз.
Өжеттікпен – сандаған жыл қайсарлықпен,
Бодандықтың тұманын түргелі біз.
Тәуелсіз ел төрінен мұнар тарап,
Болашаққа сеніммен ұлан қарап.
Желбіреген көгімде көк байрақтан,
Қыр қыраны келеді, Күн арқалап.
Барлықтарыңызды Тәуелсіздіктің 22 жылдығы мерекесімен құттықтаймыз!
Алдарыңызда колледж студенттерінен құралған
Хор — «Атамекен»
Қорытынды сөз
I жүргізуші: Осымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне арналған салтанатты шара аяқтала келді. Барлығыңызға да дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға қуаныш пен құт-береке, оқуда жетістік,еңбекте шығармашылық табыс тілейміз.Егемен еліміздің іргесі берік, жұртымыз тыныш болғай! Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Дәулетіміз шалқып, береке – бірлігіміз жараса берсін! Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
II жүргізуші: Мы, молодое поколение, — будущее Казахстана. Нам его строить и беречь, нам укреплять мир и дружбу между народами. Мы должны сохранить мир на древней и прекрасной казахстанской земле, это важнейшее условие нашего процветания!
Екеуі бірге: Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!