Білім беруді ақпараттандыра отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту жолдары

Білім беруді ақпараттандыра отырып оқушылардың  құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту жолдары

Тақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең  білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Осы міндетті басшылыққа ала отырып, бағдарламаның басты мақсаты – мектепті ақпараттандыру жұмысын жүйелеу болғандықтан:

— мектеп компьютерлермен жабдықталды;
— кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етілді;

— сыныптар интерактивті тақталармен жабдықталды;
-қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және объективтік-бағытталған бағдарламалар негізінде «Білімал» электрондық мектебі іске қосылды;

-қашықтықтан оқыту формасын оқушылар мен мұғалімдер кеңінен қолданылуда.

Бұл міндеттерді орындау үшін:

-мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жағдайлар жасалды;

-білім беру үдерісінде компьютерлік қолдау көрсету үшін мектептің ғылыми-әдістемелік және технологиялық базасын нығайтылды;

-мектеп сайты құрылып, қажетті бағдарламалармен, білім беру үдерісін жетілдіруге арналған ақпараттармен толықтырылуда;

-электрондық білім беру базасы құрылуда (тестер жинағы, білім сапасының көрсеткіштерінің жинағы, флипчарттар, көрнекіліктер жинағы, денсаулық көрсеткіштері, т.с.с.)

-оқушылардың шығармашылық жұмыстармен шұғылдануына, өз бетінше білім алуына көмек көрсететін ақпараттық жүйе жасақталуда;

-әдістемелік кабинеттер қажетті компьютерлік бағдарламалармен жабдықталды.

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 орта мектебі» КММ 2012-2013 оқу жылында  барлығы 97 мұғалім қызмет атқарады. Соның ішінде компьютерлік жүйе қондырғыларының стандарттық бағдарламаларымен барлығы да жұмыс атқара алады. Нақты айтсақ «Компьютерлік сауаттылық» курсын 60%  мұғалім оқып, сертификат алған. Мектебімізде интерактивті тақтамен 75%  мұғалім жұмыс атқара алады. Ал олардың 40 %  арнаулы «Интерактивті тақтаны пайдалану» курсынан өткен.

Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының  2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың өзекті бағыттарының бірі.

«Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауында Н.Ә.Назарбаев білім беру саласын реформалау және жаңғыртудың негізгі бағыттарын  ұсынды. Соның ішінде электрондық оқыту жүйесін енгізу және оны дамыту бағыты.

Осы бағдарламаның аясында  2011-2012 оқу жылында «Білімал»электрондық  мектеп жүйесі  енгізілді.

Мақсаты:

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру реcурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету

Міндеті:

Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау. Білім беруді жан-жақты дамыту, білім беру үрдісін басқару және оқытудың басты бөлімі-интернет пен АКТ(ақпараттық-коммуникациялық технологиялар).

Ақпараттандыру құралдарын қолдану педагогтардың қарқынды еңбегіне, сонымен бірге мектеп оқушыларын тиімді оқытуға нақты оң ықпалын тигізеді. АКТ-ны тәжірибеде қолдану үшін жалпы білім беруде педагогтарға тән болуы керек:

-жалпы педагогикалық дағдысы;

-ақпараттық және телекоммуникациялық технология құралдарын меңгеру дағдысы;

-оқушыларды оқыту барысында ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны қолдану дағдысы;

2010-2011 оқу жылыннан бастап «Білімал» электрондық мектеп өз жұмысын бастады. Жұмысты бастамас бұрын жылдық, айлық, апталық жоспарлар жасалып, бекітілді. Әр апталық жоспарларға қорытынды жасалып отырады.

Қазіргі таңда «Білімал» электронды мектепте 66 мұғалім, 957 оқушы  мен ата- ана тіркеліп өз жұмыстарын атқаруда.

Мектепте барлығы 111 компьютер бар.Олардың 13 — і кең жолақты интернет желісіне, 65 жергілікті желіге жалғанған. Әрбір кабинеттің интернетке шығу кестесі құрылып,  жауапты адамдары бекітілген. Мектептегі желілік орталыққа жалғанған компьютерлер «Білімал» сервер орталығымен тікелей жұмыс атқарады.

Барлық компьютерлер WINDOWS XP амалдық жүйемен жабдықталып, барлығында MS Office бағдарламасы орнатылған, антивирустық, архивтық бағдарламалар қойылып, желілік әкімші(Жуманбаева Ж.С.) мен программалаушы (Байсеркин Д) тексеру жұмыстарын жүргізіп, бағдарламаларды уақытында жаңартып отырады. Барлық мектеп оқушылары, мұғалімдері қауіпсіздік техника ережесімен таныстырылған. Әр сабаққа сәйкес өздерінің бағдарламалары мен электрондық оқулықтары орналастырылған және оларды мұғалімдер сабақта тиімді, нәтижелі пайдалануда. Мектептің жеке электрондық поштасы (school15balkhash@mail.ru) және мұғалімдер мен оқушылардың өздерінің пошталары бар. Мектептің өзінің жеке сайты www.balkash.gov. kz . Мектеп сайтына жауапты тұлғаларды бекіту туралы №111 бұйрыққа сәйкес ай сайын жауапты іс-шаралардың жоспары мен жауапты адамдары бекітіліп, уақытылы ақпараттар үш тілде сайтқа ақпараттар жіберіледі.

2011-2012 оқу жылында қалалық білім бөлімі мен StarSat фирмасының ұйымдастыруымен болған конкурста «Үздік интерактивті сайт» номинациясына ие болып, арнаулы марапаттаулармен марапатталдық.

2012-2013 жылының І жартысында қалалық мектептер арасында сайттар  жарысында  ІІ орынға ие болдық.

Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологияларды қолданудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп нақты көрсетілген.

Заман талабына сай білім беру – бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі  мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

Кез келген ғылымдарды оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар ауадай қажет. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін сабақтарында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзыреттілігін дамытуға болады.

Жаңа сабақты меңгерту барысында, сабақты бекіту кезеңінде, бастауыш сынып пәндерінде, физика, биология, география, математика, информатика пәндерінде ақпараттық технологиялардың барлық түрлері пайдаланылды. Соның ішінде атап кетсем интерактивті құралдардан: тақта, актив слейд, слайдтар, виртуальды зертханалық жұмыстар туралы электронды оқулықтар қолданылды. Мысалы, биологиядан Мендель заңдарының  электрондық оқулығы, химиядан визуалды зертханалық жұмыстар жинағын көрсек, физикадан құрастырылған тест жинақтарын, информатикадан электрондық кітаптар үлгілерін, слайд-фильмдерді көптеп көруге болады.

Алдыға қойылған мақсаттары мен мен міндеттеріне мектеп мұғалімдері инновациялық әрекетпен, қазіргі заман деңгейі бойынша, педагогикалық технологияларды шеберлікпен пайдаланып әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастырып, жүргізе алады.

Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам (2012 жыл 10 шілде) атты жолдауының 13-тапсырмасында: «2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептердегі оқу үдерісінде білім берудің интерактивті түрлерін пайдалануды кеңейтуді және он-лайн оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгізуді көздесін» деп атап көрсетті.Осы тапсырманы басшылыққа ала отырып  он-лайн оқытудың интерактивті түрлері оқу үдерісінде  кеңінен пайдаланылуда. Атап кетсем, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту 2011-2020 жылдарға арналаған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010-2011 оқу жылы қалалық дәстүрлі «Мектеп күні» мерекесінде Бейіндік оқытудың ресурстық орталығындағы (БОРО) тораптық мектептердің 11-сынып оқушыларына  алғашқы рет он-лайн режимінде қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып, физика пәнінен ҚарМУ оқытушысы интерактивті сабақ өткізді. Университет оқытушысы оқушылардың физикадан ҰБТ тапсырмаларында кездесетін қиындығы жоғары есептерді шығару жолдарын көрсетіп, оқушылармен ынтымақтаса отырып есептер шығарды. Ал түлектер болса өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, ҚарМУ– пен тікелей байланысқа шығу тиімділігіне тәнті болды.

Тарих пәні мұғалімі Аблайханов Б.М. 11 сыныпқа арналған «ХХ ғасырдағы Қазақстан» атты қалалық он-лайн сабақ жүргізсе,18-мамыр 2011 жылы біздің әлеуметтік серіктес «Гүлстан» Республикалық ғылыми танымдық журналымен биология пәні мұғалімі Бақытқызы П. «Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне әр ауылдық округте 20 мың ағаш егу дәстүрін насихаттау » тақырыбында Республикалық он-лайн сабақ өткізді. Республика бойынша барлығы 70 астам мектеп қатысып, пікір алмасты.

2012-2013 оқу жылында 1-қыркүйек «Білім күні» 10-11 сыныптар бірігіп қалалық «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз!» атты тәрбие сағатын мектеп директоры Қ.Ш.Дүбірбекова, сынып жетекшілер Б.Б.Ахтанова мен Ш.Ш.Сатенова он-лайн режимінде сабақ өткізді.

23-қазанда 3А сыныбында Мейірбекова А.С. әдебиеттік оқу пәнінен «Бостандық таңы атты» тақырыбында қалалық он-лайн сабақ жүргізіп, өз мақсатына жетті.

27-қарашада биология және өзін-өзі тану пәндері бірігіп кіріктірілген «Сезім мүшелерін қайталау» тақырыбында қалалық он-лайн сабақ өз мәнінде өткізді.

29-қарашада Елбасы күніне арналған «Елбасы – ұлт көшбасшысы» тақырыбында 9А сыныбында жас ұрпаққа президентіміздің  сан қырлы талант иесі, құдыретті тұлға екенін таныту мақсатында қалалық он-лайн сабақ өтті.

11- қаңтарда ағылшын тілі пәнінен мектепішілік он- лайн сабақты жас маман Баженова А.О. 5 сыныпта өткізді. Сабақ өз мақсатына жетті.

Мұғалімдер мен оқушыларға интернет арқылы сырттай білім беру ресурстарын қолдануға жағдай жасалынған. Олар ғылыми-практикалық конференциялар мен пәндік олимпиаларға қатысып, өз білімдерін шыңдауда.

Биылғы жылдың қыркүйек, қазан, қараша айларында өтен қазақстандық интернет олимпиадаға мұғалімдер мен оқушылар  қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, физика, химия, қазақ тілі пәндері бойынша қатысып, өз білімдерін сынады. Химия пәні мұғалімі Ахтанова Б.Б республикалық деңгейде ІІ орынға ие болды.

Мектеп 2010-2011 оқу жылында «Шексіз оқыту» бақдарламасына тіркеліп, қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып «101 технологияны»  меңгере бастады. Осы технология бойынша он-лайн режимінде вебинарлар, конференцияларға қатысып, әдіс алмасуда.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі кітапхананың жұмыс жүйесін ақпараттандыру. Қазіргі таңда кітапхана жұмысын ақпараттандыру сапалы білім берудегі ең негізгі сала болып табылады. Қажетті ақпараттарды қайдан, қалай алуға болатынын, ақпарат аумағының көлемін, тиімділігін, сапасын білу үшін кітапхана жұмысына төмендегідей міндеттер қойылды:

-электрондық каталог жасау;

-электрондық оқулықтардың, сайттардың тізбесін жасақтау;

-кітапхана қызметін қолданушылардың электрондық деректер базасын жасақтау;

-оқу құралдарын беру процесін автоматтандыру;

-мектеп сайтының «мектеп кітапханасы» бөліміне кітапханаға түскен жаңа құралдар мен мұғалімдердің әдістемелік нұсқаулары, жаңалықтар туралы ақпараттар енгізіп отыру;

-кітапхана жұмысы туралы ақпараттар мен жетістіктері туралы ақпараттар мен бейне фильмдер жинақтау;

-мектеп кітапханасын ақпараттандырудың ұзақ мерзімді жоспарын жасақтап бекіту.

Осы міндеттерді ескере отырып, 2012-2013 оқу жылында қала мектептерінің арасында алғашқы болып мектеп кітапханасына 12 шілде 2012 жылы құны 385000 теңге тұратын «Кітапхана ісі» бағдарламасы орнатылып,  жұмыс жасалуда.Бағдарламаны орнатқан:  ТОО «KostanaySoft» фирмасы.

 

 

Бағдарлама 12    бөлім бойынша жұмыс жасайды. Олар:

Кітап қорын

Электрондық дискілердің қорын

Уақытша сақтау қорын

Әдістемелер қорын

Брощюралар қорын

Мерзімді басылымдардың тізімін

Жинақтың тізілімі                                         енгізу

Кітапханаға  жаңа түскен қорды

Қордың  шығу есебін

Басылымдарға тапсырыс  беруді

Кітапхана оқырмандары

Атаулы күндер  күнтізбесі

 

Бүгінде    кітап қорының 86,87 ғылым салалары бойынша  әдебиеттерді енгізу жұмысы жүргізілуде . Бағдарламаның осы күні 30 % орындалды.

Қорыта келгенде, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай  сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас қалыптасады. Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс – әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.  Заман талабына сай жаңа ақпараттық технология әдістерін үйрету, бағыт – бағдар беруші – Мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі

тиіс.Осы үрдіспен  бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін  ұмытпауымыз керек.