Ормандағы кірпілер
Тақырыбы: Ормандағы кірпілер
Мақсаты: 1.Балаларға ермексазды пайдаланып,кірпіні мүсіндеп үйрету.
2.Ой-өрісін,ойлау қабілетін,қол икемдерін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,жануарларды қорғауға,мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кірпінің суреті.
Керекті құрал:ермексаз,таяқшалар,тақтайшалар
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз ермексаздан орман кірпісін мүсіндеп үйренеміз!
V Жаңа сабақ
Жұмбақ: Үсті-басы түрпі
Тышқан аулар… (кірпі)
Балалар жұмбақтың жауабын айтуға көмектеседі.Балаларға орман жануарларын көрсетіп,әңгімелеу.Кірпінің мүсіндеу жолын көрсетіп,түсіндіру.
- Сұр түсті ермексазды домалақ қылып айналдырамыз.Біржақ шетін үшкірлеп кірпінің басы мен денесін шығарып аламыз.
2.Қара ермексаздан көзін,мұрынын жасаймыз.
3.Қара ермексаздан арқасындағы инелерін жасаймыз.
Сергіту сәті: Қуыр-қуыр қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әй-әй балақай
Жамандықтан қаш
VI Пысықтау
-Балалар кірпінің тұрі қандай болады ?
-Ол қайда өмір сүреді ?
-Күзде қандай азық жинайды ?
-Ол азықты қалай тасиды ?
VII Бекіту
Шығармашылық жұмыс: Балалар көрсетілген үлгімен кірпінің мүсінін жасайды.
VIII Бағалау
Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.