Табиғат әсемдігі
Тақырыбы: Табиғат әсемдігі
Мақсаты: 1.Балаларға табиғатты оның құбылыстарын айту,тірі және өлі табиғатты таныстыру
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту, табиғаттың сұлу көркіне қызығушылық сезімін арттыру .
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,серуендеу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз табиғат әсемдігін тамашалаймыз.
V Жаңа сабақ
Оразақын Асқардың «Суретші» деген өлеңін оқу.Бағыттаушы сұрақтар қою арқылы «тірі» және «өлі» табиғаттың өзара байланысын түсіндіру.Күзде-шөптің қурауы,жапырақтың түсуі.Қыста-айналаны аппақ қар жапқан ,өзенді мұз басқан. Көктемде-жер көгеріп,өзендер сылдырлап ағады.Жазда-айнала қызыл-жасыл гүл,аспан шайдай ашық.
Әңгімелеу барысында оқушылардың теңеулерді (эпитет) қолдана білуіне көңіл аударылады. Мәселен:Жаңбырлы күз,жомарт күз, алтын күз,жалтыр мұз,ұлпа қар,жасыл көктем,жайдарлы жаз т.б.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты орнына
Оңға қарады,солға қарады
Үлкен тау деп ойлады
Әліппе дәптермен жұмыс: Е.Өтетілеуовтың «Күз», «Қыс», «Көктем», «Жаз»-өлеңін оқып беру.
VI Пысықтау
-Балалар табиғат нешеге бөлінеді ?
-тірі табиғатқа не ні жатқызамыз ?
-өлі табиғатқа ше ?
VII Бекіту
Әңгімеден кейін балаларды далаға алып шығып,өсімдіктерге,құстарға бақылау жасау.Айналаға қарап табиғаттың ең көрікті жерін тамашалайды.Ол жерді неге ең көрікті жер екенін түсіндіреді.
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.